1-сабақ: Интерьерді мерекеге орай безендіру. Көркем еңбек (қыздар), 9 сынып, дидактикалық материал.


Бөлмені безендіру жолдарыТолығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/shayra/28356/Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Жастықтар. Бөлме ішін әрлеу үшін, дизайнер мамандар көбіне, шағын жастықтар пайдаланады. Ең әуелі бөлменің жобасын сызып не елестетіп көріңіз. Еркіндік пен жайлылықты қаласаңыз, шаршы тәріздес, түрлі түсті жастықшалар қолдануға болады. Егер қонақ күтетін бөлмені әрлегіңіз келсе дөңгелек, бір түстілерін таңдаңыз. Және жастықтың матасына, безеніне және пішініне аса көңіл бөлгеніңіз жөн. Гүлдер.

Екінші әдіс - фитодизайн. Дизайнның бұл бағыты түрлі гүлдер мен өсімдіктердің үйлесімдігі. Өсімдіктердің иісі де, көрінісі де үйге әр беріп тұратыны белгілі. Сондықтан гүлдерді бөлмеге орналастырып, орнын дұрыс белгілеу керек. Бөлмедегі гүлдер сән үшін де, бөлменің ауасын тазарту үшін де қажет-ақ. Әсіресе бөлмедегі тірі гүлдер ерекше әдемі. Жасыл түстің өзі тыныш, әрі жайлы атмосфера тудырады. Және күн сәулесін қажет ететін өсімдіктерді қараңғы жерге не күннің дәл алдына қоймаңыз. Бөлме ішіндегі әсем гүлдердің кейпін астындағы құмыралары бүлдіруі мүмкін. Сондықтан құмыраны да талғаммен таңдап, таза ұстауға тырысқаныңыз абзал. Егер бөлме өсімдіктері үйіңізде көп болса, шағын бақша жасауға да болады.

Фитодизайнның тағы бір түріикебаналар. Сізге сыйға берілген әдемі раушан гүлдерін бір күн емес, бір жылға сақтап қоя аласыз. Сақталып, кептірілген гүлді жапсырып, жинап, бөлмеңізге іліп қоюға да болады. Байқасаңыз, аспашамдар да ерекше сән береді. Бөлмеңіз жұтаңдау көрінсе, бөлмеге әдемі жаңа аспашам алыңыз. Қабырғада, жерде, үстелде тұратын шамдарды да орнатып қоюға болады. Картиналар, панно, фото, айна, қабырға сағаттар – бөлмені безендіру үшін керекті заттар. Сізге жылы естелік болатын фотосуретті жиектемеге салып, қабырғаға іліп қойсаңыз, көңіл-күй көтеріңкі болары сөзсіз. Және жағымды энергия да үйіңізге енеді. Еденге төселген түрлі түсті кілемдер мен алашалар да жылылық пен жайлылық сылайды. Бөлменің көлеміне, орналастырылған жиһаздарға байланысты кілемнің пішінін, қабырға реңіне сәйкстендіріп, түсін таңдауға болады. Ал егер күрделі, әрі өзгеше стиль таңдасаңыз, сынған шыныларды, әдемі тастарды немесе жасанды гүлдерді төсеп, үстіне түссіз еден жайсаңыз болғаны. Тіпті үйде ілініп тұрған пердеңізді ауыстырып қойсаңыз да жаңа атмосфера туады. Оны сіздің жақындарыңыз да сезетіні сөзсіз. Сондықтан не өзгертсеңіз де, бар мейіріммен, ынтамен жасаңыз. Ықыласпен жасалған дүниенің сапалы шығары сөзсіз.Толығырақ: https://massaget.kz/kyizdarga/shayra/28356/Материалды көшіріп басқанда Massaget.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз

Безендіру -> Матамен безендіру 

Мерекені нағыз ертегіге айналдырғыңыз келеді, бірақ қалай екенін білмейсіз бе? Онда матамен безендіру ең дұрыс таңдау. Матамен көмкеру ғимараттың барлық кемшіліктерін жасырады және залға жоғарғы талғамдылық береді. Матамен безендіру түрлі мереке үшін қолданылады: үйлену тойы, туған күн, мерейтой, бітіру кештері және т.б.

Үйлену тойын матамен безендіру арқылы қарапайым залға меркелік көңіл-күй орнатуға болады.  Матамен безендіруде келесі әдістер қолданылады:

  • Мата свис
  • Мата сваг
  • Түзу мата түрлерін қолдану

Залды ертегі әлеміне айландыру үшін:

  • Үстел, орындықтарды сәйкесінше маталармен безендіру.
  • Сахнаны көмкеру, жас жұбайлар орнының артқы бөлігі.
  • Той аркасын матамен безендіру.

Сахнаны матамен безендіру –  маңызды кезең, себебі жастар отыратын сахна баннер ретінде де қолданылады. Қонақтар мен бүкіл достары осы фонда жас жұбайлармен өмірлерінің ең ғажайып сәттерінде фото түсірілім жасайды.

Үйлену тойы – жас жұбайлардың өміріндегі ең маңызды күн. Сондықтан, барлығы, әсіресе той безендірілуі  жоғарғы деңгейде болуы керек. Мамандар көмегіне жүгіну арқылы той дайындығын жеңіл әрі жағымды өткізе аласыз.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу