Кескіндемешілер. Көркем еңбек, 3 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 Бөлім: Атақты тұлғалар

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кескіндемешілер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.1 Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) көрсету

3.3.1.1 өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және процесін арнайы терминологияны пайдаланып, таныстыру

 Сабақ мақсаттары

  • Кескіндеме өнері жайлы білімін толықтыру;
  • Түс арқылы көңіл күйді беруді, негізгі шығармашылық идеяны көрсетуді үйрену;
  • Өз жұмысын таныстыру, негізгі идея мен орындау техникасын сипаттау.

 Жетістік критерийлері

  • Атақты кескіндемеші шығармашылығымен танысады;
  • Түс арқылы негізгі идея мен көңіл күйді көрсетеді;
  • Салынған жұмыстарды таныстырады, ерекшеліктерін сипаттайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Атақты кескіндемеші суретшілердің жұмыстарына тән визуалды ерекшеліктерді сипаттайды.

Оқушылар келесі сұраққа жауап береді:

  • Бұл суреттерде не бейнеленген? Қандай техникада
  • Бірден көзге түсетін кескіндеме өнерінің қандай қасиеттері бар?
  • Суретші жұмысында қандай материалдар қолданған?
  • Суретші негізгі идеяны көрсету үшін өнердің қандай суреттеу құралдарын қолданған?

 Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Жаратылыстану

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім

Атақты суретшілермен танысуды жалғастырады, көркем материалдармен жұмыс жасаудағы практикалық дағдыларың жетілдіреді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың басы

Кескіндеме техникасында орындалған әртүрлі бейнелер (бейне ролик, презентация және т.б.).

  • Балалар, қалай ойласындар, сабақ барысында біз бүгін қандай тақырыпты қарастырамыз?

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.

А4 немесе А3 пішінді ақ қағаз парағы, аква-

рель бояулар, гуашь, қылқалам, су құятын ыдыстар,

пастель.

Сабақтың ортасы

Әнгімелесу. Сұрақтар:

Оқушыларға әртүрлі техникада көптеген түстерді қолдана орындалған кескіндеме туындыларын қарастыруды ұсыныңыз.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді:

  • Мына суреттер қандай көңіл күйге бөлейді деп ойлайсың?
  • Олар сенде қандай сезім тудырды? Түсіндір.

Оқушылар алдымен жұппен талқылайды, содан кейін қалағандарына сыныпқа сезімдері жайлы айтып береді, неліктен ұсынылған суреттердің әрқайсысы осындай сезімдер тудырғанын түсіндіреді.

Атақты қазақстандық суретшілердің (Кенбаев Молдахмет Сыздықұлы, Гүлнара Қоспақованың, Гульфайрус Исмаилованың тб. жұмыстарын көрсетіңіз, кескіндеменің көркем құралдары арқылы суретші көңіл күйді қалай көрсетті, соған назар аудартыңыз. Суретшілер туралы қысқаша ақпарат айтып беріңіз.

Суреттерден қандай сезімдер мен көңіл күй тудыратынын, оның себебін айтып беруді сұраңыз.

Сұрақтар:

Суретшілердің көңіл күйді қалай көрсеткен?

Ол үшін қандай түстерді пайдаланған?

Қандай материалдармен жұмыс істеген?

Бұл суреттер қандай сезімге бөлейді?

Тәжірибелік жұмыс

Оқушылар түстерді пайдаланып, көңіл күйіді бейнелейді. Ол үшін музыкалық туынды немесе оның үзіндісін тыңдатыңыз (мысалы, А.Вивальдидің «Жыл мезгілдері», Құрманғазының «Балбырауын» күйі).

Оқушыларға арналған сұрақтар:

Ішкі жан дүниеңе құлақ түр, музыка қандай көңіл күйге бөледі?

Музыкадан алған әсерін оқушылар қағазға түсіреді. Түсті, түрлі сызықтарды, штрихтарды пайдалануыңуларына болады. Сюжетті композиция құру міндетті емес.

Тәжірибелік жұмысты орындау алдында оқушыларға техникалық қауіпсіздік ережесін сақтауды ескертіңіз.

Оқушыларды орындалатын жұмысқа қойылатын талаптармен және бағалау дескрипторларымен алдын ала таныстырыңыз.

Аяқталған жұмыстарды бір жерге жинайды және әр оқушы өз жұмысына сипаттама береді.

МОЛДАХМЕТ КЕНБАЕВТЫҢ ЖЕКЕ РЕТРОСПЕКТИВТІ КӨРМЕСІ

http://gmirk.kz/kz/sobytiya/311-lang-ru-personalnaya-retrospektivnaya-vystavka-moldakhmeta-kenbaeva-lang-lang-kz-lang-lang-en-lang

Сабақтың соңы

Бағалау

Жұмысты орындап болғаннан кейін оқушыларға өз жұмыстарын көрсетіп, сұрақтарға жауап беруді сұраңыз:

сіздің жұмысыңызда қандай көңіл күй бейнеленген?

ол үшін сіз қандай түстің реңктерін қолдандыңыз?

Жқмысыңызда көңіл күйді көрсете алдыңыз ба?

Жұмысыңызды қандай визуалды элементтермен толықтырдыңыз?

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу