Жұмыстың таныстырылымы. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, дидактикалық материал.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Жұмыстың таныстырылымы» тақырыбына арналған сабақ «Үй мәдениеті» бөлімінің соңғы тақырыбы. Сол себепті осы бөлім бойынша игерген білімдерін кеңінен қолданаты болады. Сабақты өткізбес бұрын дидактикалық материалдарды оқып, түсініп алу ұсынылады. Қажет жағдайда сабаққа арнайы мамандарды шақыруға болады. Мамандар тәжірбиелік жұмыстың нәтижелерін сараптауға, бағалауға, қолдау көрсетуге, келесі жолы кейбір қателіктерді болдырмаудың жолын көрсетуге көмектеседі.

Сабақ алдыңғы білімдерін қолдану дағдысына негізделген. Коллаборативті орта қалыптастыру үшін сабақты шағын «комплименттер бұрқасыны» ойынмен бастау ұсынылады. Бұл әдіcтің мaқcaты-бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaртуға көмектеседі.

Сабақ барысы

Презентация:....

Сабақтың бастапқы бөлімінде оқушыларға сабақтың тақырыбың, мақсатын, бағалау критерийлері мен тілдік мақсаттарды таныстыру ұсынылады.

Келесі кезеңде оқушыларға «"Ремонт Экспресса" бейне презентация» туралы бейнебаян көрсету ұсынылады. Көріп болғаннан кейін оқушыларға тақырыпқа сай талдау сұрақтарын қойыңыз. Қажет болған жағдайда оқушылардың жауаптарына толықтырулар енгізіңіз.

Талқылау жұмыстарынан кейін, оқушылармен бірге түсқағазды желімдеу әдісі арқылы жөндеу жұмыстары жүргізілген пәтерлердің фотосуреттерін көрсету ұсынылады. Қажет жағдайда өзіңіз көрсетуге болады.

Тапсырма №1. Топтық жұмыс.

Бұл тапсырмада оқышыларға өткен сабақтарда бөлінген топ бойынша жұмыстарын жалғастыруды ұсыныңыз. Тапсырманы орындамас бұрын алдымен түсіндіріп кетіңіз. Яғни, топпен бірге әрбір топтың жұмыстарын бағалауға арналған критерийлер құруды және басқа топ оқушыларымен бірге келісе отырып, тақтаға жазуды ұсыныңыз.

Тапсырма №2. Топтық жұмыс.

Бұл тапсырмада оқушылар өздері құрған бағалау критерийлеріне сүйеніп, онлайн (постер, фотобейне, бейнебаян, презентация) түрінде өздерінің шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін көршілік алдында таныстыруды тапсырыңыз. Мүмкіндік болса әлеуметтік желіні пайдалану ұсынылады. Әлеуметтік, ғаламтор желілеріне қол жеткіліксіз болған жағдайда постер түрінде фотосуретері бар жұмыс кезеңдері мен жазбаша есеп түрінде дайындауды ұсыныңыз.

Ескерту: Егерде арнайы ақпарат құралдары болмаған жағдайда жұмысты топта орындау барысында ұялы телефондарынан ғаламтор ресурстарды пайдалануды ұсыныңыз.

Уақыт жеткілікті болған жағдайда, қосымша топтық тапсырма беруге болады. Тапсырмада оқушылар болашақта қабырға жөндеп, тұсқағаз желімдеу жұмыстарын жүргізетін оқушыларға кеңес пен пікірлерін жазып қалдыруларын ұсынуға болады.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі қолданылады.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу