Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары, 7 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар | Мектеп: НЗМ Семей қаласы | ||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Чултуков Нартай Советханович | ||
Класс: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер | ||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.3.21 Пифагор теоремасын пайдаланып, формуласын қорытып шығару және есептер шешуде қолдану; 8.1.3.22 негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қорытып шығару және қолдану; 8.1.3.23 және бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі арасындағы байланыстарды білу және қолдану 8.1.3.24 , , және мәндерін олардың біреуінің 8.1.3.5 бұрышты оның синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің белгілі мәні бойынша салу; | ||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар:
| ||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: біледі:
қолдана алады:
| ||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәндік лексика және терминология:
| ||
Құндылықтарды дарыту | Жұппен және топпен жұмыс жасау арқылы оқушылар өзін және өзгені құрметтеуді үйренеді. Оқушыларды ашықтыққа үйрету - оқушылардың өз деңгейлерін нақты бағалауды және оқу мақсаттарын қаншалықты игергендігін дәл айқындауды дағдыларын ұштайды. | ||
Пәнаралық байланыс | Практикалық тапсырмаларды орындау арқылы шынайы өмірмен байланыстыру. | ||
Бастапқы білім | Пифагор теоремасы, тік бұрышты үшбұрыш, ондағы қарапайым тригонометриялық қатынастар | ||
Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 0 –8 минут | Ұйымдастыру кезеңі. Тірек білімдерді белсендендіру Үй тапсырмасын тексеру. Ауызша сұрақтар қою:
Сөйтіп, оқушылармен бірлесе отырып сабақ мақсатына сәйкес бағалау критерийлері және дамудың жақын аймағын айқындау. | №1-4 слайдтар | ||
Сабақтың ортасы 9-19 минут | Жұптық жұмыс. Пифагор теоремасының қолданысына практикалық тапсырмалар. Әрдеңгейлі жұптарды құрып, оларға №1 қосымша бойынша жұмыс жасауларын ұсыну. Оқушылар бірін бірі бағалауды жүзеге асырады. (Қосымша 1) | Қосымша 1 № 5 слайд | ||
Сабақтың ортасы 20-30 минут | Топтық жұмыс. Сыныптағы оқушыларды 4 - 6 құралған әрдеңгейлі топтарға біріктіру. Әр топқа қайталау ртінде sin2 + cos2 = 1 теңдігін қорытып шығарту, содан кейін барып «Негізгі тригонометриялық теңбе-теңдіктерге» есептер шығару.. Мұғалім жұмыстың орындалуын қадағалап, қиындықтар болған жағдайда көмектеседі. Сондай-ақ, мұғалім сабақ үстінде оқушылардың ойлануына және жұмысты саналы түрде орындауына жағдай жасайды. Әр топтың бір мүшесі дәлелдеуін тақтада оқушыларға көрсетеді. Мұғалім топтардың дәлелдемелерін тыңдайды, қажет жерлерін түзетеді. Топ басшысы өз тобындағы мүшелерді еңбегіне, қосқан үлесіне орай бағалайды. | Қосымша 2 № 6, 7 слайдтар | ||
Сабақтың ортасы 31 - 37 мин | Жекелеме жұмыс Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер формулалары жайлы білімдерін тексеру Оқушылардың білімдерін тексеру үшін жабық тест алу. Болғаннан кейін оқушықасында отырған баланың жұмысын тақтамен тексеріп, жинаған балын қояды. | Қосымша 3 Слайд № 8 Жауабы Слайд №9 | ||
Сабақтың соңы 38 – 40 мин | Рефлексия. Мен не білемін ... Мен бүгін үйрендім … Мен не істей аламын ... Мен үйреніп алдым … Мен енді ... қабілеттімін. Мен түсіндім … Үй тапсырмасы. Қосымша 4 | Слайд №10 Слайд № 11 Қосымша 4 | ||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Сабақта оқытудың саралау әдісі әрдеңгейлі тпотарға бөлу арқылы көрініс табады. Оқушылар жұппен жұмыс жасау кезінде тапсырмаларды күрделілік деңгейіне байлынысты өздері таңдайды. | Теориялық білімдерін бағалау кезінде оқушылар өзін өзі тексеру әдісін қолданады, сонымен бірге өздік жұмыстарын тексеруде бірін бірі бағалайды. Топтық жұмыс кезінде оқушылардың теоремаларды дәлелдеу барысында үшбұрыштардың теңдігін қолдану дағдылары да тексеріледі. | Сабақ барысында сызу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелерін қадағалау. Оқушылардың тік отыруын қадағалау. | ||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру