![]() |
|
![]() |
Агротехнологияның дамуындағы ғылымның рөлі. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, презентация.
Топқа бөлу
Ауыл шаруашылығының адамзат өміріндегі рөлі
Ауыл шаруашылығы өнімін сіз қалай түсінесіз?
Қала тұрғындарының өмірінде ауыл шаруашылығы өнімдері қандай рөл атқарады?
Ауыл шаруашылығының дамуына қандай ғылымдар әсер етеді?
Сабақтың тақырыбы:
Агротехнологияның дамуындағы ғылымның
рөлі
4- Бөлім. Үй мәдениеті.
Сабақтың мақсаты:
Агротехнологияның дамуындағы ғылымның рөлін, ауылшаруашылық өндірісінің әдіс-тәсілдерін талқылау және бағалау барысында анықтау;
Агротехнологияның дамуындағы ғылымның рөлін анықтау мақсатында шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруды өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы)
Бағалау критерийлері:
Агротехнологияның дамуындағы ғылымның рөлін ауылшаруашылық өндірісінің әдіс-тәсілдерін талқылап, бағалау барысын анықтай алады;
Агротехнологияның дамуындағы ғылымның рөлін анықтау мақсатында шығармашылық идеяларды дамыту мен іске асыруды өз бетінше таңдаған ақпарат көздерін қолдану жолдарын біледі (оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану арқылы).
https://www.youtube.com/watch?v=2GYbD9wtV58
Бейнебаяннан не байқадыңыздар?
Олардың атқаратын жұмыс мақсаттары қандай?
Бұл технологияның басқа технологиялардан ерекшелігі неде?
Агротехника
ауыл шаруашылық дақылдарын егіп өсіру тәсілдерінің жүйесі
Агротехниканың мақсаты:
Топырақтың ылғалдылығын сақтау арқылы құнарлылығын арттыру, оны су мен жел эрозиясынан қорғау, сондай-ақ аз қаржы жұмсап ауыл шаруашылық дақылдарынан мол өнім алу
Агротехника шараларына:
ауыспалы егісті пайдалану,
топырақ өңдеу,
тыңайтқыш шашу,
тұқым әзірлеу,
тұқым дайындау,
егін егу,
егісті күту,
суару, ору, бастыру,
арамшөптерден, ауыл шаруашылық зиянкестерінен қорғау,
ауруларынан тазарту жатады
Ауыл шаруашылығы ғылымдары:
агрономия,
зоотехника,
егіншілік,
агрохимия,
ветеринария,
тұқымтану,
орман өсіру,
өсімдік өсіру.
Тәжірибелік жұмыс
Топта отырып, ауыл шаруашылық өндірісінің дамуына физика, химия, биология және басқа да ғылымдардың қосатын үлестері туралы анықтап, бүкіл сынып алдында таныстырылым (постер) жасаңыздар.
Бағалау критерийлері:
Агротехнологияның ғылымдары жан-жақты зерттелген;
постер креативті және эстетикалық талапқа сай жасалынған;
топтық жұмыс;
уақытты тиімді пайдаланады.
Рефлексия: Post-It «Жапсырмалар»
Стикерді (жапсырылатын қағаздар) кері байланыс алу үшін қолдану.
Сұрақтарға топпен немесе жеке жауап беріңіздер:
Не үйрендім?
Қайсысы оңай болды?
Қайсысы қиын болды?
Тағы не үйренгім келеді?
Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023