Агротехнологияның дамуындағы ғылымның рөлі. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Агротехнологияның дамуындағы ғылымның рөлі» тақырыбына арналған сабақ «Үй мәдениеті» бөлімінің алғашқы тақырыбы. Сол себепті осы бөлім тақырыптарын бастамас бұрын оқушылар ауылшаруашылығы, тұрмыстық заттар және бөлме жөндеу жұмыстарын жан- жақты қарастырады. Бұл сабақта агротехника мен ауылшаруашылығына байланысты материалдарды қарастыратын боламыз.

Сабақ зерттеу дағдысына негізделген. Психологиялық орта қалыптастыру үшін сабақты шағын ойынмен (би) бастау ұсынылады. Бұл әдіcтің мaқcaты-бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaрту. Осы әдістен кейін оқушыларды түрлі- түсті кәртішкелер арқылы төрт топқа бөлу ұсынылады.

Сабақ барысы

Презентация:....

Миға шабуыл жасау үшін оқушылардан «ауыл шаруашылығының адамзат өміріндегі рөлі» туралы алдыңғы білімдерін тексеру мақсатында сұрақ- жауап арқылы диалогтік оқыту әдісін қолдану ұсынылады. Қажет болған жағдайда оқушылардың жауаптарын түзетіңіз және толықтырыңыз.

Оқушыларға сабақтың тақырыбың, мақсатын, бағалау критерийлерін таныстырып болғаннан кейін тақырыпқа сәйкес бейнебаян көрсету ұсынылады.

«Тамшылатып суару технологиясының тиімділігі бейнебаяның көрсетуге болады» деген бейнебаян. Көріп болғаннан кейін оқушыларға сұрақ- жауап қойыңыз.

Оқушыларға агротехника, агротехниканың мақсатын, агротехника шаралары, ауыл шаруашылығы ғылымдары туралы ақпараттар беріледі. Сабақтың алғашқы бөлімінде топқа бөлген оқушыларға түс бойынша кәртішкелерді таратып беріп, тәжірбиелік жұмыс орыдауды ұсыныңыз.

Ескерту: Егерде арнайы ақпарат құралдары болмаған жағдайда жұмысты топта орындау барысында ұялы телефондарынан ғаламтор ресурстарды пайдалануды ұсыныңыз.

Топтық жұмыс.

Оқушыларға ғаламтор ресурстарын пайдалана отырып, ауыл шаруашылық өндірісінің дамуына физика, химия, биология және басқа да ғылымдардың қосатын үлестері туралы анықтап, бүкіл сынып алдында таныстырылым (постер) жасауды ұсыныңыз. Бұл тапсырмаға 15 минут уақыт берсеңіз болады. Уақыт соңында өз жұмыс нәтижелерін сыныппен бөліседі.

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Жапсырма» әдісі қолданылады.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу