Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, дидактикалық материал.


Әдістемелік нұсқаулық

3 бөлім: Дизайн және технология

Сабақ тақырыбы: Бұйым дайындау. Бөлшектерін пішу

Сабақ мақсаты:

6.2.3.1

Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу.

Сабақ барысы

Сәлемдесу. Сабақ мақсатын анықтау, талқылау

Алдыңғы сабақта оқушылар бұйым эскизін жасады, авторлық қуыршақ дайындау үшін өздігімен түрін, материалын, орындау техникасын таңдады.

Мұғалім әртүрлі қуыршақтардың схемасы мен лекалосын қарастыруды ұсынады. Дайын эскиз бойынша өз қуыршақтарының барлық бөліктерінің лекалосын жасауды ұсыну.

(Ө) Тапсырма 1: Өз қуыршағының лекалын дайындау, пішу.

Оқушылар матадан қуыршақ жасау үшін қалың қатырма қағаздан лекало қиып алады. Лекалды матаға орналастырып, контуры бойымен сызып шығады. Оқушылар матадан бұйымды пішуді орындайды.

Дескрипторлар:

1.Қағаздан қуыршақ детальдарын қырқу;

2.Матаны стол бетіне негізгі жібін ескеріп, қабаттап орналастыру;

3.Сабынмен лекалды басып шығу;

4.Пішу.

Оқушыларға қуыршақтың қандай бөлшектерден тұратынын көзге елестете алу қажеттігін түсіндіру.

Жұмыс барысында мұғалім қолдау көрсетіп, қажеттілігіне қарай бөлшектерді пішу тәсілін көрсетеді.

Жұмыстың бұл кезеңінде қуыршақ элементтерінің эскизі мен пішімнің сәйкестігіне назар аудару.

Тәжірибелік жұмысты орындау барысында қауіпсіздік техникасы мен санитарлық-гигиеналық ережелердің сақталуына назар аудару.

Техника қауіпсіздігі ережесі

1. Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек.

2. Отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болу керек.

3. Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар.

4. Іске шашты жинап, женді қайырып немесе түймелеп кірісу қажет.

5. Жұмысқа кірісуден бұрын машина платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелерінің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу керек.

6. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге болмайды.

7. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге жақындатпау керек.

8. Тігін машинасымен жұмыс істегенде машинаның қозғалысынан және айналып тұрған бөлшектерінен сақтан.

9. Жұмыс кезінде арнайы киім: алжапқыш, басқа орамал тарту керек.

10. Аяқтаған соң жұмыс орнын тазалау.

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу