Неліктен VIII-XII ғасырларды ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, дидактикалық материал.


http://shava.kz/prezentaciyalar/tarih/print:page,1,1530-orta-asyrday-arab-parsy-mdeniet.html

Қосымша 1

Араб — ислам дінін ұстанып, араб тілін ғылыми және әдеби тілге айналдырған араб және басқа да халықтар өркениеті. Ғылымда “араб мәдениеті” деген атпен белгілі. Орта ғасырларда Таяу және Орта Шығыста, Солтүстік Африка мен Оңтүстік-Батыс Еуропада өркен жайған. Ғылымды дамытуға және оны басқа елдерге таратуға тікелей әсер еткен араб өркениеті Батыс, Оңтүстік және Солтүстік Арабияда туып, қалыптасты. Бұрын сабей тілінде сөйлейтін Оңтүстік Арабия халқының көне мәдениеті, өзіндік жазуы болған. Сирия, Ливан, Палестина, Ирак елдеріндегі арамей халықтарының мәдениеті сияқты сабей мәдениеті де араб өркениетінің дамуына негіз болды. 4 ғасыр шамасында пайда болған араб жазуы, арамей жазуының дамытылған түрі еді. Шапқыншылық соғыстар нәтижесінде ұлан байтақ империяға – халифатқа айналған Арабиядағы қатынас құралы осы жаңа жазуы бар араб тілі болды. Исламды енгізген Мұхаммед пайғамбардың уағызы бойынша барша қауым осы жаңа дінді мойындай отырып ілгері дамуға, жаңа аймақтарға осы бағыттың артықшылығын түсіндіруге, уағыздауға тиіс болды.

Халифат құрамына Шығыс, Солтүстік Африка, ИракАуғанстанПиреней түбегінің басым бөлігі, Кавказдың оңтүстігі мен Солтүстік-Батыс Үндістан кірді. Осы жерлердегі халықтардың мәдениетімен қоса көне грек, эллин, рим, үнді мәдениетінің жетістіктерін бойына сіңірген, анағұрлым озық мәдениет жасалды. Оған парсылар, сириялықтар, Орта Азия мен Кавказ халықтары зор үлес қосты. Осылайша қалыптасқан араб мәдениеті Батыс Еуропа халықтарына және дүниежүзілік мәдениетіне игі әсер етіп, оған орасан зор үлес қосты. Арабтардың астрономия саласындағы еңбектері Еуропа астрономиясының негізін қалады. Осы күнге дейін көптеген жүлдыздардың аттары, ғылыми, мәдени терминдер араб тіліндегі атауын сақтап қалған

ерекшеліктері

маңыздылығы

Ислам өркениеті

 

 

 

 

 Тапсырма: керекті сөздерді тап

 Араб халифатының құрылуы.

 632 жылы *** пайғамбар өлген соң қауым басшысы болып Мұхаммед *** әрі жақын досы, әрі қайын атасы Әбу-*** (632-634 жж.) жарияланды. Ол “***” (орынбасары) деген атақ алды. Бұл өте мазасыз кезең еді. Жан-жақты *** билігін мойындағысы келмеген тайпалар арасынан жалған *** шыға бастады. Осындай мазасыз кезеңнен кейін *** жазушылары мен тарихшыларының еңбектерінде “Ар-Рида”, яғни, “дінінен безу”, “дінінен бөліну”, деген атаққа ие болады. Ал шын мәнінде ол “діннен безгендер” деп саналған тайпалар әлі *** дінін қабылдамағандар еді. Жалпы Мұхаммед *** өлген кезде Ислам дінін қабылдаған араб тайпаларынан ол дінді әлі қабылдап үлгермеген *** көп болатын. Олардың кейбіреулері өздерінің бұрынғы нанымдарында қалғанымен, мединалық қауымның саяси билігін мойындады. Енді біреулерінің арасында *** дінін қабылдап, Мединаның ықпалына бағынуды жақтайтын топтары болды. Сондай-ақ ислам туралы хабары жоқ, мединалық қауымның ықпалын сезінбеген тайпалар да болды. Л. Кэтани Аравия тайпаларын олардың ислам дініне қатынасы жағынан *** категорияға бөледі:

 1 – категориясына ислам дінін қабылдаған ***-Мединалық қауым басшылығының қол астындағы тайпалар жатады. Бұл негізінен Мекке мен ***, сол қалалардың жақын маңында тұратын джухейн, мувейн, бали, асджа, аслале, хузейя, хуза т.б. ұсақ *** болды.

 2 – категорияның құрамына Орталық Аравияның хавазин, Амир ибн-сасааб, тайб, сулейм тайпалары кірді. Бұл тайпаларға *** дінін қабылдағандардың ықпалы зор болды. Бірақ олардың арасында кішігірім топтары Медина ықпалына қарсы-күресте өте зор *** танытты.

 3 – категориядағы ислам дінін ұстанушылар ықпалы енді-енді тарап келе жатқан тайпалар кірді. Бұл тайпалардағы *** өте аз болды. Бұл асад, гатафан, тамим тайпалары.

 4– категорияға өздерінің саяси және идеологиялық тәуелсіздігін сақтап қалған тайпалар енді. Олар: ал – Исламдағы Ханифа, абд ал – Кайс, азад тайпалары, Иемен мен Хабрамауттағы тайпалардың көпшілігі. Ал христиан дінін ұстанушы араб тайпаларына жаңа дін *** ешқандай ықпал еткен жоқ. Бұл келб, кудао, бахра, гассан, бекр ибн-вайл, танух, таглиб тайпалары еді. Сондай-ақ Махарадағы, Иемен мен Хадрамауттағы кейбір политейстік бағыттағы тайпалар да ислам дініне еш қатысы болмады. Бірақ, бұл соңғыларына Иудейлік діннің ықпалы күшті болды. Жекелеген тайпалардың саяси және идеологиялық тәуелсіздігін жақтаушылар жергілікті әулие пайғамбарлар болды. Олардың кейбіреулері өз насихатын Мұхаммедтің тірі кезінде - ақ жүргізді.

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу