Модельдерді жинау және әрлеу. Көркем еңбек (ұлдар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

3 Бөлім: Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Модельдерді жинау және әрлеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.3.1

орындалған өлшем мен белгілеу негізінде бұйым дайындау үшін материалдарды электрлік қол құралдарымен өңдеу

6.2.3.2

ажырайтын және ажырамайтын біріктіру әдістерін қолданып, бірнеше бөлшектерден тұратын бұйым жасау

 Сабақ мақсаттары

  • Көлік моделінің бөлшектерін жинақтау үшін материалдар мен құралдарды қолдану жөнінде түсініктерін көрсету.

 Бағалау критерийлері

  • Бөлшектерді біріктіру үшін материалдардың түрлерін біледі;
  • Олардың функционалдық міндеті және оларды қолданудың ерекшеліктерін түсінеді;
  • Қозғалысқа келтірудің механизмдерін анықтайды және суреттейді.

 Тілдік мақсаттар

 

Әртүрлі көлік құралдарының өздеріне тән ерекшеліктерін сипаттайды.

Түсініктер: қозғалыс механизмі;

Жазу мен сөйлеуге қатысты пайдалы сөз тіркестері:

  • Бөлшектерді өзара байланыстыру барысында...

 Құндылықтарды дарыту

  • Бір-бірімен жұмыс істей алу;
  • Топта жұмыс істеуде шыншылдықты дәріптеу.

 Пәнаралық байланыстар

Бұл сабақта пәнаралық байланыст қарастырылмаған.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Информатика немесе робототехника үйірмелерінде робот түсінігімен таныс болуы мүмкін

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

1-2 мин

Ұйымдастыру кезеңі:

  • Өткен сабақты қайталау.

Сабақтың тақырыбы, сабақ мақсаты мен бағалау керитерийлерін анықтау.

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылармен бірге анықтаңыз.

Сабақтың ортасы

2-3 мин

Топтардағы жұмыс.

Тапсырма: көлік құралдарының бөлшектерін біріктіру сөзіне байланысты туындаған ассоциацияларды бөлек қағаздарға жазу.

Жазылған ассоциацияларға сәйкес топқа оқушылар жиналып, өз ойларымен бөліседі.

Жаңа материалды зерттеу.

Әрбір топ ақпарат алады. Оны зерттеп, өзге топтың мүшелерін таныстырады.

1 топ:

Желімдердің түрлері. әр түрлі материалдарды бір-бірімен байланыстыратын зат. Желім материалдардың беткі қабаты мен желімдік қабаттың арасында адгезиялық байланыс түзеді (қысқаша Адгезия). Желім құрамына әр түрлі толықтырғыштар, еріткіштер, стабилизаторлар, пластификаторлар, эластификаторлар, т.б. кіреді. Желім Органикалық зат органикалық және бейорганика бейорганикалық болып бөлінеді. Органикалық желімге табиғи желім және жасанды желім жатады.

2 топ:

Синтетикалық желімдердің түрлері.

Синтетикалық желім - құрамында синтетикалық мономерлер, олигомерлер және полимерлер, басқа элементтер бар композиция. Синтетикалық қоспалар мыналарды қамтуы мүмкін.

3 топ:

Бөлшектерді желімдеудің тәсілдері.

4 топ:

Желім фиксациясы.

Практикалық жұмыс.

Көлік құралы моделінің ағаштан жасалған бөлшектерін желім арқылы жинау.

Жұмысты орындау кезеңдері.

  • Өткен сабақтарда дайындалған бөлшектердің детальдарын дайындаңыз.
  • Струбциналарды дайындаңыз. Бұл желімделген бөлшектерді фиксациялау үшін қажетті.
  • Бөлшектердің желімдейтін тұсын шаңнан тазартыңыз.
  • Бөлшектерді біріктіретін тұсынан желімді жағыңыз.
  • Бөлімдерді біріктіріңіз.
  • Байланыстыратын тұстарын струбницалармен біріктіру.
  • Желімнің қалдықтарын бидай шүберекпен кетіру.
  • Бұйым толық кебуі үшін арнайы орынға апарыңыз.
  • Бұйымды жинақтау сапасын қадағалаңыз.

Желім, дайындама бөлшектері және т.б.

https://bricksexpert.ru/kk/adhesives-synthetic/

(желімдердің түрлері)

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар сұрақтарға жауап беріп, рефлексия өткізеді.

Кері байланысқа қажетті сөйлемдер тақтаға жазылады.

  • Мен бүгін білдім...
  • Қиын болды....
  • Қызықты болды....
  • Менің түсінгенім...
  • Мен енді жасай аламын....
  • Мен үйрендім...
  • Мен жасай алдым..
  • Мені таңқалдырғаны....

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

  • Бірін – бірі бағалау.
  • Сұрақтар қою.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу