Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 Дизайн және технология

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жұмысты қорғау. Көрме ұйымдастыру-

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.3.1.1

Мектеп аудиториясы алдында өзінің дайын жұмыстарын таныстыру.

6.3.3.1

Пәндік терминологияны қолдана отырып, өзінің және өзгелердің (суретшілер, қолөнершілер, дизайнерлер) жұмыстарындағы қолданылған әдіс-тәсілдерді (техникасы) салыстыру.

 Сабақ мақсаттары

  • Өз жоба жұмысын таныстыру;
  • Арнайы термин сөздерді пайдаланып, өз ойын негіздеп жеткізу;
  • Сыныптастарының жұмыстарын жақсарту бойынша ұсыныстар айту.

Бағалау критерийлері

  • Бұйым дайындауға қажетті өлшем белгілерін алады;
  • Алжапқыш бөліктерін пішу, өңдеуде қол және машина тігістерін қолдана алады;
  • Бұйым түріне қарай матаны/тоқыма материалдарын дұрыс үйлесімді қолданады;
  • Безендіру бойынша қажетті материалдарды дұрыс таңдайды;
  • Өз бетінше ұқыпты әрі сапалы бұйым дайындайды;
  • Жасалынған жұмыс бойынша алған білімін саралап, практикалық дағдыларын көрсетеді;
  • Шығармашылық жұмысты орындау барысында пайда болған мәселелерді өз еркімен шешеді;
  • Жұмысты орындау барысында алған біліміне сүйене отырып өз жұмысын және өзгенің жұмысын дамыту және жақсарту мақсатында ұсыныстар айтады;
  • Жұмыстың орындалу кезеңдеріне сипаттама береді;
  • Пәндік терминологияны сауатты пайдалана отырып, жұмыстарын аудиторияға ұсынады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Көрме – выставка – Exhibition

Жоба – проект – the project

Нысаналы аудитория – целевая аудитория – the target audience

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мен өз жобамды ... матасынан орындауды жөн көрдім. Себебі, ...

Сіз мына жұмыста ... матасын қалай өңдедіңіз және ЫЖӨ өткізуде қандай ережені ұстандыңыз?

Құндылықтарды дарыту

Жоба таныстырылымын жасау арқылы бір-біріне құрмет, шығармашылық пен еңбек құндылықтарын дарыту іске асырылады.

 Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі – мәнерлі сөйлеу дағдыларын дамыту

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентация

Бастапқы білім

Оқушылар бастапқыдан нені біледі немесе осы сабақ алдында олар нені білуі керек? (негізгі ұғымдар, фактілер, формулалар, терориялар)

Бұрыннан бар білімді қалай белсендендіре аласыз?

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Сәлемдесу. Жоба қорғау ережелерімен таныстыру, қатаң сақталуына назар аудару.

Сабақтың ортасы

75 мин

3-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған «Алжапқыш» тақырыбындағы жеке жобаны қорғау. Оқушыларды ережелер мен тәртіппен таныстыру.

  • Оқушылар жоба жұмыстарын қорғау үшін белгілі уақыттан 10 минут бұрын келуі керек (қорғайтын жұмыстарын іліп, дайындап қою үшін).
  • Сіздерге жобаларыңызды қорғау үшін тоқсан бойынша жиынтық бағалау спецификациясына сәйкес барлық сыныпқа 80 минут уақыт берілген.
  • Жобаны қорғау барысында сөйлесуге, мұғалімнен көмек сұрауға, қорғаушыға кедергі жасауға қатаң тиым салынады.
  • Әр оқушыға өз жобасын қорғау үшін 3-4 (15 оқушы) минут уақыт беріледі.
  • Әр оқушы жобасын қорғағаннан кейін сыныптастарының 1-2 сұрақ қоюларына болады.
  • Талықлап, өз ой-пікірін айтуға рұқсат етіледі.

(Ө) (Қ) Дайын бұйымды қорғау:

1. Алжапқыш моделін көрсету.

2. Бұйымның моделі, әрлеуі, оның ерекшелігі, таңдалған материалы мен оның қасиеті туралы әңгімелеу.

3. Эстетикалық түрі мен сапасын жақсарту үшін бұйымның қай жеріне өзгерту енгізуге болатынын көрсету.

4. Бұйымды дайындау барысында жинақтаған жаңа білім, біліктілігі, жұмыс барысында кездескен қиындықтар туралы әңгімелеу;

5. Дайын бұйымның әдемі жақтары мен кемшіліктерін көрсету;

6. Бұйым құнын есептеу және бұйымды дайындаудың пайдасы туралы қорытынды жасау;

Бұл сабақта шығармашылық жұмыстың қорытындысы шығарылады.

Оқушылар таныстырып болған соң дефиле, сән көрсету түрінде қойылым жасайды.

Оқушылар бұйымды дайындау кезеңі бойынша суретімен, эскизімен электронды презентацияларын көрсетеді.

Оқушыларға сыныптастарының жұмысына пікір немесе ұсыныс жазуды ұсыну.

http://vip.ve4erinki.net/organizaciya_modnyh_pokazov

http://citycelebrity.ru/citycelebrity/Post.aspx?PostId=292

интерактивті тақта, РРТ бағдарламасы

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

стикер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу түрінде жүргізіледі.

Оқушылардың өз жобаларын нысаналы аудиторияға таныстыру барысы мен термин сөздерді дұрыс пайдалану арқылы өз ойын жеткізуі, уақытты есепке алуы бағаланады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
» Мұғалімдер ұрлап жатыр: Петропавлда осындай жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды.
» 🏡Үй алуды мақсат еткендерге тағы бір жағымды жаңалық😍
Пікір жазу