Көркем идеяларды жүзеге асыру. Дыбыс жазу. Көркем еңбек (ұлдар). 6 сынып, қосымша материал.


 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Көркемөнер идеяларын іске асыру. Дыбыс жазу» тақырыбына арналған сабақ «Визуалды өнер» бөлімінің кезекті тақырыбының бірі. Бұл сабақта оқушылар әдебиет пәнімен кіріктіруге болады.

«Кейіпкерлер мен декорация дайындау» тақырыбына арналған сабақта Шығармашылық идеялардың көркемдік өрнегі

6.2.1.1 - Өздерінің идеялары мен сезімдерін жеткізу үшін қоршаған әлемнің көрнекі элементтерін және көркем өнер құралдарын анықтау, таңдау және пайдалану.

Жұмысты бейімдеу және жетілдіру

6.3.4.1 - Сындарлы пікірлерді қабылдап, бейімделу, өзінің және өзге оқушылардың жетілдіру жөнінде ақпараттандырылған ұсыныстар жасау.

Сабақ барысы

 Сабақ көлеңелі театр қойылымының көрсетіліміне арналады. Оқушылар сценарийін жазып, кейіпкерлерін дайындап қойған кезеңге де жетті. Оқушыларға көлеңкелі театр спектаклінен үзінді көрсетіп, дыбыстаушылардың дауыс ырғағы кейіпкердің мінезін, сюжеттің идеясына сай келуі тиіс екендігін айта өтіңіз.

 Қысқамерзімді жоспарда көрсетілген сұрақтарға жауап беріп, жаман және жақсы кейіпкерлерді суреттеуде дыбыстың қаншалықты маңызы барына тоқталу ұсынылады.

 

 Сюжетке сәйкес кейіпкерлердің дыбысын қарастыру.

 Оқушылар қойылымдарын сахналамас бұрын театрландырылған көлеңкелі театрдың қойылымын көру ұсынылады. Бейнематериалдарды қарастыру барысында кейіпкері мен дауысының сипатына назар аударыңыз. Дауыс интонациясына мән беру қажет. Кейіпкерлердің мінезін суреттеу үшін қандай дауыс интонациясын қосқан дұрыс.

 

 Көрсетілім.

 Оқушылар осы сабақтың алдында дайындаған қойылымдарын сахналауды бастайды. Қойылымға келген көрермендерге арнап арнайы отыратын жер таңдайды. Сахна, декорациялармен реквизиттер жиналады. Оқушыларға қойылымдарын көрсету үшін барлық жағдайды жасау ұсынылады. Қойылымды сахналау барысында қысқамерзімді жоспарда көрсетілген бағалау критерийлеріне тоқталып өтіңіз.

 Қойылымды тамашалап болған соң, қысқамерзімді жоспарда көрсетілген соңғы сабақ мақсатына тиесілі тапсырманы орындау ұсынылады.

 Оқушылар қойылымнан кейін өзін-өздері және бір-бірін бағалайды.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу