Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар

Мектеп: НЗМ Семей қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Чултуков Нартай Советханович

Класс: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.21 Пифагор теоремасын пайдаланып, формуласын қорытып шығару және есептер шешуде қолдану;

8.1.3.22 негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қорытып шығару және қолдану;

 Сабақтың мақсаттары

Оқушылар:

  • тригонометрияның ең негізгі теңбе-тедігінің мәнін түсініп, оны қорытып шығара алу керек;
  • негізгі теңбе-теңдікті қолданып есептер шығара алу керек;
  • негізгі теңбе-теңдікті басқа да дәлелдеулер үшін қолдана алу керек.

 Бағалау критерийлері

Оқушылар:

біледі:

  • негізгі тригонометриялық теңбе-теңдікті;
  • нгеізгі тригонометриялық теңбе-теңдікті қорытып шығаруды;

қолдана алады:

  • негізгі тригонометриялық теңбе-тедікті дәлелдеуде;
  • нгеізгі тригонометриялық теңбе-теңдікті есеп шығаруда;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • топта жұмыс істеу кезінде теориялық материалды ғылыми тілде негіздей алатын болады;
  • өзінің әрекетін сипаттап, қорытынды жасайтын болады;
  • ауызша өз жауабын ғылыми тілде еркін жеткізетін болады;

Пәндік лексика және терминология:

  • тік бұрышты үшбұрыш;
  • іргелес катет, қарсы катет, гипотенуза;
  • сүйір бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі, котангенсі, секансы, косекансы;

Құндылықтарды дарыту

Жұппен және топпен жұмыс жасау арқылы оқушылар өзін және өзгені құрметтеуді үйренеді. Оқушыларды ашықтыққа үйрету - оқушылардың өз деңгейлерін нақты бағалауды және оқу мақсаттарын қаншалықты игергендігін дәл айқындауды дағдыларын ұштайды.

 Пәнаралық байланыс

Практикалық тапсырмаларды орындау арқылы шынайы өмірмен байланыстыру.

Бастапқы білім

Пифагор теоремасы, тік бұрышты үшбұрыш, ондағы қарапайым тригонометриялық қатынастар

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Тірек білімдерді белсендендіру

Оқушылар №1-4 слайд арқылы сабақтың тақырыбымен және оқу мақсаттарымен таныстыру.

Сөйтіп, оқушылармен бірлесе отырып сабақ мақсатына сәйкес бағалау критерийлері және дамудың жақын аймағын айқындау.

№1-4 слайдтар

Сабақтың ортасы

8 минут

Ұжымдық жұмыс.

Үй тапсырмасын тексеру.

Өткенді тағы еске түсіру.

Қайталау. Өтілген тақырыптар бойынша негізгі теорияны еске түсіру.

Тік бұрышты үшбұрыштағы тригонометриялық функциялардың сәйкес бұрыштардағы мәндерін қайталау. Есептер шығаруға оқушыларды әзірлеу.

№5 слайд

№ 6, 7 слайд

Сабақтың ортасы

15 мин

Ұжымдық жұмыс. Есептер шығару

Сынып оқушыларымен бірлесе отырып «Негізгі тригонометриялық теңбе-теңдікті» қолданып шығарылатын дәлелдеу есептерін орындау.

Қосымша 1, тапсырма №1-7

№ 8, 9, 10 слайд

Сабақтың ортасы

13 мин

Жұппен жұмыс

Қосымша 3.

Оқушылар жұптарға бөлініп, келесі (қосымша2) тапсырмаларын орындайды.

Қосымша 2

Слайд № 11

Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия.

Мен не білемін ... Мен бүгін үйрендім …

Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым …

Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім …

Үй тапсырмасы. № 14 слайд дәлелдеуге есеп

Слайд №12

Слайд № 13

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта оқытудың саралау әдісі әрдеңгейлі тпотарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды.

Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың теоремаларды дәлелдеу барысында үшбұрыштардың теңдігін қолдану дағдылары да тексеріледі.

Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу