Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 3 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар

Мектеп: НЗМ Семей қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Чултуков Нартай Советханович

Класс: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.23 және бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі арасындағы байланыстарды білу және қолдану

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

  • және бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі арасындағы байланыстардың мәнін түсініп, оны қорытып шығара алу керек;
  • аталған байланыстарды қолданыпғ есептер шығара алу керек;
  • және бұрыштарының қасиеттерін басқа да дәлелдеулер үшін қолдана алу керек.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

біледі:

  • тригонометриялық функциялардың «туысқан бұрыштарының» мәндері тең екенін;
  • және бұрыштарының тригономтериялық теңдіктерін қорытып шығаруды;

қолдана алады:

  • және бұрыштарының тригономтериялық теңдіктерін дәлелдеуде;
  • және бұрыштарының тригономтериялық теңдіктерін есеп шығаруда;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • топта жұмыс істеу кезінде теориялық материалды ғылыми тілде негіздей алатын болады;
  • өзінің әрекетін сипаттап, қорытынды жасайтын болады;
  • ауызша өз жауабын ғылыми тілде еркін жеткізетін болады;

Пәндік лексика және терминология:

  • тік бұрышты үшбұрыш;
  • іргелес катет, қарсы катет, гипотенуза;
  • сүйір бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі, котангенсі, секансы, косекансы;

Құндылықтарды дарыту

Жұппен және топпен жұмыс жасау арқылы оқушылар өзін және өзгені құрметтеуді үйренеді. Оқушыларды ашықтыққа үйрету - оқушылардың өз деңгейлерін нақты бағалауды және оқу мақсаттарын қаншалықты игергендігін дәл айқындауды дағдыларын ұштайды.

 Пәнаралық байланыс

Практикалық тапсырмаларды орындау арқылы шынайы өмірмен байланыстыру.

Бастапқы білім

Пифагор теоремасы, тік бұрышты үшбұрыш, ондағы қарапайым тригонометриялық қатынастар

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

4 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Тірек білімдерді белсендендіру

Сабақты № 1 слайдтағы қайталау тапсырмасымен, яғни тестен бастаймыз. «Онлайн тест» арқылы өткенді бекітіп алып барып, жаңа сабаққа көшу.

Онлайн тест: https://www.mathopolis.com/questions/q.php?id=1494

№1 слайд

Сабақтың ортасы

6 минут

Ұжымдық жұмыс.

Оқушылар № 2-5 слайд арқылы сабақтың тақырыбымен және оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Тік бұрышты үшбұрыштағы тригонометриялық функциялардың сәйкес бұрыштардағы мәндерін қайталау.

және бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі арасындағы байланыстарды жіті түсіндіру.

Есептер шығаруға оқушыларды әзірлеу.

№ 2-5 слайд

№ 6, 7 слайд

Сабақтың ортасы

15 мин

Топтық жұмыс.

Сынып оқушыларын топтарға бөліп, олармен «Тригонометриялық функциялардың анықтамаларына» берілген есептерді шығару (Қосымша 1). Тік бұрышты үшбұрыштардың сүйір бұрыштары арасындағы байланысты көрсетіп, екі сүйір бұрыш бірін бірі 90 градусқа дейін толықтырса, оларды «туысқан бұрыштар» деп есте сақтаудың оңтайлы жолын ұсынып көріңіз.

Аталған қасиетке есептер шығару.

Қосымша 1

Тапсырма №1, 2

№ 8, 9 слайд

Сабақтың ортасы

13 мин

Жұппен жұмыс. Есептер шығару

Оқушылар жұптарға бөлініп, келесі (қосымша2) тапсырмаларын орындайды.

Дағдыларын дамыту кезеңінде сәйкестендіруге берілген тапсырманы ұсыну. Оқушыларға α және (900-α) бұрыштары синустарының, косинустарының, тангенстерінің және котангенстерінің тең мәндерін меңзер (бағыттаушы сызық) көмегімен байланыстыруды ұсыныңыз.

Қосымша 1

Тапсырма № 3

№ 10 слайд

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия.

Мен не білемін ... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …

Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …

Үй тапсырмасы. № 14 слайд дәлелдеуге есеп

Слайд №12

Слайд № 13

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта оқытудың саралау әдісі әрдеңгейлі тпотарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды.

Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың теоремаларды дәлелдеу барысында үшбұрыштардың теңдігін қолдану дағдылары да тексеріледі.

Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу