Жұмыстың таныстырылымы. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 В - Бөлім Үй мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жұмыстың таныстырылымы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.1.1

Онлайн платформадағы ауқымды аудитория алдында дайын жұмыстарды қорғау және оны ұсыну (онлайн форумдар, әлеуметтік желілерде)

 Сабақ мақсаттары

  • Алдыңғы білімдерін қолданып, онлайн түрінде өздерінің шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін көршілік алдында таныстыру.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы

  • Өткен сабақта алған білімдеріне сүйеніп, өз жұмыстарының нәтижелерін кең аудитория алдында таныстырады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • Пәтерді жөндеуге және түсқағаздар желімдеудің әдіс тәсілдерін сипаттайды, талдайды;
  • Жөндеу жұмыстарында қолданған қажетті құралдар мен материалдарды және әдіс- тәсілдерді талдап сипаттайды;

Пәндік лексика және терминология:

  • Левкас - желіммен араластырған алебастр немесе бор- Levkas;
  • Штукатурка- сылақ- Plaster;
  • Декоративная штукатурка- сәндік сылақ- Decorative plaster;
  • Гибкий камень- иілгіш тас- Flexible stone;
  • «Жидкая» плитка- «Сұйық» плита- "Liquid" tile;
  • Тепловые обои- Жылы түсті түсқағаздар- Thermal wallpaper;
  • Древесный светопропускающий композит- жарық өткізгіш ағаш композит- Wood light transmitting composite;
  • Жидкие обои- Сұйық түсқағаз- Liquid wallpaper.

Сөйлемге қажетті сөз тіркестері:

  • Мен құрылыс материалды таңдаған себебім........................
  • Мен тұсқағазды....................... ...................... желімдедім.
  • Мен келесі құралдар мен ...........................
  • Берілген тұрмыс техникасының ерекшелігі................ болып табылады

 Құндылықтарды дарыту

Өзгелердің көзқарасын бағалау және сыйлау.

Оқушыларды жұппен және топпен жұмыс істеу қабілеттерін қалыптастыру.

Эстетикалық талғамдарын дамыту.

Оқушыларды жауапкершілікке және біріге жұмыс істеуге тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер, химия, технология пәндері бойынша пәндік теорияны қолдану

 АКТ қолдану дағдылары

Берілген сабақ барысында оқушылар қажетті ақпарат жинау үшін және зерттеу барысында, бейнематериал немесе презентация дайындауда АКТ дағдыларын қолдана алады.

Бастапқы білім

 Зерттеу жүргізе алады. Көркем материалдарды қолдана біледі. Оқушылар жұмыстарын таныстыра және талдай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың басында оқушылар назарын аударуға екпін жасау. Коллаборативті орта қалыптастыру.

«Комплимeнттeр бұрқacыны» әдіcі aрқылы ынтымaқтacтық aтмоcфeрacын құру. Бұл әдіcтің мaқcaты-бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaрып, бір-бірінe мeйірімділікпeн қaрaуғa тәрбиeлeу. Оқушылар сынып ішінде үлкен бір щеңбер құрып, өз қасында тұрған сыныптастарына комплимeнттeр aйтaды.

Мыcaлы : Ceн бүгін өтe әдіміcің...

Ceн мeйірімдіcің...

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

Сабақтың ортасы

10 минут

5 минут

15 минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты және бағалау критерийлерімен таныстырып болғаннан кейін, оқушылармен бірге «Экспресс» компаниясының жұмыс нәтижелері туралы бейнебаян көрсетемін.

Бейнебаян көріп болғаннан кейін сыныппен бірге талқылаймын.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Таныстырылымды қандай түрде өткізесіз

(слайд түрінде, бейнебаян, баяндама)?

  • Өзіңнің пәтер жөндеу тәжірибеңнен сыныптастарыңа қандай кеңес берер едің?
  • Сізге өз жұмысыңыз ұнады ма?
  • Тәжірибелік сабақтарда не үйрендіңіз және қандай қиындықтарды кездестірдіңіз?

Қажет болған жағдайда оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгіземін.

Талқылау жұмыстарынан кейін, оқушылармен бірге түсқағазды желімдеу әдісі арқылы жөндеу жұмыстары жүргізілген пәтерлердің суреттерін ұсынамын.

Тапсырма №1. Топтық жұмыс.

Оқушыларға өткен сабақта тәжірбиелік жұмыстар орындаған топпен бірге әрбір топтың жұмыстарын бағалауға арналған критерийлер құруды және басқа топ оқушыларымен бірге келісе отырып, тақтаға жазуды ұсынамын.

Жұмыстарын бағалау критерийлері мыналарды қамтуы мүмкін:

1.

2.

3.

4.

5.

Құрылған критерийлерді оқушылар келесі топтағы сыныптастарына ұсынып, талдайды. Қажет жағдайда өзгертулер мен толықтыруларды ұсынуға болады.

Тапсырма №2. Топтық жұмыс.

Өздерін құрған бағалау критерийлеріне сүйеніп, онлайн (постер, фотобейне, бейнебаян, презентация) түрінде өздерінің шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін көршілік алдында таныстыру. Мүмкіндік болса әлеуметтік желіні пайдалану ұсынылады.

Қосымша тапсырма3. Топтық жұмыс:

Келешекте қабырға жөндеп тұсқағаз желімдеу жұмыстарын жүргізетін оқушыларға кеңес пен пікірлерін жазу.

https://www.youtube.com/watch?v=wKEFI-XRtC4

"Ремонт Экспресса" бейне презентация

Ресурстар:

Ғаламтор желісі, маркер, ватман, карандаш, бояу түрлері және т.б.

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

2 stars and a wish «2 жұлдыз және бір тілек»

Екі жұлдыз - ұнайтын екі нәрсе (жұмыс бойынша);

  • Тілек – жұмысты жақсартуды қажет ететін ұсыныстар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

 Жұмыс барысында оқушылар түрлі іс шараларға қатысады. Қажет болған жағдайда мұғалім және басқа да оқушылар тарапынан қолдау қарастырылған.

 Топтық жұмыс қарастырылған.

 Топта ролдердің бөлінуі әрбір оқушының жұмысқа белсенді араласуын және өзара қолдау мен көмекті көздейді.

Бақылау,

Кері байланыс

Бағалау критерийлері

Жұмысын қорғау кезіндегі бағалау.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Құралдарды ұқыпты қолдана білу, жұмыс орнын бейімдеу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу