Сиқырлы киіз. Көркем еңбек, 2 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 С - Бөлім: Салт-дәстүрлер және фольклор

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Сынып: 2

Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова А.Ж.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сиқырлы

киіз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.4.1

қауіпсіздік техникасын сақтап және оның маңыздылығын түсіне бастап, материалдар мен құралдарды пайдалану

2.2.2.2

жұмыс барысында сурет салуға арналған нақты материалдардың ерекшеліктерін бақылай отыра, олардың қасиеттерін зерттеу

 Сабақ мақсаттары

  • Киіз басу технологиясымен таныстыру;
  • Киізбен негізгі әдістерін орындау үшін, жүнмен жұмыс істеуге үйрену;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Киіз өнімін дайындайды;
  • Жұмысты ұқыпты орындап, материалды үнемді жұмсайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Пәнге тән лексика мен терминология:

кілем, киіз, өрнек, түс, белгі;

ою-өрнек: қошқар мүйіз, сынық мүйіз, гүл.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Материал қалай аталады?

Ол қалай жасалған?

 Құндылықтарды

 дарыту

Топтарда бір-бірімен қарым-қатынас және ортақ шешім таба білу, қабілетін жұмыс істеуге дағдыларын дамыту. Сөз сөйлеу қабілетін дамытады, олардың шығармашылық жұмыстарын ұсынады. Эстетикалық және көркемдік талғамын, шығармашылық белсенділігін дамыту. Отанына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу, өзара түсіністік, бір-біріне деген құрмет.

 Пәнаралық

 байланыстар

Қазақстан тарихы пәні мен байланысты - біздің ата-бабаларымыз мәдениеті мен салт-дәстүрі туралы мәліметтер.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушыларға презентация көрсету барысында АКТ-ны қолдану.

Бастапқы білім

Оқушылар үйренгенің шығармашылық жұмыста қолданады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

  • Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы мен және мақсаттары мен таныстыру:

Жүнден киіз басу техникасы, барлық елде танымал қой мен ешкі болған мемлекеттерде.

Көшпенділер киізден мынадай өнімдерін жасады: киіз үй, киім, үйге арналған жиһазды (жастықтары, кілемдер, ұйықтау үшін тоқыма), ыдыс (сақтау үшін шай сөмкелер, аспаптар), пима және еркектердің бас киімін.

Сабақтың ортасы

3 минут

32 минут

Тапсырма №1. Оқыту әдісі көрнекілік, жұмыстың нысаны - бүкіл сынып, қабылдау - жаңа ақпаратты меңгеру.

Киіз басу техникасымен таныстыру

мақсатында берілген тапсырма.

2. Киіз басу техникасымен танысу. Мұғалім:     Бейнені көрсету: «Киіз».

Оқушылар алдыңғы тапсырмада жасап үйренген белгілер мен шаблондарды пайдаланып, шағын композиция жасау мақсатында киізбен бүгін жұмыс жасаймыз. Оқушылар мұғалімнің көрсеткен әртүрлі техникалық көрнекілігіне қарап және төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып, киіз бұйымдары туралы не білетіні туралы айтады:

  • Киізбен қалай жұмыс жасалады?
  • Киіз неден жасалады?
  • Киіз жасау үшін қандай материалдар мен аспаптар қажет?
  • Қандай түстерді пайдаланған дұрыс?
  • Қандай ою-өрнектер және қалай жасаған дұрыс?
  • Киіз жасау үдерісінің аяқталғанын қалай білуге болады?

Тапсырма № 2. Әдісі шығармашылық жұмыс, нысаны жеке:

3. Киізді дайындаудың негізгі кезеңдері:

1) Тоқыма талшықтарын пленкаға қабатпен салу

2) Сабынды суды құрылымға себу

3) Талшыққа су себу

4) Талшықты пленканың екінші қабатымен жабу және үйкелеу

5) Қосымша үйкеліс үшін талшықты бамбукті шиге орап домалату

6) Аяқтаған соң ағынды су астында жуу және сығу. Кептіргішке кептіруге қою.

Оқушылар жеке жұмыс жасай отырып, өздерінің киіз кесектерін дайындауды бастайды.

Саралау: Кей бір оқушыларға көмек көрсету үшін, үлгі тарату қажет, қосалқы желілері үлгілерімен

әзірлеу ою-өрнектерді салу үшін. Мүмкін, кейбір 

оқушыларға бірнеше мысалдардың құрамын 

жасауға тапсырма беруге қажет.

4. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық: Нақты анықталуы және пайдаланылатын судың тым ыстық болмауы, ал құрғақ тоқыма ленталарының пайдалануға дейін су болмауы ерекшеліктері бақылануы тиіс.

Қалыптастырушы бағалау: дескрипторлары 

бойынша оқушылардің жұмын бағалау үшін:

-Киіз өнімін дайындайды;

-Жұмысты ұқыпты орындап, материалды үнемді жұмсайды.

Кері байланыс:

- Сіздер бүгін сабақта қандай жаңа қолөнер түрімен таныстыныздар?- Сіз үйге арналған және өзіңіз үшін қандай қарапайым бұйымдар киізден басып алаласыз?- Қандай қиындықтармен сен кездестін?- Сіз жұмысынызға ризасыз ба?

Кілем және тоқыма

Меринос жүнді ленталар, сабынды қауыздар, жылы су, суға арналған құмыралар, сүлгі, бамбукты шилер, көбікті қабыршақтар

Киізді өңдеу кезеңдері:

https://yandex.kz/video/search?text=%D0%B2%D0%B0%D0%BB%D1%8F%D0%BD%D0%B8%D0%B5%20%D0%B2%D0%BE%D0%B9%D0%BB%D1%88%D0%BE%D0%BA%D0%B0&parent-reqid=1488291859804049-250356752546402572649910-man1-3509

Сабақтың соңы

3 минут

5. Рефлексия: «Ағаш»

Қызыл алма – Сабақ өте ұнады.

Сары алма – маған сабақ ұнады, бірәқ мен барін үлгерген жоқпын.

Жасыл алма – менің ішім пысты және жұмысты орындаған жоқпын.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Топтар бір-біріне қолдау көрсетеді.Толығырақ қабілетті оқушылар белсендірек жұмыс істейтін болады.Қабілеті бар оқушылар өз бетімен жұмыс істейді, қиналып отырған оқушыларға көмектесу.

  • Сұрақ жауап, өзін-өзі талдау.
  • Бір-бірін бағалау.
  • Тапсырманы дескрипторлармен бағалау;
  • Мұғалімнің бақылауы.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің

Осы сабақ бойынша нұсқаулық нақты анықталуы және пайдаланылатын судың тым ыстық болмауы, ал құрғақ тоқыма ленталарының пайдалануға дейін су болмауы ерекшеліктері бақылануы тиіс.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ басында қойылған мақсаттар қолжетімді, орындалды.

Соңғы тапсырманы уақытқа байланысты барлығы аяқтамады. Практикалық жұмысқа уақыт көбейту.

Олар басқа оқушыларды, жұмыс кезінде тездетеді.

Кейбір оқушылар асықпай жұмыс жасайды.

Саралау практикалық жұмыста жасалды.

Уақыт кезеңдері сақталды.

Сабақ жоспарынан ауытқу болмады.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың жоспарын құрастыру.

2: Жұмысты орындағанда, тапсырмаға дескрипторлар дұрыс құрастырылды, оқушылар олардан не қажет екенің, дәл білді.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Рефлексия өткізуге уәқыт жеткізіліксіз.

2: Ыстық суды пайдалануға жағдай болмады және өтег.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу