Бөлшектерді біріктіру және бұйымды өңдеу. Көркем еңбек (қыздар), 8 сынып, сабақ жоспары.


8 Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бөлшектерді біріктіру және бұйымды өңдеу

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.3.1 Қол мен тігін құрал-жабдықтарын және олардың құрылғыларын қолдана отырып, тоқыма материалдарын өңдеу мен сәндеудің тиімді әдістерін анықтау және қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды қолдана отырып, біріктіру және әрлеу тігістерінің тәжірибелік үлгісін орындайды;
  • жұмысқа қажетті әдіс-тәсілдерді анықтайды және қолданады.

Жетістік критерийлері

- өз жұмысында жеке бөлшектерді біріктіру мен сәндік әрлеу мәнін түсінеді;

- таңдалған технологиялық реттіліктің сақталуы мен техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын және жұмыстың ұқыпты орындалуын ескере отырып, біріктіру және шет тігістері түрлерін орындайды;

- өзінің және өзгелердің жұмыстарының кемшілігі мен жетістіктерін талдайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша арнайы терминологияны қолдануларына болады.

Оқушылар алған ақпараттарын талдап, қажеттілігіне қарай қорытынды жасайды.

Пәнге тән лексика және терминология:

Дизайндық нұсқау: шығармашылық идея қалыптастыру және орындау, бөлшектерді біріктіру, сәндеу, ою-өрнек, халықтық пішім, сәндік әрлеу, тігін өндірісі, пішім ...

Диалог және жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

Біз халықтық стильде дайындалған жобалық бұйымымызды сәнде ... деп болжаймыз.

Біздің идеямыз жаңартпашыл болып табылады, өткені біз жаңа матаны дәстүрлі матамен үйлестіреміз.

Жұмысқа әртүрлі әрлеу түрлері мен сәндік материалдарды қолдану бізге … түсінуге мүмкіндік береді.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

  • оқушылар арасындағы өзара құрмет, ынтымақтастыққа;
  • өз отанына сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  • азаматтық жауапкершілікке және патриоттық сезімге баулу;
  • топта жұмыс жасау арқылы адалдыққа тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі – сабақ тақырыбы бойынша қажетті сөздер мен сөйлемдер.

Қазақстан тарихы – қазақтың ою-өрнек элементтері

Бастапқы білім

Бұл үшінші тоқсанның сегізінші сабағы, оқушылар өздерінің жобалық бұйымдарының жеке бөлшектерін өңдеуін орындады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басталуы

1-2 минут

1 минут

  • Ұйымдастыру кезеңі:
  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;
  • «Жина» тәсілі арқылы оқу барысына ынталандыру үшін, жағдай жасайды.

Оқушылар өткен сабақтағыдай құраммен топқа бірігеді. Мұғалім әр топқа пазл жиынтығы салынған конверт ұсынады. Белгілі уақыт ішінде әр топ конверттегі пазлдардан толық суретті құрастырулары тиіс. Уақытылы немесе барлығынан жылдам орындаған топ жеңіске жетеді.

Мұғалім қорытындылай келе, тапсырманы ұқыпты, дәл және уақытында орындау, бұл жағдайда сурет немесе зат бөліктерін жинаудың өте маңызды екендігіне назар аудартады.

  • Мақсатты тұжырымдау

 Мұғалім оқушыларға пазлдан жиналған суретті, сабақтың тақырыбы мен мақсатын қарастырып, бірлескен талқылауда оның мәні мен мағынасын бір-біріне түсіндіруді, тәжірибелік жұмыстың болашақ бағытын болжауды ұсынады.

Электронды презентация 1-слайд.

Қазақтың ұлттық музыкалық композициясы.

Электронды презентация 2 слайд

Сабақтың ортасы

2-3 минут

1-2 минут

1-2 минут

5-7 минут

10-15минут

3-5 минут

    • минут
  • Шақыру

 Оқушылар өткен сабақтағыдай құрамдағы топта бірлескен әңгімеде талқылауы және сұрақтарға жауап беруі қажет.

  • Жобалық бұйым – қамзолдың жеке бөліктерін қалай біріктіруге болады? Бұл туралы өз идеяларыңды ұсыныңдар.
  • Жобалық тігін бұйымын өңдеу және біріктіру үшін қандай құрал-жабдықтарды қолдануға болады?
  • Бөлшектерді біріктіру және бұйымды сәндеудің қандай түрлерін білесіңдер және өз сыныптастарыңа айтып бере аласыңдар ма?

Оқушылар топтарда өздерінің тігін бұйымдарының бөлшектерін, оларды біріктірудің әртүрлі нұсқаларын ұсына отырып қарастырады, ақпаратты альбомға немесе жұмыс дәптеріне жазып, сыныптастарына ұсынады.

  • Мұғалімнің түсіндірмесі. Жаңа ақпарат.

Жобалық бұйым – қамзолдың пішім бөлшектерін біріктіру және сәндеу үшін қолданылады:

Біріктіру біріктіру тігістері: айыра тігу, жапсырма, қосарлы, бүктемелі тігіс.

Өңдеушет тігістері: жөрмелген, шеттіктеу, түзу және қиғаш жиек.

  • Топта талқылау

Сол құрамдағы топ оқушыларына біріктіру және шет тігістерінің әртүрлі үлгілері ұсынылады. Берілген үлгілерді қарастырып, топта оларды орындау реттілігін талқылауы қажет.

  • Нұсқаулық-технологиялық картамен жұмыс

Оқушыларға мұғалімнің дайындаған бұйымды біріктіруді орындаудың кезеңдік реттілігі берілген нұсқаулық-технологиялық картасымен маршрут парағын қарастыру ұсынылады. Әр топ сыныптастарына ауызша (қалауына қарай – графикалық) нұсқаулық-технологиялық карта сипаттамасы мен топтағы алдыңғы талқылау нәтижелерін қолдана, оларды орындау нұсқаларын ұсына отырып, біріктіру немесе шет тігістерінің бір немесе екі түрінің орындалуын сипаттап береді.

  • Тәжірибелік жұмыс

Топтық жұмыс:

  • жұмысты орындау үшін біріктіру немесе шет тігіс түрлерін таңдау;
  • жұмысты орындауға арналған тоқыма материалдары мен қажетті құрал-жабдықтарды таңдау;
  • техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
  • ылғалды-жылумен өңдеу.

Тәжірибелік жұмыс (нұсқаулық картамен жұмыс)

Иық және бел бүкпелерін өңдеу

Құралдар мен материалдар: жұмыс қорабшасы, бұйым пішімі, бор, қайшы, түйрегіш.

Тапсырма: бүйымның иық және бел бүкпелерін өңдеңдер.

Жұмысты орындау реттілігі:

Иық бүкпесі.

  • Иық қиығынан бастап ұшына қарай иық бүкпесін сырып тігу. Иық бүкпесін екі жағынан да баса үтіктеу.

Аздап ылғалданған мата арқылы бүкпе ұшын жия үтіктей отырып, иық бүкпесін артқы бойдың ортасына қарай жатқыза үтіктеу.

Ескерту: кеуде бүкпелері осыған ұқсас өңделеді. Бүкпе бұйым етегіне қарай үтіктеледі.

Бел сызығы бойындағы бүкпе.

  • Бел сызығы бойынан бөлек қиылған киімде, бел сызығынан бастап ұшына қарай, бүкпе ұшын қосарлы тігіммен бекіте отырып, алдыңғы және артқы бойдың бел сызығы бойындағы бүкпені сырып тігу.
  • Бүкпені екі жағынан да баса үтіктеу, сонан соң бүкпе ұшын жия үтіктей отырып, бұйым ортасына қарай жатқыза үтіктеу.

Өзін-өзі бақылау. Тексеріңдер: 1) бүкпенің түзулігін, бүкпенің ені мен ұзындығын; 2) жатқыза үтіктелуінің сапасын.

  • Бағалау

 Оқушылар дайын жұмыстарын өзге топтардың жұмыстарымен алмастырады және белгіленген критерийлер бойынша жұмыстың жасалу сапасын тексереді:

  • ұқыптылық;
  • белгіленген технологиялық реттілікке сәйкестігі;
  • техника қауіпсіздік ережелерінің сақталуы.
  • Сабақты қорытындылау

Мұғалім оқушылармен бірлескен әңгімеде сабақты қорытындылайды.

Электронды презентация 3 слайд

Альбом және жұмыс дәптері

Электронды презентация 4 слайд.

Қосымша.

Қазақтың ұлттық костюмінің ерекшелігі:

https://studwood.ru/760866/kulturologiya/osobennosti_vneshniy_kostyuma

Біріктіру және шет тігістері түрлерінің әртүрлі үлгілері.

Біріктіру және шет тігістерін орындаудың кезеңдік реттілігі берілген нұсқаулық-технологиялық карталар, тәжірибелік жұмысты орындауға арналған материалдар мен қажетті құрал-жабдықтар және ЫЖӨ.

Сабақтың соңы

1-2 минут

Рефлексия

Оқушыларға сабақтағы іс-әрекеттің қаншалықты ұнағанын жетон түсімен көрсету ұсынылады: барлығына екі түсті - жасыл және сары жетон ұсынылады. Жасыл түсті жетонды таңдау кезінде оқушылар сабақтың оларға өте ұнағанын түсінеді, сары жетонды таңдағаны – сұрақтың болуы немесе кейбір нәрсенің түсініксіз болғаны.

Саралау

Бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топта жұмысқа қабілеті жоғары оқушылар басшылық жасайды. Топ ішінде рөлді бөліп беру ұсынылады.

Өзін -өзі бағалау, өзара бағалау, топта бағалау, мұғалімнің бағалауы.

Үзілісте сыныптың ауасын тазартып, желдетіп алу, сонымен қатар – әртүрлі көркемдік материалдармен және құралдармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу