Параллелограмм мен ромбтың ауданы. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал, 4 сабақ.
Сабаққа әдістемелік нұсқаулық
Сабақ тақырыбы: «Параллелограмм мен ромбтың ауданы»
Оқу мақсаты
8.1.3.11
параллелограммның, ромбтың ауданы формулаларын қорытып шығару және қолдану;
Сабақтың мақсаттары
Оқушылар:
біледі:
- параллелограмм мен ромбтың ауданының формуласын.
қолана алады:
-параллелограмм мен ромб аудандарының формулаларын қорытып шығарады және есеп шығарғанда қолдана алады.
Сабақ барысы
Сабақтың басы (Слайд №1-3)
Ұйымдастыру кезеңі.
Тірек білімдерді белсендендіру
Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар слайд арқылы сабақтың тақырыбымен және оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.
Сабақтың ортасы
Жеке жұммыс (Қосымша 1)
Параллелограммның қасиеттеріне берілген тапсырмаларды орындау. Болғаннан соң оқушылар бірін бірі кілті бойынша тексереді.
Сыныппен жұмыс
Ромб ауданын табуға арналған формулалар.
Ромб – ол параллелограмм.
Ромб ауданын келесі формуламен табуға болады: SАВСD = ВС ∙ АS.
Тапсырма:
Ромб ауданын табыңыз, егер оның биіктігі 2,5 см, ал бір бұрышы ADC=30 болса.
Тікбұрышты үшбұрыштағы сүйір 30-тық бұрыштың қасиеті бойынша ромбының қабырғасын тауып алуға болады. Шешімі сызбада көрсетілген.
Ромбының ауданы оның екі көршілес қабырғаларыны мен олардың арасындағы бұрыштың синусына көбейтіндісіне тең.
Дәлеледеуі: ВН биіктігін AD қабырғасына түсіреміз. Гипотенузасы АВ және сүйір бұрышы А болатын АВН тік бұрышты үшбұрышын қарастыру.
Биіктікті табу: ВН.
BH =AB ∙ sin , себебі ол AD-ға түсірілген биіктік, онда параллелограммның ауданы:
S = AD ∙ BH S= AD ∙ AB∙ sin , яғни ромбының ауданы оның екі көршілес қабырғалары мен олардың арасындағы бұрыштың синусына көбейтіндісіне тең. ДКОЕ.
Тағы бір формула: – ромб ауданы оның диагональдарының көбейтіндісінің жартысына тең.
"Белсенді сынып әдісімен" дәлелдеу.
Топтық жұмыс. (Қосымша 2)
Оқушыларды әрдеңгейлі шағын топтарға бөлу. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін бекіту мақсатында «Қосымша 2» орындау.
Топ мүшелері топ басшысын тағайындайды. Мұғалім тек сырттай бақылаушы ролін атқарады.
Топ басшыларының айтуымен әр топтан әр есепті тақтада түсіндіріп көрсететін оқушыларды тағайындайды. Баланың жауап берудегі еңбегін өзге балалар бағалайды. Жауаптарын слайдтардан қарап тексереді. (Слайд № 8-12)
Сабақтың соңы
Рефлексия.
Мен не білемін ... Мен бүгін үйрендім …
Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …
Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …
Үй тапсырмасы. Формуланы қорытуды меңгеріп келу.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру