Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу. Көркем еңбек (қыздар), 6 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бұйым дайындау. Бөлшектерді пішу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.3.1

Тігін машинасы және қол құралдарымен қайып тігу, сырып тігу тігіс түрлерін қолдана отырып, тоқыма материалдарын пішу және өңдеу.

 Сабақ мақсаттары

  • Тігін машинасын, қол құралдарын қолдана отырып, матадан қуыршақ жасау.

Бағалау критерийлері

  • Киімдердің дымқыл термиялық өңдеу режимдерін біледі және түсінеді, іс жүзінде қолданылады, жұмыста белгілі бір материалдар мен құралдарды қолданады;
  • Тоқыма материалдарды қолмен және тігін машиналарымен кесу және өңдеу үшін қажетті материалдар мен құрал-саймандарды қолмен және тігістерді қолданып қолданады.
  • Практикалық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасын қолданады.
  • Қолмен немесе тігін машинасын қолданғанда штапельді тігістерді қолданады.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

Қол тігістері – ручные швы – hand welds

Сырып тігу – стачать – stitching

Тоқыма материалдары – текстильные материалы - textile materials

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Мен бөлшектерді біріктіруде ... қолдандым.

Бұл материалдың ... қасиетіне байланысты ... бұйым жасауды жөн көрдім.

ЫЖӨ барысында ... техника қауіпсіздігін ұстану керек.

Құндылықтарды дарыту

Еңбек пен шығармашылық, бір-бірен құрмет, патриотизм құндылықтарды дарыту практикалық тапсырмалар орындау арқылы жүзеге асады

Пәнаралық байланыстар

Геометрия – мата бетінде дұрыс орналастыру

Математика – есеп жүргізу

АКТ қолдану дағдылары

Виеороликтер мен презентациялар арқылы

Бастапқы білім

Оқушылар мата түрлері мен қасиеттерін талқылады, танысты.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Сәлемдесу. Сабақ мақсатын анықтау, талқылау.

Сабақтың ортасы

35 мин

(с) Алдыңғы сабақтарда оқушылар бұйымның нобайын дайындады. Өздігінен маталарды таңдап, техниканы таңдады.

Сұрақтарға жауап бер.

  • Ине салғыш не үшін қажет?
  • Оймақ не үшін қолданылады?
  • Ылғалды жылумен өңдеу не үшін қажет?

Мұғалім түрлі қуыршақтардың лекалоларын қарастыруды ұсынады.

Пішу туралы бейнематериал тамашалау.

Бүгінгі сабақта оқушылар пішудің түрлерімен танысып, жұмыс істейді. Практикалық тапсырма.

Сұрақтарға жауап бер:

  • Қуыршақты тігуді қай жағынан бастаған жөн?

Практикалық тапсырма.

Оқушылар жұмыстың жалпы жоспарына сай жұмысты бастайды.

  • Қуыршақтың басын жасау.
  • Қуыршақтың тұлғасын жасау.
  • Қолы мен аяғын жасау.
  • Қуыршақтың ішін толтыру(синтепон, мақта және т.б. )

Жасау технологиясы:

  • Матаны қажетінше бүктейміз. Бүктелген маталар жылжып кетпес үшін оларды инемен шаншып қоямыз.
  • Пішімді матаға қарындашпен басамыз.
  • Тігіске 0,5-0,7 см қалдырып, пішілген бұйымның бөлшектерін кесіп аламыз.
  • Ойыншықтың бөлшектерін аударып, тігуге дайындау.

Техника қауіпсіздігі ережесі

1. Жұмыс орнына жарық сол жақтан немесе алдыңғы жақтан түсу керек.

2. Отыратын орындық пен тігін машинасының ара қашықтығы 10-15 см болу керек.

3. Тігін машинасының айналатын бөлшектеріне тым жақындамаңдар.

4. Іске шашты жинап, женді қайырып немесе түймелеп кірісу қажет.

5. Жұмысқа кірісуден бұрын машина платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелерінің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу керек.

6. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге болмайды.

7. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге жақындатпау керек.

8. Тігін машинасымен жұмыс істегенде машинаның қозғалысынан және айналып тұрған бөлшектерінен сақтан.

9. Жұмыс кезінде арнайы киім: алжапқыш, басқа орамал тарту керек.

10. Аяқтаған соң жұмыс орнын тазалау.

https://www.youtube.com/watch?v=99dbgxZ-HAs

https://www.youtube.com/watch?v=oXjb0EsyuFs

https://www.youtube.com/watch?v=CBqxYw1UT84

Мата, сабын, қайшы, қағаз (лекал дайындау үшін)

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі .

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау - оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып қуыршақ тігу мен конструкциясына байланысты қарапайымнан күрделі пішінді дайындау.

Оқушылардың орындаған практикалық тапсырмалары мен сұрақ-жауап негізінде бағалау жүргізу.

1. Жұмысқа кірісуден бұрын машина платформасындағы қажет емес заттарды тазалап, оның аяғының нық тұрғанына, инелерінің дұрыс орналасқандығына көз жеткізу керек.

2. Машина жұмыс істеп тұрғанда, машинаның қозғалып тұрған бөлшектеріне жақын еңкеюге болмайды.

3. Қол саусақтарын машинаның табанымен инеге жақындатпау керек.

4. Тігін машинасымен жұмыс істегенде машинаның қозғалысынан және айналып тұрған бөлшектерінен сақтан.

5. Жұмыс кезінде арнайы киім: алжапқыш, басқа орамал тарту керек.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу