Сиқырлы киіз. Көркем еңбек, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 С - Бөлім: Салт-дәстүр және фольклор

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні, сынып: 2

«А» 13.02.18 «В» 14.02.18

Мұғалімнің аты-жөні: Шойынбекова Л.Н.

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сиқырлы киіз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.2.2 Әртүрлі материалдардың құрамын зерттеу.

 Сабақ мақсаттары

  • Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды пайдалану;
  • Киіздің негізгі әдістерін орындау үшін, жүнмен жұмыс істеуге үйрену.

Бағалау критерийлері

  • Киіз басу технологиясын зерттейді;
  • Киіз өнімін жасайды;
  • Жұмысты ұқыпты орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

кілемдер, киіздер, өрнектер, түстер, белгілер;

ою-өрнектер: қошқар мүйіз, сынық мүйіз, гүлдер.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Материал қалай аталады?

Ол қалай жасалған?

 Құндылықтарды

 дарыту

Топтарда бір-бірімен қарым-қатынас және ортақ шешім таба білу, қабілетін жұмыс істеуге дағдыларын дамыту. Сөз сөйлеу қабілетін дамытады, олардың шығармашылық жұмыстарын ұсынады. Эстетикалық және көркемдік талғамын, шығармашылық белсенділігін дамыту. Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, өзара түсіністік, бір-біріне деген құрмет.

 Пәнаралық

 байланыстар

Қазақстан тарихы пәнімен байланысты - біздің ата-бабаларымыз мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы мәліметтер.

 АКТ қолдану

дағдылары

Оқушыларға презентация көрсету барысында АКТ-ны қолдану.

Бастапқы білім

Оқушылар үйренгенің шығармашылық жұмыста қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

  • Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен және мақсаттары мен таныстыру:

  • Қауіпсіздік техникасын сақтап, материалдарды пайдалану;
  • Киіздің негізгі әдістерін орындау үшін, жүнмен жұмыс істеуге үйрену.

АКТ-презентация

Сабақтың ортасы

3 минут

32 минут

  • Зерттеу жұмысы. Тапсырма №1. Оқыту әдісі – көрнекілік, жаңа ақпаратты меңгеру.

Жүнден киіз басу техникасы, барлық елде танымал қой мен ешкі болған мемлекеттерде.

Көшпенділер киізден мынадай өнімдерін жасады: киіз үй, киім, үйге арналған жиһазды (жастықтары, кілемдер, ұйықтау үшін тоқыма), ыдыс (сақтау үшін шай сөмкелер, аспаптар), пима және еркектердің бас киімін.

Қазақтардың киізден жасалған кілем сырмақ деп аталатын. Біздің күндері сырмақ қолданылады.

Бейне-көрсетілім: «Киіз басу» оқушыларға көрсету.

Оқушылар алдыңғы тапсырмада жасап үйренген белгілер мен шаблондарды пайдаланып, шағын композиция жасау мақсатында киізбен бүгін жұмыс жасаймыз. Оқушылар мұғалімнің көрсеткен әртүрлі техникалық көрнекілігіне қарап және төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, киіз бұйымдары туралы не білетіні туралы айтады:

  • Киізбен қалай жұмыс жасалады?
  • Киіз неден жасалады?
  • Киіз жасау үшін қандай материалдар мен аспаптар қажет?
  • Қандай түстерді пайдаланған дұрыс?
  • Қандай ою-өрнектер және қалай жасаған дұрыс?
  • Қанша сабынды пайдалануға болады?
  • Қанша су пайдалану қажет?
  • Оны дайындауға қанша уақыт қажет?
  • Киіз жасау үдерісінің аяқталғанын қалай білуге болады?
  • Менің жасаған киізім қандай болады?
  •  Практикалық жұмыс.

Тапсырма № 2. Әдісі – шығармашылық жұмыс, әдісі – жекеше жұмыс.

 Оқушылар жеке жұмыс жасай отырып, өздерінің киіз кесектерін дайындауды бастайды.

Киізді дайындаудың негізгі кезеңдері:

1) Тоқыма талшықтарын пленкаға қабатпен салу

2) Сабынды суды құрылымға себу

3) Талшыққа су себу

4) Талшықты пленканың екінші қабатымен жабу және үйкелеу

5) Қосымша үйкеліс үшін талшықты бамбукті шиге орап домалату

6) Аяқтаған соң ағынды су астында жуу және сығу. Кептіргішке кептіруге қою.

Саралау: Кейбір оқушылар мұғалімнің көмегіне мұқтаж болады, ал кейбірі бұл үдерістің қиындығына қарамастан өздері жекеше орындай алады.

Ескерту: Киіз дайындаудағы айқындалатын тәжірибе сурет салу тәрізді бейнелеу өнерінің басқа да салаларында қиыншылықтарды кезіктіргендер үшін бірқатар артықшылықтарды ұсына алады. Оқыту ортасын ұйымдастыруға баса назар аудару қажет. Олардың алдындағы үстелде басу үдерісі үшін негіздің болуы қажет. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық нақты анықталуы және пайдаланылатын судың тым ыстық болмауы, ал құрғақ тоқыма ленталарының пайдалануға дейін су болмауы ерекшеліктері бақылануы тиіс.

Дескрипторлар:

  • киіз басу технологиясын зерттей алады;
  • киіз өнімін ұқыпты жасай алады.

Кері байланыс:

- Сіздер бүгін сабақта қандай жаңа қолөнер түрімен таныстыныздар?- Сіз үйге арналған және өзіңіз үшін қандай қарапайым бұйымдар киізден басып алаласыз?- Қандай қиындықтармен сен кездестін?- Сіз жұмысынызға ризасыз ба?

Кілем және тоқыма

Меринос жүнді ленталар, сабынды қауыздар, жылы су, суға арналған құмыралар, сүлгі, бамбукты шилер, көбікті қабыршақтар

Сабақтың соңы

3 минут

  • Рефлексия: «Ағаш»

Қызыл алма – Сабақ өте ұнады.

Сары алма – маған сабақ ұнады, бірәқ мен барін үлгерген жоқпын.

Жасыл алма – менің ішім пысты және жұмысты орындаған жоқпын.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау: Кейбір оқушылар мұғалімнің көмегіне мұқтаж болады, ал кейбірі бұл үдерістің қиындығына қарамастан өздері жекеше орындай алады.

Сұрақ жауап, бір- бірінің жұмыстарын талдайды.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің

Осы сабақ бойынша нұсқаулық нақты анықталуы және пайдаланылатын судың тым ыстық болмауы, ал құрғақ тоқыма ленталарының пайдалануға дейін су болмауы ерекшеліктері бақыланады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Эстетикалық бағытындағы әдістемелік бірлесігінің жетекшісі__________Дюсенова Г.Г.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?
Пікір жазу