Екі жақты бұрыш. Геометрия, 11 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2А Кеңістіктегі перпендикулярлық

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі жақты бұрыш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.3.3 Жазықтықтар арасындағы бұрыш анықтамасын біледі (екі жақты бұрыш) сызбасын сала біледі, өлшемін есептейді;

Сабақ мақсаттары

Екі жақты бұрышты есептеп табуға арналған есептерді шығара алады.

Бағалау критерийлері

- Жазықтықтар арасындағы бұрыштардың ішінен екі жақты бұрышты, екі жақты бұрыштың сызықтық бұрышын тауып, есеп барысында қолданады;

- Екі жақты бұрышты есептеп табуға арналған есептерді шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Пән бойынша лексика және терминология

нүкте; түзу; жазықтық; кеңістік; кеңістіктегі параллелдік; кеңістіктегі перпендикулярлық; айқас түзулер; кеңістіктегі бұрыш; екіжақты бұрыш; фигуралардың параллель және ортогональ проекциялары; көпжақ; дұрыс көпжақ; көпжақтың қимасы; кеңістіктегі нүкте мен түзу арасындағы арақашықтық; нүкте мен жазықтық арасындағы арақашықтық; айқас түзулер арасындағы арақашықтық; кеңістіктегі нүктелердің геометриялық орны.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

егер түзудің екі нүктесі жазықтыққа тиісті болса, онда... ; екі жазықтық өзара параллель, егер... егер жазықтықтағы түзу көлбеуге перпендикуляр болса, онда ол.... берілген нүктеден берілген жазықтыққа түсірілген перпендикуляр деп... екі жазықтық арасындағы бұрыш деп... фигураның берілген жазықтыққа ортогональ проекциясы деп… дөңес көпжақтың әрбір жағы… дөңес көпжақтың қимасы деп … кеңістіктегі нүктеден түзуге дейінгі арақашықтық деп… кеңістіктегі нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтық деп… кеңістіктегі нүктелердің геометриялық орны …

Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

Пәнаралық байланыстар

Сызу, қазақ тілі

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану дағдысы

https://www.youtube.com/watch?v=DSym91reelc

https://www.youtube.com/watch?v=FzbN6Zaww6E

Бастапқы білім

Түзулер арасындағы бұрыш, параллель түзулер ұғымы, перпендикуляр түзулер, көлбеу және проекция туралы қғымдар және айқас түзулер арасындағы бұрыш.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың үй тапсырмасын тексеремін, сұрақтары туындаған жағдайда бірге талқылаймыз. Оқушыларға бағалау парағын таратамын. Сабақ соңында оқушылар бағалау парағымен бағаланады.

Сабақтың ортасы

Ұ

3 минут

ЖЖ

25 минут

Б

7 минут

Сұрақ-жауап:

1. Екі жазықтық арасындағы бұрыш деп нені айтады?

2. Екіжақты бұрыш деп қандай фигураны айтады?

3. Екіжақты бұрыштың жақтары деген не?

4. Екіжақты бұрыштың қыры деп нені айтады?

5. Екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы деп қандай бұрышты айтады?

6. Екіжақты бұрыштың өлшемі дегеніміз не?

7. Параллель немесе беттесетін жазықтықтар арасындағы бұрыш неге тең?

Жауаптары:

1. Қиылысатын екі жазықтық арасындағы бұрыш деп, олардың қиылысуынан пайда болған бұрыштардың кішісін айтады.

2. Екіжақты бұрыш деп ортақ бір түзумен шектелетін екі жарты жазықтықтан жасалған фигураны айтады. Жарты жазықтықтары.

3. Екіжақты бұрыштың жақтары деп атайды.

4. Ал оларды шектейтін түзуді қыры деп атайды.

5. Екіжақты бұрыштың қырына перпендикуляр жазықтық оны қиып өткенде пайда болатын бұрышты екіжақты бұрыштың сызықтық бұрышы деп аталады.

6. Екіжақты бұрыштың өлшемі деп, оның сызықтық бұрышының өлшемін айтады.

7. Параллель немесе беттесетін жазықтықтар арасындағы бұрыш нөлге тең деп қабылданады.

1. Қолдану

Бүгінгі сабақтың тақырыбымен, мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстыру

Деңгейлік тапсырмалар

А деңгейіндегі тапсырмалар

1 тапсырма

Градустық шамасы 60°-қа тең екіжақты бұрыш берілген. М нүктесі оның бір жағында жатады және екінші жағынан 18 см қашықтықта тұр. М нүктесінен екіжақты бұрыш қырына дейінгі қашықтықты табыңыз. Жауабы:12м

2 тапсырма

Екіжақты бұрыш 60°-қа тең. берілген. Екіжақты бұрыш қырының бойынан алынған М нүктесінен әр жақтарына екі перпендикуляр кесінді жүргізілген: МК=3,5 м және МN=1,2 м. К және N нүктелерінің арақашықтықтығын табыңыз?

Жауабы:

3 тапсырма

Егер ұзындығы 65 м эскалатор горизант жазықтықпен 42° бұрыш жасайтын болса, онда метростанция қанша тереңдікте орналасқан? Жауабы:44м

В деңгейіндегі тапсырмалар

1 тапсырма

О нүктесінен екі жақты бүрыштың жақтарына түсірілген өзара тең перпендикулярлардың ұзындығы 36 дм. Егер екі жақты бұрыштың градустық шамасы 120°-қа тең болса, онда О нүктесінен екіжақты бұрыш қырына дейінгі қашықтықты табыңыз? Жауабы:42дм

2 тапсырма

Сүйір екіжақты бұрыштың бір жағында жататын М және N нүктелерінен оның екінші жағына ММ1, NN1 және оның қырына ММ2,NN2 перпендикулярлары жүргізілген. ММ1=3см, ММ2=5см, NN1 =9см деп алып, NN2-нің ұзындығын есептеп табыңыз?

С деңгейіндегі тапсырмалар

1 тапсырма

Бұрыштық шамасы -ге тең екіжақты бұрыш қырынан А және В нүктелері алынған Осы нүктелерден әр түрлі жағына АС және ВD перпендикуляры жүргізілген. Егер АВ=а, АС=b, ВD=c болса, онда СD-ның ұзындығы неге тең?

2 тапсырма

МN кесіндісінің ұштары екі жақты бұрыштың жақтарына тірелген. Қырына дейінгі МК және NF қашықтықтары тең.

MNK=NMF екенін дәлелдеңіз.

Бағалау критерийлері бойынша кері байланыс жүргізу. Оқушыларға тапсырмалар бойынша ұпайларын қойғызу. Олардың өздерінен бағалау парағы бойынша кері байланыс жүргізу.

Бағалау

критерийлері

Дескриптор

Балл

А деңгейіндегі тапсырмалар

1 тапсырма

Сызбаны дұрыс салған

Тік бұрышты үшбұрышта бұрыштың синусын пайдаланған

Арақашықтық 12м

1

1

1

2 тапсырма

Сызбаны дұрыс салған

Косинустар теоремасын пайдаланған

Арақашықтық 3м

1

1

1

3 тапсырма

Сызбаны дұрыс салған

Тік бұрышты үшбұрышта бұрыштың синусын пайдаланған

Арақашықтық 44м

1

1

1

В деңгейіндегі тапсырмалар

1 тапсырма

Сызбаны дұрыс салған

Бір қабырғасы ортақ екі тең тік бұрышты үшбұрыш пайда болғанын анықтаған

 Екі жақты бұрыштың биссектрисасы екенін білген

Тік бұрышты үшбұрышта бұрыштың синусын пайдаланған

 Өлшемін дұрыс тапқан. 42дм

1

1

1

1

1

2 тапсырма

Сызбаны дұрыс салған

 Ұқсас екі тік бұрышты үшбұрыш пайда болғанын анықтаған

 Үшбұрыштардың ұқсастығын пайдаланған

 Өлшемін дұрыс тапқан 15 см

1

1

1

1

С деңгейіндегі тапсырмалар

1 тапсырма

Сызбаны дұрыс салған

 С төбесінен екінші жазықтыққа перпендикуляр түсіріп

 СА1=bsinтапқан

 BDA1B1

 B1А1D тік бұрышты үшбұрышын пайдаланып

СА1D тік бұрышты үшбұрышын пайдаланып CD2=A1C2+ A1D2 анықтайды

 

1

1

1

1

1

1

2 тапсырма

Сызбаны дұрыс салған

1

Толық дәлелдеген

4

Геометрия, 10-сынып Ж. Қайдасов, В. Гусев, Ә. Қағазбаева. 2006 ж.

Геометрия, 10-сынып Ж. Қайдасов, В. Гусев, Ә. Қағазбаева. 2006 ж.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс

2 минут

1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру.

2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды.

3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

4. Үйге тапсырма:

1 тапсырма.

Екіжақты бұрыш 45°-қа тең берілген. Екіжақты бұрыш D нүктесі қырынан 12 см қашықтықта орналасқан. D нүктесінен екінші жағына дейінгі қашықтықты есептеңдер.

Жауабы: 6м

2 тапсырма

https://www.youtube.com/watch?v=FzbN6Zaww6Eс сайтын қарап, көрсетілген алты есепті шығарып келу.

Геометрия, 10-сынып Ж. Қайдасов, В. Гусев, Ә. Қағазбаева. 2006 ж.

147 есеп

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік тапсырамалар кезінде оқушылардың қастарына барып тапсырмаларды орындауын бақылап, сұрақтары болса жеке жауап беріп бағыттап отырамын. Сызбаны дұрыс салун қадағалаймын. Жұмысты жылдам әрі дұрыс орындаған, жеке жұмысты толық әрі нақты орындаған оқушыларға дербес қолдау көрсетіп отырамын.

Тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағалаймын. А деңгейіндегі тапсырмаларды қатесіз бағалау критерийіне сай ұпайларын алған оқушылардың барлығы да бүгінгі сабақ мақсатына жеткенін, Ал В мен С деңгейіндегі тапсырмаларды орындаған оқушыларға ерекше мақтап барлығыңда сол деңгейге жетулеріңе мүмкіндік бар екенін айтып өтемін.

Сыныпта парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп орналастырылуына басты назар аударамын. Сызу және жазу құралдарымен қауіпсіз жұмыс жасау техникасын ескертемін

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу