«Қара індет» шаруалар көтерілістері мен феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


 МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 15.2

 

 VI бөлім: XIV - XVI ғасырдың бірінші жартысында ортағасырлық еуропалық қоғам.

 Сабақ тақырыбы: Қара індет шаруа көтерілістерінің және феодалдық соғыстардың басты себебі болды ма?

 Оқыту мақсаты:

 6.3.2.2 - У.Тайлер, Г. Каль жетекшілігімен болған антифеодалдық көтерілістердің себептері мен маңызын анықтау;

 6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату

 Тарихы концепт: себеп пен салдар

 

 Сабақтың өзара байланыс компоненттері:

 

 1. Сабақтың басында ұйымдастыру және алдыңғы алған білімді өзектендіру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Сабақтың басында оқушылардың эмоционалды жағдайын жақсарту үшін «Сөйлемді аяқта» атты әдісті қолданыңыз. Мұғалім балаларға арналғаң өлеңді бастайды, ал оқушылар оны хормен аяқтайды. Мысалы:

 Біз осында ... (оқуға) келдік

 Жалқау болу үшін емес, ... (еңбектену) үшін.

 Тек сол көп біледі, кім ... (оқиды)

 Және сол өзінің мақсатына ... (жетеді)!

 Мұндай жаттығу оқушыларға сабаққа эмоциональды тұрғысынан дайын болуларына, сыныпта жағымды микроклимат жасау үшін және «осы жерде және қазір» сәтіне көңілдерін аудартуға көмектеседі.

 2 Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға Жүзжылдық соғыс шайқастарының бірін көрсететін ортағасырлық миниатюраны көрсетіңіз. Оқушылардан сұраңыз: Сендер не көрір тұрсыңдар? Қандай оқиға бейнеленген деп ойлайсыңдар? Сіздерде қандай сұрақтар бар? Оқушылардың жауаптарын тыңдап болғаннан кейін, оларды толықтырып, Еуропадағы оба эпидемиясынан кейін шаруа көтерілістері мен Жүзжылдық соғыс басталғанын айтыңыз. Оқушылардан олар тарихи оқиғалардың «ұзақмерзімді» және «қысқамерзімді» салдары қандай болатынын талқылаңыз. Оқушылардың жауаптарын қорытындылай келе, оларға осы сабақта Қара індеттің ұзақмерзімді салдарымен танысатынын хабарлаңыз.

 Оқушыларды сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерийлерімен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.

 Оқушылармен бірге сабақта жүргізілетін зерттеу жұмыстың бағыттарын анықтаңыз. Мысалы:

- Қара індеттің салдарын анықтау;

- Жүзжылдық соғыстың себептері мен барысын зерттеу;

- Қара індет саладының шаруалар көтерілістерінің басталуына себептерін зерттеу;

- Англия мен Франциядағы шаруалар көтерілістерді салыстыру;

- Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды жасау.

 3. Карточкалармен жұптық жұмыс. Оқушыларға Қара індеттің салдарын сипаттайтын шағын мәтінді ұсыныңыз және оларды қысқамерзімді және ұзақмерзімді салдарына іріктеуді сұраңыз.

 Мәтіннің мысалы:

 «Қара өлім» барлық жерге енді. Төрт жыл бойы, 1347 жылдан 1351 жылға дейін оба Еуропаны ойран қылды. Халықтың күрт азаюы нәтижесінде ұзақ экономикалық дағдарыс пен халықтардың көшіп-қонуы пайда болды. Бұл халықтың төмендеуі Еуропада 400 жыл алға демографиялық ахуалды қалыптастырды. Тек XVI ғасырдың соңына қарай тұрғындардың бұрыңғы санын қалпына келтіру мүмкін болды.

 Көптеген адамдар Құдайдың күшіне күмән келтіре бастады. Өлімнің неліктен жаман ғана емес, жақсы адамдарды да алып кететінін түсінбеді. Шаруалар ауылдарды тастап кетті, шіркеулер бос қалды. Еуропада эпидемияға дейін төмен жалақы алған жұмысшылардың енді еңбек жалақысы жоғарлады. Ауыл тұрғындары қалаға ағылып, олар алғаш рет өз еңбегіне ақша алатын болды.

 XIV ғасырдың алғашқы онжылдықтарында Еуропада халық көтерілістерінің толқыны сырғып өтті. Салықтардан шаршап, тозған шаруалар дворяндарға қарсы көтерілді. XIII ғасырда көтерілістер негізінен қалаларда өтетін болса, бұл жолы көтерілістер алаңы ауылдар мен қалаларға таралды. Бүліктер Еуропаның кқптеген елдерінде бір мезгілде пайда болады. Бұл қалалардың өсуін және ауыл шаруашылық әлемінің дағдарысқа ұшырағанының белгісі болды. Шаруалардың акылдан қалаға үлкен қарқынмен ағылуы қаладардағы тұрғын үй бағасының өсуіне және еңбек нарығының аса қанықтыруына әкелді. Астық өнімдерінен басқа тауарларға бағаның өсуі, еңбек ақының өсуін жоққа шығарды. Ортағасырлық қоғам кедейшілік кезеңіне аттанды. Оба індетінен аман қалғандардың көпшілігі, аштық пен соғыстардан аман-есен шығып, олар көбінесе замоктар мен шіркеулердің қақпасы қасында отырыр, қайырымдылық сұрағаннан басқа өмір сүрудің басқа жолдарын таба алмады.

 Әлсіреген феодалдық жүйе күйреді. Келесі ғасыр көптеген өзгерістерге жол ашты. Орта ғасырлар аяқталып, жаңа, аңғырт емес, әлем пайда болды.

  Тапсырманың дескрипторлары. Оқушы:

  •  Қара індеттің кем дегенде 5 қысқамерзімді салдарын анықтайды;
  •  Қара індеттің кемінде 5 ұзақмерзімді салдарын анықтайды;
  •  Қара індет біткеннен кейін Еуропадағы өзгерістер туралы қорытынды жасайды.

 4. Бейне ресурспен және оқулық мәтінімен жұмыс. Оқушыларға Жүзжылдық соғыс туралы бейнеролик көрсетіңіз. Бейнересурсты көргеннен кейін оқушылардан алынған ақпаратты және оқулықтың материалын пайдаланып, соғыстың даталары мен негізгі оқиғаларын салыстыру үшін «Салыстырыңдар» атты тапсырмасы орындауды ұсыныңыз.

 Мұғалімге карточкалар жасауға арналған материал:

 1328 ж. Капетингтер әулетінің өкілі, Франция королі IV Карл қайтыс болғаннан кейін Францияның тағына қаза болған монархтын немере ағасы Филипп Валуан отырды. Бірақ оған IV Карлдың анасы жағынан немересі, ағылшын король III Эдуард таласа бастады.

 Эдуард Карлдың жақын туысы болып табылады, бірақ оның таққа талаптануы қабылданбады, себебі француз Сали ақиқатына сәйкес, тақтың мұрагері әйелдер желісі бойынша емес, еркектер желісі арқылы тағайындалады.

 1337 ж. - Француз тағына өз құқығын талап еткен III Эдуард Францияға қарсы жүз жылға (үзілістермен) созылған соғысты бастады.

 1340 ж. Слюйс маңында болған теңіз шайқасында ағылшындар француздарды жеңді.

 1346 ж. Креси шайқасы (Нормандияда) - Жүзжылдық соғыстың үш негізгі шайқастарының бірі. Садақшыларының арқасында ағылшындар француздарды жеңді.

 1355 ж. – Қара ханзаданың (ағылшын тағынын мұрагері) армиясы Францияның оңтүстік аймағын ойсыратты.

 1356 ж. –Пуатье шайқасы - Жүзжылдық соғысындағы үш негізгі шайқастарының екіншісі. Француздар одан да үлкен жеңіліске ұшырады. Француз королі Қайырымды Иоанн ұлы Филиппен бірге тұтқынға түсті.

 1357 – 1358 жж. – Париждегі Этьен Марсель басқарған бүліктер және шаруалардың Жакерия деп аталған көтерілісі Францияны соғыста жеңілуіне жақындатты.

 1360 ж. – Бретиньидағы бейбітшілік келісім. Ағылшындарға Францияның аумағының үштен бірі (бүкіл оңтүстік-батысы) беріледі.

 1369 ж. – Француздар Жүзжылдық соғысты жалғастырды. 1374 жылы француз әскерлері ағылшындарды Кале, Бордо және Байонны қалаларынан басқа олар жаулап алған барлық қалалардан қуып шықты.

 1415 ж. Азенкур маңындағы шайқас - Жүзжылдық соғысындағы үш негізгі шайқастардың соңғысы. Француз әскерлері толық талқандалды.

 1419 ж. - Франциядағы сарай бүліншіліктер кезінде бургундиялық герцог Батыл Иоанн (Жаужүрек) өлтірілгені бургундиялықтарының партиясымен ағылшындардың одақтасуына жол ашты.

 1420 ж. Труа қаласында Бургундия партиясының қолдауымен Келісімшарт қабылданды: ағылшын короьі V Генрих Франция королінің қызы Екатеринаға үйленеді және заңды мұрагер - дофин Карлды - айналып өтіп, француз тағын иеленуге құқығын алады.

 1422 ж.- V Генридің қайтыс болуы және Ағылшын тағы нәресте VI Генриге ауысуы Франциядағы британдықтардың Тру шартын мойындамаған дофин Карлға қарсы одан әрі әрекеттер жасауға кедергі келтірді.

 1428 ж. британдықтар Францияның оңтүстігіндегі Луара арқылы ең маңызды бағыттарды бақылайтын Орлеан қаласын қоршауға алды.

 1429 ж.- Жанна д'Арк бастаған дофин Карлдің әскері Орлеан қаласын қоршаудан босаттты. Реймс қаласында дофин Карлдің таққа отыру рәсімі өтті. Жүзжылдық соғыс француздардың пайдасына қалай бұрылды.

 1435 ж.- Бургундтар Англиямен одағын бұзып, Францияның королі VII Карлмен одақтасты және оған Парижді тапсырды.

 1449 ж. - Француздар Руанды басып алды.

 1453 ж. Кастильона маңындағы шайқас - Жүзжылдық соғысының соңғы маңызды шайқасы. Ағылшындар Бордоны тастап кетті. Жүзжылдық соғыс аяқталды. Британдықтар француз территориясында өз билігінде тек Кале портын сақтап қалады.

 Тапсырманың дескрипторлары. Оқушы:

  •  бейнересурстан маңызды ақпаратты тағдап алды,
  •   оқулық мәтінінен маңызды ақпаратты таңдап алды,
  •  Жүзжылдық соғыстың даталары мен оқиғаларды дұрыс сәйкестендірді.

 Осы жұмысқа бөлінген уақыт аяқталғаннан кейін, дескрипторлармен өзара бағалау жүргізіледі. Оқушылармен келесі сұрақтарды талқылаңыз: Қара індет пен Еуропадағы Жүзжылдық соғыс арасында байланыс бар ма? Бұл байланыс неден көрінеді?

 Оқушыларды бұл байланыс соғыс себептері арқылы айқындалады деген қорытындыға жеткізіңіз. Қара індеттен кейін Францияның бытыраңқылығы күшейді, корольдің билігі әлсіреді, елде экономикалық дағдарыс тарады. Ағылшын королдері француз тағына және Францияның жеріңің иеліктерін жаулап алуға кірісті.

 Дескриптор:

  •  Оқушылар талқыланып отырған мәселе бойынша өздерінің пікірлерін еркін айтады және оған қатысты дәлел келтіреді.

 5. Топтық жұмыс. Оқушылардың топтарын Франция мен Англиядағы шаруа көтерілістерінің оқиғаларын сипаттайтын материалдармен қамтамасыз етіңіз. Топтарға Венн диаграммасы бейнеленген флипчартты беріңіз. Оқушылардан екі көтерілістерді келесі сұрақтар арқылы салыстыруларын сұраңыз:

  •  Көтерілістің аталуы
  •  Басшылары
  •  Көтерілістің болған жылы
  •  Себептері
  •  Негізгі оқығалар
  •  Көтерілістердің салдары.

 Бөлінген уақыттың соңында оқушылар сынып алдында өз пікірлерін айтады, қалған топтар оларға сұрақ қояды, топтардың пікірлерін талқылайды.

 Тапсырмаға дескрипторлары:

  •  Оқушылар диаграммада Еуропадағы шаруа көтерілістерінің кемінде 5 ерекшеліктерін айқындайды.
  •  Оқушылар диаграммада Еуропадағы шаруа көтерілістерінің кемінде 5 айырмашылықтарын көрсетеді.
  •  Постерде тек маңызды ақпаратты баяндайды
  •  Топтың өкілдері ақпаратты анық және түсінікті етіп ұсынады
  •  Топ мүшелері қарсыластардың барлық сұрақтарына жауап бере аладыі.

 Оқушылар бұл екі көтерілістің көптеген ұқсастықтары болғаны туралы қорытындыға келеді: олардың ұқсас себептері мен салдары бар және көп көтерілістердің барысы да өте ұқсас.

 Бұл көтерілістер феодалдар мен оларға тәуелді шаруалар арасындағы терең қарамақайшылықтар болғанын көрсетті. Көтерілістер шаруалардың жағдайына аз болсада, кейбір жеңілдіктер әкелді, бірақ олардың тәуелді жағдайы сақталды, өйткені олар феодалдарға жер иеліктері болмағандықтан экономикалық тұрғыдан тәуелді болды.

 

 6. Рефлексия откізу үшін «Бағдаршам» әдісін қолданыңыз. Оқушыларға сабаққа қатысты келесі қорытындыларға сәйкес келетін белгілі бір түсті шеңберін көтеруді сұраңыз:

 Жасыл шеңбер - Мен бәрін түсіндім және барлық тапсырмаларды орындай алдым.

 Сары шеңбер - Мен бәрін түсіндім, бірақ тапсырманы орындау мен үшін қиын болды.

 Қызыл шеңбер - Мен ештеңе түсінбедім және тапсырмаларды орындай алмадым.

 Оқушылардың жауаптарын қорытындылаңыз, қажет болған жағдайда болашақта жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар берініз.

 

 7. Үй тапсырмасы ретінде оқушылар сабақтын тақырыбына байланысты көркем әдебиет туындыларын оқуды ұсыныныз, мысалы:

  •  Фруассардың 1335-1340 жылдарының "Хроникаларын"
  •  Ч. Поулсен. "1381 ж шаруалар көтерілісі".

 

Саралап оқыту мүмкіндіктері

 

 1-тапсырма. Оқу қабілеттері жоғары оқушылар үшін.

 Дұрыс және дұрыс емес тұжырымдамаларды анықтаңыз:

  • Жүзжылдық соғыстың алғышарты - Францияның Англиядан Аквитанияны тарпып алу талпынысы болды.
  • Француз әскері соғысқа жақсы дайын болды.
  • 1340 жылы Слейс қаласы маңындағы теңіз шайқасында британдықтар жеңіске жетті.
  • «Қара ханзада» деп француз королі Эдуард аталды.
  • 1415 жылы Азенкур шайқасында француздар жеңіліске ұшырады.
  • Қолбасшы Бертран Дюгеклен тұсында француз әскері британдықтарға қарсы кең ауқымды әскери операциялар жүргізе бастады.
  • Бургундияның герцогы мен Орлеан герцогынын соғысуы Францияның жағдайын одан әрі қиындатады.
  • Француз әскері жеңіске жете алатынына сенімін жоғалтқан кезде, Франция халқы батылдық пен жеңіске жету талпынысын танытты.
  • Орлеан – Францияның болашақ тағдырын анықтаған қала.
  • Жүзжылдық соғыс 1455 жылы аяқталды.
  • Жүзжылдық соғыс нәтижесінде Англия жеңді.
  • Жүзжылдық соғыс Францияны бірігуі үшін қажет болды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу