алу
👈 қаріп өлшемі 👉
қосу

Агротехнологияның дамуын өздігінен зерттеу. Көркем еңбек (ұлдар), 8 сынып, қосымша материал 2.


  Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

«Агротехнологияның дамуын өздігінен зерттеу» тақырыбына арналған сабақ «Үй мәдениеті» бөлімінің екінші тақырыбы. Сол себепті осы бөлім тақырыптарын бастамас бұрын оқушылар ауылшаруашылығы, тұрмыстық заттар және бөлме жөндеу жұмыстарын жан- жақты қарастырады. Бұл сабақта агротехника мен ауылшаруашылығына байланысты материалдарды қарастыратын боламыз.

Сабақ зерттеу дағдысына негізделген. Коллаборативті орта қалыптастыру үшін сабақты шағын «қызықты сұрақтар» ойынмен бастау ұсынылады. Бұл әдіcтің мaқcaты-бaлaлaрдың нaзaрын ортaғa aудaртуға және .

Сабақ барысы

Презентация:....

Миға шабуыл жасау үшін оқушылардан «топырақтың түрлі қасиеттері» туралы алдыңғы білімдерін тексеру мақсатында сұрақ- жауап арқылы диалогтік оқыту әдісін қолдану ұсынылады. Қажет болған жағдайда оқушылардың жауаптарын түзетіңіз және толықтырыңыз.

Оқушыларға сабақтың тақырыбың, мақсатын, бағалау критерийлерін таныстырып болғаннан кейін тақырыпқа сәйкес бейнебаян көрсету ұсынылады.

«Топырақтың сапасын анықтау» деген бейнебаян. Көріп болғаннан кейін оқушыларға сұрақ- жауап қойыңыз.

Оқушыларға топырақтың химиялық және физикалық қасиеттері туралы ақпараттар беріледі.

Оқушыларға топырақ жайлы мәлімет айтып болғаннан кейін, топырақтың қышқылдығын қалай анықтауға болатыны туралы бейнебаян көрсету ұсынылады. Тәжірбиелік жұмысты бастамас бұрын оқушыларды топқа бөліп алған жөн.

Ескерту: Егерде арнайы ақпарат құралдары болмаған жағдайда жұмысты топта орындау барысында ұялы телефондарынан ғаламтор ресурстарды пайдалануды ұсыныңыз.

Тапсырма №1.Топтық жұмыс.

Оқушыларға ғаламтор ресурстарын пайдалана отырып, өз өңірлеріндегі ауылшаруашылық аймағында қандай топырақ түрлері бар екенің анықтап, бүкіл сынып алдында таныстырылым (постер, презентация) жасауды ұсыныңыз. Бұл тапсырмаға 8 минут уақыт берсеңіз болады.

Тапсырма №2.Топтық жұмыс.

Топта отырып, топырақтың түрлерін және оларды қалай өңдеу жолдарын, өсімдіктерді отырғызу және күтіп баптаулар туралы сұрақтарды талқылауды ұсыныңыз. Бұл тапсырмаға 10 минут уақыт берсеңіз болады. Уақыт соңында өз жұмыс нәтижелерін сыныппен бөліседі

Бағалау арнайы бағалау критерийлері мен дискриптор көмегімен жүзеге асады.

Сабақтың соңында оқушылардан кері байланыс алынады.

«Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі қолданылады.

 Сабақтағы қауіпсіздік ережелері

 Тәжірибе жұмысын орындамас бұрын оқушыларға құрал саймандармен жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы ескертіңіз. 1-қосымшада берілген қауіпсіздік ережелерімен алдын ала таныстырыңыз.

 1 қосымша

 

 Көркем еңбек сабақтарына арналған қауіпсіздік ережелері:

  •  жұмысты тек қана мұғалімнің рұқсатымен бастау;
  •  оқытушының рұқсатынсыз оқу, жұмыс орнын тастап кетпеу;
  •  құрал-саймандарды тек қажетті жағдайда ғана пайдалану;
  •  бүлінген немесе өтпейтін құрал-саймандармен жұмыс істемеу;
  •  жұмыс орнын таза ұстап, материалдар мен құралдарды тиімді жұмыс істеу;
  •  жұмыс кезінде бөтен жаққа назар аудармау;
  •  басқа оқушылардың жұмысына кедергі жасамау;
  •  жұмыс бітісімен материалдар мен құралдарды өз орындарына жиып қою.

 

 


Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:

Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Оқу-ағарту бірінші вице-министрі: ЖАЗҒЫ КАНИКУЛ 90 КҮНГЕ СОЗЫЛАДЫ 29.05.2023
» Шетелге шығу турларының құны бір жыл ішінде қалай өзгерді ? 19.05.2023
» Соңғы қоңырау 2023 жылы қашан болады ? 15.05.2023

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы