Қайталау. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 2 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулар

Сабақтың тақырыбы: Қайталау. Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар

Оқыту мақсаты: Пифагор теоремасын меңгереді, тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі мәндерін қолданады.

Сабақтың түрі: Оқушылардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру.

Бастапқы білім: Тікбұрышты үшбұрыш, оның элементтерінің анықтамалары және тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері.

І. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде мұғалім оқушылармен амандасып, олардың сабаққа дайындығын қадағалайды.

Үй жұмысына берілген тапсырманың шешімін екі оқушы ауызша түсіндіріп айтады, басқа оқушылар өз жұмысын тексеріп, білімінің деңгейін анықтайды

  • Бір бұрышы екінші бұрышынан 500 –қа артық болатын параллелограмның бұрыштарын табыңыз.

Жауабы: 650,1150

2. Трапецияның орта сызығы 7см-ге тең, ал табандарының бірі екіншісінен 4см артық. Трапецияның табандарын табыңыз.

Жауабы: 5см, 9см.

ІІ. Оқушылардың білімін нақтылау мақсатында ауызша есептеулер орындалады.

Ауызша есептеулер

1. Тікбұрышты үшбұрыштың гипотенузасы мен катеті берілген. Екінші катетін табыңыз. Мұнда

Жауабы:

  • Теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір қабырғасы 17 см, ал табаны 16 см . Үшбұрыштың табанына түсірілген биіктігін табыңыз.

Жауабы: 15см

3. Ромбының диагоналдары 5 м және 12 м, оның қабырғасын табыңыз.

Жауабы: 6,5дм;

4. Тікбұрышты үшбұрыштың биіктігі гипотенузаны ұзындықтары 1 және 9 кесінділерге бөлсе, үшбұрыштың ауданын табыңыз.

Жауабы: 15

ІІІ. Оқушылардың білім және білік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сараланған тапсырмалар орындалады. Дайын сызба бойынша есептер шығарылады.

Тапсырманы оқушылар өздері өз деңгейіне байланысты таңдайды.

А деңгей. 1-9- тапсырмалар.

В деңгей. 10-16 - тапсырмалар.

С деңгей. 17-21- тапсырмалар.

Бағалау критерийлері:

-бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштарының қатыстары арқылы берілген анықтамаларын біледі;

-Пифагор теоремасын есептер шешуде қолдана алады;

-тікбұрышты үшбұрыштың тік бұрышының төбесінен гипотенузасына түсірілген биіктігінің қасиеттерін есептер шешуде қолдана алады.

Орындаған тапсырмасының шешуін сынып бөлмесінің әр қабырғасында ілінген шешімдермен салыстырады.

Оқушылар тапсырмаларды жеке орындайды, өзін-өзі бағалайды, жіберген қателерін мұғаліммен жеке талдап, талқылайды.

А деңгей

В деңгей

С деңгей

1

АВ=8; ВС=4

10

9,75

17

SQ=15,6

2

15

11

14

18

6

3

МР=27, PN=9

12

19

44

4

54

13

20

5

18

14

21

6

26

15

7

16

СВ=27, CD=9

8

9

AB=24, BC=12

Тексеру жұмыстарының қателіктерін талдау.

Оқушылардың көпшілігі игере алмаған тапсырмалар тақтада қарастырылады.

Қатемен жұмыс жүргізіліп, қажет жағдайларда бағалау жұмысының жауаптары мен нұсқаулықтарын қолданып, оқушыларға жеке көмек көрсетіледі.

ІV. Үй тапсырмасы.

  • Деңгейлік тапсырмалар орындау

Сабақта А деңгей және В деңгей таңдаған оқушыларға - С деңгей, С деңгей таңдаған оқушыларға – В деңгей тапсрымаларын орындау ұсынылады.

Кері байланыс

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстарды қолдануда өзіңізді енді суреттегі қандай адаммен сәйкестендіресіз?

Неліктен?

Стикерге нөмірі мен себебі қысқаша жазылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу