Әскери – саяси тұрғыдағы өркениеттер қарым – қатынасы. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, қосымша материал, 1 сабақ.
RAVEN жүйесі арқылы тарихи деректі талдау:
АВТОР РЕПУТАЦИЯСЫ | Деректі кім жазды? Автордың қызметі қандай? Қай жылдары өмір сүрді? Сізге автордың репутациясы туралы не белгілі? Автордың репутациясы сенім туғыза ма? Автор жазып отырған мәселесі бойынша сарапшы бола ала ма? |
КӨРЕ АЛУ МҮМКІНДІГІ | Ақпарат қай жерден алынды? Дерек бірінші деңгейлі ме? Жазып отырған оқиғаны өз көзімен көрді/ бақылады ма? Егер дерек бірінші деңгейлі болса, қандай басымдықтары бар? Бірінші деңгейлі деректің қандай кемшілік тұстары бар? Дерек екінші деңгейлі ме? Егер дерек екінші деңгейлі болса, қандай басымдықтары бар? Екінші деңгейлі деректің қандай кемшілік тұстары бар? Автор сенімді ақпаратқа қол жеткізе ала ма? Автордың интерпретациясына назар аударыңыз. |
ЖЕКЕ МҮДДЕ | Неліктен осы дерек жарыққа шықты? Деректің мақсаты неде? (ақпарат беру, көндіру, дәлелдеу, даттау, қорғау, наисхаттау, кінәлау және т.б.). Жазылу құрылымына қарай деректің мақсатын анықтауға бола ма? Сын есімдерге және етістікке назар аударыңыз. (Егер автор асқақтап айтылған сөздер қолданса) Автордың оқиғаға жеке мүддесі бар ма? Автор жалған ақпарат айту арқылы өзіне пайда келтіре ала ма? Автор ақиқатты айту арқылы өзіне пайда келтіре ала ма? Жеке мүддеге әсер ете алатын факторлар:
|
САРАПТАУ | Автордың жазып отырған саласы бойынша нақты білімі бар ма? Автор өз позициясын түсіндіре ме? Түсіндірмесі қаншалықты сапалы? Автор өзінің позициясына мысалдар келтіре ме? Автор сенімді ақпарат негізінде жазып отыр ма? Автор беріп отырған ақпараттың сенімділігін басқа деректер арқылы тексере аласыз ба? Мәтінде қателіктер бар ма? |
БЕЙТАРАПТЫҚ | Автор мәселені обьективті қарастырып отыр ма? (күшті және әлсіз жақтары, әртүрлі көзқарастар және т.б.) |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру