Төртбұрыштар. Есептер шығару. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар: Қайталау | Караганды қаласындағы ХББ НЗМ | |||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы | Төртбұрыштар. Есептер шығару. | |||
Cабақтың түрі | Білімді практикалық қолдану, жалпылау, қайталау сабағы | |||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.1.3 параллелограмм анықтамасын білу; 8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану; 8.1.1.5 параллелограмм белгілерін қорытып шығару және қолдану; 8.1.1.6 тіктөртбұрыш, ромб, шаршы анықтамаларын білу және олардың қасиеттері мен белгілерін қорытып шығару; 8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу; 8.1.1.13 трапецияның орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану. | |||
Сабақ мақсаттары | - төртбұрыштардың түрлерін, қасиеттерін қайталау; - төртбұрыштардың қасиеттерін есеп шығарғанда қолдану. | |||
Бағалау критерийлері | Оқушылар мақсатына жетті, егер: - параллелограммның анықтамасын және қасиеттерін біледі; - трапецияның анықтамасын, түрлерін, қасиеттерін біледі; - төртбұрыштардың қасиеттерін есеп шығарғанда қолданады. | |||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - фигуралар аудандарының формулаларын ауызша тұжырымдайды; - формулаларды түсінгенін тексеру үшін сұрақтарды тұжырымдайды; - есептердің шешімдерінің қадамын сипаттайды Бөлім бойынша лексика және терминология - ауданы, ұзындығы, ені; - периметр, жарты периметр; - жай фигура, жазық фигура; - тең шамалас, тең құрамдас, тең фигуралар; - көпбұрыш ауданы; - үшбұрыш ауданы; - төртбұрыш ауданы; - параллелограмм ауданы; - квадрат ауданы; - тіктөртбұрыш ауданы; - ромб ауданы; - трапеция ауданы; - Герон формуласы. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер үшбұрыш/квадрат/тіктөртбұрыш/параллелограмм/ромб/трапецияның ауданын анықтау үшін ... қажет - үшбұрыш ауданын есептеу үшін ... қажет - ... формуланы қолдану үшін ..... қажет. - егер квадраттың қабырғасын k есе қысқартса, онда ауданы … . | |||
Құндылықтарды дарыту | Ақпаратты дербес таңдауға және жіктеуге, ситуацияны талдауға, мәселелерді қою, шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, олардың жұмыс сапасына жауапты болуына, өз уақытын ұйымдастыруға қабілеттілігі. Топтар мен жұптардағы жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту, бір-біріне құрмет көрсету, сондай-ақ біреудің көзқарасын тыңдау мүмкіндігі дамиды Құндылықтарды қалыптастыру осы сабаққа жоспарланған жұмыс арқылы жүзеге асырылады. | |||
Пәнаралық байланыс | Архитектура, өнер, экономикамен байланыс қолданбалы міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады. | |||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақтаны бейленеу және жазу құралы ретінде қолдану | |||
Бастапқы білім | Оқушылар келесі анықтамаларды біледі: Көпбұрыштардың анықтамаларын, элементтерін, қасиеттерін біледі. (параллелограмм, квадрат, тіктөртбұрыш, ромб, трапеция); Көпбұрыштардың сыртқы және ішкі бұрыштардың қосындысын біледі. | |||
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың кезеңдері | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 2 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі Сабақтың басында мұғалім сабақтың тақырыбын жариялайды және оқушылармен бірге сабақтың мақсаттарын, студенттердің «жақын даму аймағын», бағалау критерийлерін анықтайды, сонымен қатар оқушыларды сабақ кезеңдерімен таныстырады. | Слайд 1-3 Слайд 4-10 Слайд 11 Қосымша 1 Слайд 12 -19 Қосымша 2 Слайд 20 Қосымша 3 | ||
Сабақтың ортасы 5 мин 18 мин 3 мин 10 мин 2 мин | 2. Бұрынғы білімдерін белсендіру Фронталды жұмыс Теориялық материалды қайталау, параллелограмм, квадрат, тіктөртбұрыш, ромб, трапецияның негізгі белгілері мен қасиеттерін қайталау. Мұғалім оқушыларға келесі сұрақтады қояды:
3. Топта есептерді шығару.Төртбұрыштар галактикасына саяхат.
Мұғалім оқушыларды 5 командаға бөледі, (бірнеше орындықтар мен парталар) планета- төртбұрыштардың атымен: параллелограмм, тіктөртбұрыш, квадрат, ромб, трапеция 5 жұмыс орнын дайындайды. Әрбір жұмыс зонасының үстелінде тиісті тақырыпқа сәйкес тапсырмалармен бес конверт бар. Мұғалімнің сөзі: Енді біз Төртбұрыштар галактикасына саяхатқа шығамыз және Параллелограмм, Тіктөртбұрыш, Квадрат, Ромб, Трапеция атаулары бар бес планетада тоқтаймыз. Планетаның деректерін зерттеу үшін әрбір экипаж конверттегі тапсырмаларды аяқтауы керек. Содан кейін тиісті жауап деректерін жинаңыз және сапар аяқталғаннан кейін оны галактика аралық конференцияда тексеріңіз. Топтағы оқушылар әр жұмыс зонасында мәселелерді шешеді, барлық «бағдар» бойынша сыныпты айналып өтіп, есептердің жауаптарын парақтарға жазады. Содан кейін олар өзара тексеріс жүргізіп, жауаптарын басқа топтардың оқушылардың жауаптарымен тексеріп, шешімнің барысын талқылайды. Мұғалі оқушылардың жұмыстары кезінде мұғалім қажет болған жағдайда көмектеседі, оқушыларға кеңес береді, оларды дұрыс әрекетке бағыттайды. «Параллелограмм» планетасы «Тіктөртбұрыш» планетасы «Квадрат» планетасы «Ромб» планетасы «Трапеция» планетасы 4. Логикалық сергіту. Кроссворд шешу. Оқушылар презентация слайдында берілген кроссвордтты шешеді. 5. Есеп шығару. Өздік жұмыс. Оқушылар өздері дербес есептерді шешеді, оларды дәптерлерге немесе парақтарда шешеді. Мұғалім оқушылардың жұмыстарын бақылайды, түсіндіреді, әрі қарай жұмыс жоспарлауға арналған ескертпелер жасайды. IV. Сабақты қорытындылау. Рефлексия. Оқушылар келесі сөздерді толықтырады: •Мен бүгін… білдім •Маған… қызық болды •Маған …қиын болды •Мен тапсырмаларды… орындадым •Енді мен… істей аламын Үй тапсырмасы. | |||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Деңгейлік тапсырма беру арқылы және өзін-өзі оқыту стратегиясын пайдалана отырып оқушылар арасындағы диффенциялық оқытуды жоспарлаймын | Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын. | Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан тұрады. Ұялы телефондарының қалтада емес, сөмкеде дыбыссыз режимде қоюларын айтамын.
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру