Кескіндемешілер. Көркем еңбек, 3 сынып, дидактикалық материал.


 Сабаққа арналған әдістемелік нұсқау

 

 Сабақ тақырыбы: Кескіндемешілер

 Сабақ мақсаты: 3.1.3.1 Орындау техникасын негіздеп таңдай отырып шығармашылық идеялар мен сезімдерін (көңіл-күйі, мінезі) көрсету;

 3.3.1.1 өз жұмысының (эскиз, бұйым) негізгі идеясын және процесін арнайы терминологияны пайдаланып, таныстыру.

 

 Қажетті материалдар: А4 немесе А3 пішінді ақ қағаз парағы, акварель бояулар, гуашь, қылқалам, су құятын ыдыстар, пастель, борлар, көмір, қазақстандық және әлемдік композиторлардың классикалық музыкасы жазбалары, әуен қоятын аппаратура, абстрактілі кескіндеме суреттері.

 

 Сабаққа арналған теориялық материал

 Кескіндеме – туындылары қатты бетте бояулармен жасалатын бейнелеу өнерінің негізгі түрлерінің бірі. Кескіндемелік туындыларда түс пен сурет, жарық пен көлеңке, фактура мен композияция, бояудың қанықтығы қолданылады. Кескіндеме жұмыстарын жасау үшін акварель, гуашь, май, пастель, темпера, эмаль , т.б. қолданылады. Кескіндеменің өзіне тән мәнерлі құралы түс болып саналады. Түстік композиция суретшінің көңіл күйін, оның әлемді қабылдауын, күйзелісін бейнелей отырып, белгілі бір колористік бірлікті құрайды.

 Молдахмет Кенбаев – Мәскеу мен Ленинградтың үздік көркемдік оқу орындарында білім алып, 1950 жылдары Қазақстан бейнелеу өнеріне келген суретшілер буынына жатады. Өмірді эмоционалды-бейнелі етіп көрсетуде және ұлттық ерекшелікті іздестіру жолында маңызды шығармалар тудырып, Қазақстан бейнелеу өнеріне жасалған зор сапалық секіріс осы буын өкілдеріне тиесілі. Қазақстанның сол кездегі өзге де суретшілерімен қатар Молдахмет Кенбаев – әлемдік өнер кеңістігінде дала көшінің мәдениетін лайықты көрсете білген суреткер.

 1957 жылы суретші «Сұхбат» және «Асауға құрық салу» деп аталатын екі кескіндемесін жазды. Әбден үйреншікті болған көрініс – алаңсыз ат үстінде кетіп бара жатқан екі шопанның асықпай құрған сұхбаты арқылы адам мен табиғаттың бірлігін шеберлікпен аша білген «Сұхбат» лирикалық картинасы жан жылуына толы. Ал, «Асауға құрық салу», керісінше, бар екпінімен арындай шапқан ақ боз ат пен қолдарына құрық пен арқан ұстап, соған қарай ұмтылған қарулы екі салт атты бейнеленген, ал батып бара жатқан күн сәулесімен ойнаған сайын дала жігер мен динамикаға толы.

 Кескіндеме болсын, мозаикалық панноның эскизі болсын, суретшінің туындылары өз ерекшелігіне сай терең ұлттық мазмұнға бай әрі заманына лайық. Олардың көңіл-күйлері жарқын да қуанышты, түсі қанық әрі қоңыраудай сыңғыр қағады, әрдайым өршіл де өміршең, жеңіл де еркін тыныстайтын туған өлкенің өмірін, бетегелі даланың кең жазирасын және оның адамдары – өз жерлестері мен замандастарын олардың жан дүниесімен сырласқандай суреттейді.

 Источник: https://qazaqadebieti.kz/1412/moldahmet-kenbaevti-k-rmesi

 Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова (15.12.1929 жылы туылған, Алматы) — қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965). 1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін, 1965 жылы Ленинградтың И. Е. Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (М. П. Бобышевтің кескіндеме класы бойынша) бітірді.

 1971–1974 жылдары Қазақтың опера және балет театрында бас суретші. Г. Ысмайылова бірнеше опера (Бурсиловскийдің «Ер Тарғын», 1967; Мұхамеджановтың «Жұмбақ қызы», 1972; Пуччинидің «Чио-Чио-Саны», 1972), балет (Тілендиев, Манаев және Степановтың «Достық жолымен» және Великановтың «Қамар сұлуы», 1958), спектакль (Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлуы», 1958) және кинофильмдерге («Қыз Жібек», 1969–1971) декорация мен костюмдер эскиздерін жасады.

Сабақ беру бойынша нұсқаулық

 Сабақты оқушыларға жақсы көңіл күй және сабақта сәтті жұмыс істеуге тілек білдіріп бастаңыз. Оқушылардың сабаққа қандай көңіл күймен келгенін сұраңыз. Көңіл күйі жайын айтып беруді сұраңыз. Сабақ басында оқушылардың ой-өрісін белсендіру мақсатында және сабақ тақырыбынын анықтау үшін кескіндеме репродукцияларды көрсетіңіз.

 Оқушылардан суреттерге назар аударуды және оның қандай көңіл күйге бөлейтіні, қандай сезімдер шақыратыны туралы ойлануды сұраңыз. Мұны алдымен жұппен талқылауды, содан кейін қалағандарынша сыныпқа сезімдері жайлы айтып беруді, неліктен ұсынылған суреттердің әрқайсысы осындай сезімдер тудырғанын түсіндіруді сұраңыз.

 Оқушыларды бейнелеу өнерінің түрі – кескіндеме туралы сұраңыз. Кескіндеменің ерекшелейтін сипаттамасы түс болып саналатынына назар аударыңыз. Түстің көмегімен суретте көңіл күйді қалай көрсетуге болатынын талқылаңыз.

 Келесі жолда қазақстандық белгілі кескіндемешілер шығармашылығымен таныстырыныз (Кенбаев Молдахмет Сыздықұлы, Гульфайрус Исмаилованың тб.). Олардың жұмыстарын мұқият зерттеп, түстің көмегімен суретте көңіл күйді қалай көрсеткендігін талқылауды сұраңыз.

 Тәжірибелік жұмыс

 Оқушылар түстерді пайдаланып, көңіл күйіді бейнелейді. Ол үшін музыкалық туынды немесе оның үзіндісін тыңдатыңыз (мысалы, А.Вивальдидің «Жыл мезгілдері», Құрманғазының «Балбырауын» күйі). Егер оқушылардың кейбірінде көңілсіздік, мұң тудыратын болса, неліктен осындай көңіл күй туындағанын айтып беруді сұрап оның жұмысты өз қалауымен орындауына мүмкіндік беріңіз. Егер музыкалық үзінді тыңдайтын мүмкіндік болмаса, оқушыларға ұнататын әуендерін еске түсіруді ұсыныңыз.

 Тапсырманы орындаған кезде оқушылар өздерін еркін сезініп, қысылмай отыруы тиіс. Оқушыларды түстер символикасы туралы қысқаша ашпарат беріңіз (ақ түс –адалдықтың, тазалықтың белгісі). Егер оқушылар жұмысты бастауға қиналса, оларға қандай түс таңдау қажеттігін айтып жіберіңіз немесе аталған тапсырмаға сай келетін абстракті суреттерді көрсетіңіз.

Қалыптастырушы бағалау бойынша ұсыныс

Туындыларды талдау барысында қалыптастырушы бағалауды бақылау және кері байланыс түрінде жүргізуге болады. Практикалық жұмысты дескрипторлар бойынша бағалайды:

Оқушы:

  • көркем құралдарды қолдана отырып, белгілі бір көңіл-күйді жеткізді;
  • бояуды және көркем материалдарды дұрыс қолданды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу