Бұйымды әзірлеу. Әрлеу. Көркем еңбек (ұлдар), 9 сынып, сабақ жоспары.


Көркем еңбек пәнінің сабақ жоспары.

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Бөлім 3 А Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9-сынып (ұлдар).

Қатысқандар саны:

Қатыспағандр саны:

Сабақтың тақырыбы

Бұйымды әзірлеу. Әрлеу. 2сағат.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.2.1 Материалдарды өңдеуге арналған заманауи технологиялық машиналарды өз бетінше таңдап, анықтау және қолдану

9.2.3.1 Бұйым дайындау барысында материалдарды өңдеу мен безендірудің ұтымды тәсілдерін анықтау, таңдау мен қолдану

9.2.3.2 Сенімділік пен дербестігін көрсете, әртүрлі техникаларды, конструкция түрлері мен заманауи материалдарды қолдана отырып ерекше күрделі бұйым жасау

9.2.6.1 Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

9.2.6.2

Белгілі бір бұйым мен жұмыс түріне арналған техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық құру

 Сабақ мақсаттары

Бұйым дайындау барысында материалдарды өңдеу мен безендірудің ұтымды тәсілдерін анықтау, таңдау мен қолдану

Әртүрлі техникаларды, конструкция түрлері мен заманауи материалдарды қолдана отырып ерекше күрделі бұйым жасау

Белгілі бір бұйым мен жұмыс түріне арналған техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық құру

Бағалау критерийлері

Бұйым жасауға арналған материалдарды таңдай алады және өңдей біледі.

Түрлі техникаларды, конструкция түрлері мен заманауи материалдарды қолдана отырып күрделі бұйым жасай алады.

Белгілі бір бұйым мен жұмыс түріне арналған техника қауіпсіздігі бойынша нұсқаулық құра біледі.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

Жихаздың әзірлену жолдарын түсіндіреді;

Тұтынушылардың қажеттілігін анықтап, жихазды әрлеудің жұмыстарын орындай алады.

Пәндік тіл және терминология:

Ағаш, ДСП, ЛДСП, МДФ, пластик,модуль, трансформер және т.б

Диалогқа/жазбаға қажетті тіркестер: Мен бұны ... материалдан жасалғанын білдім.

Мен ... пайдалы жақтарын білемін.

Бұл бұйым ... ерекшеліктерден тұрады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Сыныптастарының пікірлерімен санаса білу. Мектеп және қоғам ережелерін, заңдылықтарын және құндылықтарын құрметтеу.

Қарым-қатынастағы адалдық, әділдік және ашықтық.

 Пәнаралық байланыстар

Мәдениет, салт, дәстүр, ғұрыпқа байланысты тарих, сызу сияқты пәндермен тығыз байланыста болады.

 АКТ қолдану дағдылары

Сәндік қолданбалы өнер соның ішінде трансформаланатын балалар жиһазының конструкциялық ерекшеліктері мен түрлерін зерттеуде АКТ қолданады .

Бастапқы білім

Жиһаз дайындауға арналған технологиялық құжатты дайындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды орналастыру, амандасу.

Интерактив тақтасында сабақтың тақырыбын, мақсатын көрсету.

Сабақтың бастапқы бөлімінде өткен тақырыптарға, технологиялық карта туралы білімдеріне шолу жасау.

Картон, пластик, сым темір, қалдық материалдар,

Карандаштар, сызғыштар, шеңберсызар, өшіргіш.

Сабақтың ортасы

Оқушылармен жиһаз дайындау кезеңдерін талқылау:

Жоспар мыналарды қамтыйды:

Топ арасында жұмысты бөліп алу;

Уақытты бөлу;

Жиһаз дайындауға қажетті материалдардың тізімі;

Құралдардың тізімі;

Құрамдас бөлшектер тізімі;

Жобаны орындау кезеңдері.

Оқушылар жиһаз дайындау кезеңдерін құруда мына сұрақтарды ескереді;

Сіздер материалдарды қалай бекітесіздер?

Сіздер қосалқы бөлшекті қалай құрасыздар?

Сіздердің бұйымдарыңыздың эстетикалық шешімі қандай?

Сіздер жұмыс орнын қалай дайындайсыздар?

Құралдармен жұмыс жасау кезіңде техника қауіпсіздігін сақтау не үшін керек?

Тапсырма.

Белгілі жұмыс түріне орай әрбір топ өздерінің техника қауіпсіздігін құрастырып жазады.

Тапсырманы орындап болғаннан кейін басқа топпен нұсқаулықтарын ауыстырып, талдайды және өздерінің ұсыныстарын білдіреді.

Оқушылар технологиялық картаға сай жиһаз дайындау үшін құралдарды және материалдарды дайындауға кіріседі.

Орындау кезеңдері:

1.технологиялық картаға сай дайындамаға өлшемдер түсіру;

2. дайындаманы дұрыс аралау;

3.Дайындамаға алғашқы өңдеу жұмыстарын орындау;

4.Дайындамаға соңғы өңдеу жұмыстарын орындау;

Өңдеу жұмыстарынан кейін соңғы өлшем бірліктерін қойып тексеру. Алдағы уақытта қателіктер кездеспеу үшін.

Оқушылар құрылған жоспарға сәйкес жиһаз бөлшектерін біріктіруге кіріседі.

Жобаны орындау кезеңдері:

1.Жиһаз элементтерін бекітетін орынды белгілеу.

2.Бөлшектерді құру.

Жиһаздарды құрып болғаннан кейін тестілеуден өткізу. Кемшіліктер пайда болған жағдайда оны жойу.

Бұйымды дайындау. Әрлеу.

Талқылау сұрақтары:

Жиһазды сәндеу және әрлеу не үшін қажет?

Жиһазды безендіру және дизайн рөлін талқылаңыз: түстін ықпалы, тұтынушыларға арналған пішіні және сапасы, қажеттілігі, нарықтағы сұранысы.

Безендіруге арналған негізгі аспектілер:

Пішіннің нақтылығы;

Үйлесімді композицияның қағидалары (қабылдау тұтастығы, түсі, қарама-қарсылық түстер, акцент);

Ұқыптылықпен орындау;

Функционалды талаптарға сай болу.

Зерттеңіз:

Тұтынушылардың жас ерекшелігіне және дизайн үйлесімділігі сай келеді ме?;

Жас ерекшеліке қарай түстік шешімдер тартымды ма?

Тәжірбиелік жұмыс.

Ойластырған нобайы бойынша шығармашылық жұмысын жасап шығару. Жұмысты аяқтағаннан кейін, жиһаздың дизайны мен сапасы критерийге сәйкес келетіндігі туралы талқылау (өзін- өзі бағалау).

Қайшы, кеңсе пышағы, желім.

Тістеуік, бұрағыш, қол ара және жиһаз дайындауға қажетті құралдар т.б.

Түрлі пішіндегі және текстурадағы қағаздар.

ДСП, МДФ, тақтайлар және т.б.

Технология сабағындағы еңбекті қорғау туралы нұсқаулық. (үлдар). https://infourok.ru/instrukcii-po-ohrane-truda-na-urokah-tehnologii-malchiki-1175705.html

Жиһазды жинау.

Жиһаздарды біріктіру туралы.

https://www.youtube.com/watch?v=WJkuwI3dDYc

Үстел үсті бетінің жиектемесіне жиектеме жабыстыру:

https://www.youtube.com/watch?v=X5qw-vRLB1k

Үстелді әрлеу: https://www.youtube.com/watch?v=s499WvObdmI

Материалдар арқылы үстелді әрлеу: https://www.youtube.com/watch?v=1gUkLzGwzkA

Шеберлік сыныбы. Формагран материалы арқылы пішіндерді жасау: https://www.youtube.com/watch?v=Mxq1Au1a9Cw

Сабақтың соңы

Дайын бұйымға кері байланыс алу мақсатында басқа топқа тестілеуге ұсыныну.

Дайын өнімге пікір жазу. Жақсы тұстарын және жетілдіретін тұстарын көрсету.

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік

техникасының

сақталуы

Оқушылар жұмыстың қиын немесе барынша жеңіл түрлерін қарым-қабілнетіне қарай таңдай алады. Берілген ресурс бойынша талдап, сұрақтарға жауап береді.

.

Өздерінің және басқалардың жұмыстарын талдайды.

Топтың бағалауы.

Қайшы, кеңсе пышағы, бояу түрлері, желім т.б. заттар мен материалдарды қолданып жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын міндеттеу қажет.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу