Сұлбалар (силуэт). Көркем еңбек, 1 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8D-бөлім: Дені саудың – жаны сау | Мектеп: Көкшетау қаласы, физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||
Сынып: 1 Күні: |
| ||||||||||
Сабақ тақырыбы | Сұлбалар (силуэт) | ||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.4.1 Бейнелеу өнерінің тәсілдері арқылы сезім мен шығармашылық идеяларды жеткізу. | ||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Түйін сөздер: Көлеңке – тень – shade силуэт –силуэт – silhouette кесу – вырезание – excision | ||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құрмет көрсету-жұмыс барысында бір-бірлеріне құрмет көрсетеді; Еңбек және шығармашылық-шығармашылық жұмыс барысында еңбектенуге дағдыланады; | ||||||||||
Бастапқы білім | Алдыңғы сабақта оқушылар тоқыма және баспа түрлерімен танысты. Оларды ашекейлеуді үйренді. | ||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||
Сабақтың басы 2 минут |
| АКТ- презентация | |||||||||
Сабақтың ортасы 35 миннут
|
Суретшіге тапсырыс бойынша портрет салғызу қымбат болғандықтын, көп адамдар осындай арзан суреттерге тапсырыс беретін болған. Мұндай суреттермен заттарды, бөлмелерді және әшекейлерді безендірген. Осы бейнелер силуэт деп атала бастаған. Бұл шамамен 200 жыл бұрын болған. Раймонд Кроуд (Raymond Crowe) – көлеңкелі өнердің шебері. Ол – өзінің Отанында, Австралияда, өте белгілі адам. Раймонд Кроудт Луи Армстронның «Бұл ғажайып әлем» композициясының сүйемелдеуімен қайталанбас көрініс қойды. Раймонд балалардың қарапайым ойынынан тамаша көрініс қоя білді. 3 минуттық көріністе прожектордың көмегімен, әр түрлі кейіпкерлерді сомдады. Көз алдыңда көлеңкелерге жан бітіп, өмір сүре бастағандай болады.
Оқушылардың мүмкін жауаптары: Көлеңке пайда болады. Осыдан кейін оқушыларға осы көлеңкелерден сурет өнерінің ерекше бір түрі дамығанын түсіндіріңіз. Бір түспен боялған кескіндеме силуэт деп аталатынын түсіндіріңіз. Силуэт анық және айқын болуы керек. Силуэттерден картина жасауға болады.
Осы суреттердің қандай ерекшелігі бар? - деп оқушыларға сұрақ қойыңыз. Оқушылардың мүмкін жауаптары: Бұл суреттердің ерекшелігі; барлық сурет қара түспен боялған және қағаздан қиып жасаған сияқты. Оқушылардың жауабынан кейін, силуэттердің көлеңкелер театрында қолданылатынын айтып сабақты қорытындылаңыз. Көлеңкелер театры – өнердің ғажайып түрі. Силуэттер – көлеңкелер театрының негізгі кейіпкерлері. Сен білесің бе? Көлеңкелер театры ең алғаш рет Азияда пайда болған.
Көлеңкелер театры – бұл көркем өнердің ғажайып түрі. Жұмыс істеу әдістеріне қарай олар бірнеше топқа бөлінеді: қолғапты – қолдарына қолғап киіп жұмыс істейді, сымды – сым адам қолының қимылымен қозғалады, жіптің көмегімен жүреді.
Міндетті түрде оқушыларға жұмыс тәртібін түсіндіріңіз: • кейіпкер таңдап ал, оның ерекше қасиеттерін атап бер; • қара қатырма қағазда кейіпкердің силуэтін сал. Суреттің сұлбасында қимыл-қозғалысының ерекшелігін көрсет. • көлеңкелі бейнелерді қайшымен қиып ал; • оны скотчпен таяқтарға жапсырып қой. Саралау – кейбір оқушыларға дайын шаблон беріледі, ал кейбіріне мұғалім көмек көрсетеді. Пәнаралық байланыс. Осы ертегіге қандай музыка сәйкес келетінін сұраңыз. Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру. Қабырғаға А4 форматты қағаз, қайшы және көлеңкесі түсіп тұрған суретті алдын ала іліп қойыңыз. Оқушыларға түйінді сөздерді үш тілде жазып, суретердің астына сәйкестендіріп ілуді тапсырыңыз. | АКТ- презентация Интернет-ресурстар: http://www.youtube. raymond crow on Spicks and Specks Ресурстар Қағаз, қатырма қағаз, қайшы, қарындаш, желім, оқулық, дайын үлгілер.
| |||||||||
Сабақтың соңы 3 минут |
Жұмысты жұпта бағалау ұсынылады. Бағалау критерийі: силуэттің жануарға ұқсастығы, сұлбасы бойынша қию. | ||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||
Саралау – кейбір оқушыларға дайын шаблон беріледі, ал кейбіріне мұғалім көмек көрсетеді. | Бағалау. Жұмысты жұпта бағалау ұсынылады. Бағалау критерийі: силуэттің жануарға ұқсастығы, сұлбасы бойынша қию. | Шығармашылық жұмыс барысында оқушылар қойшымен, желіммен, әр түрлі бояулармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтайды. | |||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?