«Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


«Қара індет» салдары

 Қара індеттен кейін Еуропада жыртылмаған жерлер көп болды, бірақ онда жұмыс істейтіндер саны аз болды. Шаруа еңбегі бағалана бастады. Шаруалар тиімдірек рента ұсына алатын жер иеленушілерді іздеді. Олар өздерінің құқықтары мен еңбегінің төлемдерінің жоғарылауын талап ете бастады. Жер иеленулер өз кезегінде шаруалардың жеке тәуелділігі мен міндеткерлігін сақтап қалуға тырысты. Сонымен қатар арнайы заңдар енгізу арқылы еңбек төлемінің максималды шамасын орнатуға тырысты. Бұл шаруалардың ашу-ызасы мен бағынбаушылығына алып келіп, қарулы бүліктер де орын алды. Король жерлерінде де жұмысшылар санының азаюынан билеушілер жаңадан көптеген салық түрлерін енгізе бастады. Осының барлығы корольдер мен феодалдар билігіне қарсылықтарды күшейтті. Қара індет жаңа идеялардың пайда болуына және орта ғасырлық сананың өзгеруіне алып келді. Халықтың медицинаға деген сенімі жоғарылады. Дәрігерлер тұрақты жұмыс істейтін ауруханалар саны көбейді, ал қалалық кеңес оларға сыйақы төледі. Әр қалада дәріханалар ашылып, дәрілік өсімдіктерді өсіру үшін ботаникалық бақтар құрылды. Сол уақытта өмір сүргендер оларды «денсаулық бақтары» деп атаған. Медицина факультеттері ашылған университеттер саны өсті. Қалалардың тазалығына көп көңіл бөлінді. Еуропалық мемлекет билеушілері жаңа індеттерден сақтану мақсатында көшелерді таза ұстау жөнінде жарлықтар шығара бастады.

Кестені толтырыңыз:

Экономикалық зардаптар

Саяси зардаптар

Әлеуметтік зардаптар

Дескриптор:

  • Обаның экономикалық зардаптарын анықтайды;
  • Обаның саяси зардаптарын анықтайды;
  • Обаның әлеуметтік зардаптарын анықтайды;

Англиядағы шаруалар көтерілісі

 1381 жылы көктемде Англияның оңтүстік-шығысында шаруалар көтерілісі басталды. Оған Франциямен соғысты жалғастыру үшін жаңа салықтың енгізілуі себеп болды. Көтерілісшілер салық жинаушыларды ұрып-соғып, олардың кейбіреулерін өлтіріп те жіберді. Көтеріліске бүрын Жүз жылдық соғысқа қатысқан Уот Тайлер басшылық етті. Лондонға жақын жатқан екі графтықтың шаруалары астанаға қарай аттанды. Олар корольдің «ақымақ кеңесшілерін» жазалап, корольге өз талаптарын орындатуды көздеді.

Көтерілісшілер үкімет қамап қойған діндар Джон Боллды түрмеден босатып алды. Ол шаруаларды үкіметтің зорлық-зомбылығына қарсы үгіттеушілердің бірі болатын. Джон Болл король соттарының сатқындығын, епископтардың тойымсыздығын, феодалдардың қаталдығын әшкереледі. Ол тыңдаушыларға «Адам ата жер жыртып, Хауа ана жіп иірген кезде кім дворян болған еді?» деген сауалды жиі қойғанды жаксы көретін.

Лондонның кедейлері көтерілісшілерге кақпаны ашып берді. Шаруалар король сыбайластарының үйлерін талқандап, өшіккендерін өлтіріп те жіберді. Қалада көптеген жазықсыз адамдар да шаруалар соққысына жығылып, қаза тауып жатты.

Король II Ричард көтерілісшілермен кездесуге мәжбүр болды. Көтерілісшілер мынандай талаптар қойды:

- жеке адамдардың тәуелділігін, барщинаны жою (адамдар тек өз еріктерімен ғана тәуелді бола алады);

- жерді пайдаланғаны үшін оның иесіне салықты тек акшамен ғана төлеу;

- қалалар мен селоларға сауда бостандығын беру;

- көтерілісшілерге кешірім жариялау.

Уот Тайлердің өлімі.

Король бұл талаптармен келісіп, уәдесін орындайтындығы туралы грамоталар беруге жарлық етті. Шаруалардың бірсыпырасы Лондонды тастап, үйлеріне тарап кетті. Бірақ көтерілісшілердің бір тобы бұл жеңілдіктерге қанағаттана коймай, Уот Тайлер және Джон Боллмен бірге Лондонда қалып койды. Олар корольмен екінші рет кездесіп, жаңа талаптар қойды. Ол талаптар:

- епископтар мен монастырьлардың жерлерін тартып алып, шаруаларға үлестіру;

- корольдерден басқа барлық ағылшындардың теңдігін орнату (дворяндардың артықшылықтарын жою) тұрғысында болды.

 Король шаруалармен келіссөз жүргізіп жатқанда Лондонның мэрі Уот Тайлерді опасыздықпен өлтіреді. Король шаруаларға толып жатқан уәделер беріп, оларды үйлеріне қайтуға көндіреді. Көсемінен айырылған көтерілісшілер Лондоннан қайтып кетеді. Көтеріліс шыққан аудандарда король соттары жұмыс істеп, көтеріліске қатысқандарды қатаң жазалайды. Джон Боллға үкім шығарылып, ол да өлім жазасына кесіледі.

 Көтеріліс ағылшын мырзаларын біршама үрейлендіріп тастады. Олар шаруаларды белгілі бір шамадан артық қанау бүліктен басқа ештеңеге жеткізбейтінін түсінді. Сондықтан мырзалардың бір тобы корольге қызмет етуге келе бастады. Шаруалар жеңілдіктерге ие болды. Уот Тайлер көтерілісінен жүз жыл өткен соң Англияда жеке қожайынға тәуелді шаруа қалмады деуге болады.

Франциядағы шаруалар көтерілісі

Гильом  - Мелло қыстағының шаруасы, Жакерияның басқарушысы.

Гильом Каль орта ғасырларда Батыс Еуропада феодалдық шаруа көтеріліске 1358 жылы Францияда шықты. Ол өз іс-әрекеттерін біріктіру, бүлікші шаруалар қатарына кейбір ұйымдастыру алып тырысты; көтеріліс азаматтарды тартуға тырысты. Оның арқасында, шаруалар бейбіт ауылдық шабуыл жасады. Ол серілерді(рыцарь) тұтқынға алып, бүлікшілерге ант беруге мәжбүр еткені белгілі. Серілер шаруаларды әскери тәртіпке үйретулері керек болды. Гильом Каль Карл Наварский бір апта шабуыл жасай алмай, ақыры қулық жасап, Кальді келіссөзге шақырғанда қайтыс болды.Гильом оның серілік сөзіне сенді де, өз қауіпсіздігін ойламай, ақсүйектер лагеріне кіргенде, қолға түсіп қалды. Осылайша, өз басшыларынан айырылған бүлікшілер бөлініп кетеді. Гильом Клермонда дарға асылады.

Жакерия (фр. Jacquerie) — Франциядағы антифеодалдық шаруалар көтерілісі (1358). Феодалдық қанаудың күшеюі, экономикалық күйзеліс (1337-1453 жылдардағы жүз жылдық соғысқа байланысты), жалдамалы әскерлердің тонауы себепші болды. Көтеріліс 1358 жылы 28 мамырда Сен-Ле-д’Эссеран ауылында басталып, кейіннен Пекардия, Иль-Де-Франс және тағыда басқа обылыстарды қамтыды. Бұл қозғалысқа сонымен қатар кейбір қалалар да қатысты: Мо, Бове. Санлис, Мондидье, Краван және т.б. Әсіресе Бове обылысында Клер Парижді қоршаған, сөйтіп азық-түлік жеткізуге бөгет жасаған бірнеше қамалды бұзды, бірақ бұл мәселені шешкеннен кейін қалалықтар Парижге оралды. Шаруалардың негізгі отряды 1358 жылы 10 тамызда Мелло және Монтатер маңында талқанданды.

Уат Тайлер шаруалар көтерілісі

Гильом Каль бастаған шаруалар көтерілісі

  • Көтерілістің себептері
  • Хронологиялық шеңбері
  • Көтеріліс басшылары
  • Көтерілістің салдары

Дескриптор:

  • Көтеріліс басшыларын анықтайды;
  • Көтерілістің атауын атайды;
  • Көтерілістің хронологиялық шеңберін анықтайды;
  • Уот Тайлер бастаған шаруалар көтерілісінің кем дегенде 3 себебін анықтайды;
  • Жакерияның кем дегенде 3 себебін анықтайды;
  • Екі көтерілістің салдарын анықтайды.

Тарихи дерек

«Осы уақытта ... ит пен қасқыр туралы мысалдың шынайылығы расталды деп айтуға болады. Бір кездері мықты ит болған, қасқырлардың шабуылынан өзінің қойларын ерлікпен қорғайды деп үміттеніп, оған мырзасы толық сенім артқан. Көп рет осылай болған. Бірақ уақыт өте келе қасқыр иттің досына айналып, қойларды жазасыз алып кетуге жол берген, ал өзі қойды тартып алуға, өз мырзасына қайтаруға тырысқан кейіп танытады. Қасқыр мен ит орман жанында және бақташы көзінен таса жерде екеуі ғана болған кезде, қойды бірге жеген... Ақырында ол жолдасымен бірге өз мырзасының барлық қойларын жалмап бітірген...»

«Хроника». Жан де Венетт, XIV ғ.

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу