Арғы тегім – Ата Түрік. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім «Өнер»

Мерзімі: 3-тоқсан

Модератор: Сейтахметова Ж.М.

Сынып: 3

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Арғы тегім – Ата Түрік

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.3.2.1 Түрлі материалдар негізінде ежелгі түркілердің өмір жолын анықтайды

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

- ежелгі түркілердің өмір салтын анықтайды.

Бағалау критерийлері

- түркілердің өмір сүру салтын біледі;

- ежелгі түркілердің өнерінің ерекшеліктері туралы әңгімелейді;

- ежелгі түркілердің мәдениеті туралы мәтінде үш нақты қатені анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- ежелгі түркілердің өнер түрлері туралы әңгімелейді.

Терминология:

  • Ежелгі түркілер

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Ежелгі түркілер туралы не білесіңдер?

- Олардың өнер түрлері немен ерекшеленеді?

- Қазақстан ежелгі өнерінің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?

Жазуға берілетін тапсырма:

- «Мен ежелгі түркілерде қонақтамын» тақырыбында әңгіме құрау

Құндылықтарды дарыту

Патриотизмді дамыту тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтау маңыздылығын түсіну, көне түркілер тарихын танып білу арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Көркем еңбек: әр түрлі заттарды ермексаздан жасау.

Әдебиеттік оқу: ескерткіштерді сипаттау.

Алдыңғы меңгерілген білім

3 сыныптың «Уақыт» тарауынан адамдардың көшпенді және отырықшы өмір салтының ерекшеліктері,ертедегі түркілердің өмірі туралы ,мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптасқан.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-6

7

  • «Есіңе түсір» тапсырмасы (ұжымда)

Оқушыларға 3 түрлі суреттер ұсынылады: көне ескерткіш, киіз үй және көне қала. 3-бөлімде оқыған тақырыпты еске түсіріп, сызбалар мен жазуларға сәйкес, естеріне түскен тұжырымдарды жазу ұсынылады.

«Ескерткіш»

«Көшпенді»

«Отырықшы»

Мұғалім оқшылардың қалаулары бойынша үш тұжырымды дауыстап оқуды ұсынады. Мұғалім кейбір негізгі тұжырымдарды тақтаға жазып, бүгінгі сабақта ежелгі ата-бабаларымыз туралы әңгіме жалғасатынын айтады.

  • Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
  • Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
  • Сабақ мақсаты ұсынылады:
  • Түркілердің өмір салтын анықтау.

Таратпа парақ

(дидактикалық материалға қараңыз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Бор, тақта

Слайд №3

Сабақ ортасы

8-14

15-19

20-24

25-35

  • «Айналмалы жазу» тапсырмасы (топта)

Осы стратегия бойынша «Мен ежелгі түркілерде қонақтамын» тақырыбында тірек өздерді, иллюстрацияларды, мазмұнды суреттерді пайдалана отырып әңгіме жазады. Топта әр оқушы бір сөйлемнен жазып, шеңбер бойымен айналдырып әңгіме құрайды. Құрастырған әңгімелерін басқа топтарға дауыстап оқиды.

Қалған оқушылар сол әңгіме бойынша сұрақтар қояды.

Бағалау критерийлері:

- түркілердің өмір сүру салтын біледі.

  • «Зерттеушілік әңгіме» стратегиясы (жұппен)

Тараз қаласынан қазба жұмыстары кезінде табылған бишінің мүсінінің фотосы көрсетіледі

Мүсін фотосы бойынша пікірталас өткізіледі.

Келесі сұрақтарды қойыңыз:

-Суретте кім бейнеленген?

-Ежелгі түркілер өнері туралы осы мүсін қандай ақпарат береді?

- Қалай ойлайсыңдар,ежелгі түркілерде өнердің қандай түрі дамыған?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, сондай-ақ өздері де бірнеше сұрақтар дайындайды.

Бағалау критерийлері:

- ежелгі түркілердің өнерінің ерекшеліктері туралы әңгімелейді.

  • «Қатесін тап» стратегиясы (жеке).

Оқушыларға ежелгі түркілердің мәдениеті туралы жазылған ақпараттық мәтін таратылады және оларға мәтінде 3 қате кеткенін ескертеді. Оқушыларға мәтінді оқып шығып, қатені тауып, маркермен белгілеу ұсынылады. Мәтіннің дұрыс нұсқасымен салыстырылады.

Бағалау критерийлері:

- ежелгі түркілердің мәдениеті туралы мәтінде үш нақты қатені анықтайды;

  • «Түркілердің өнертабыстары» тапсырмасы (топта)

Түркілердің кейбір өнертабыстары көрсетіледі. Мұғалім сұрақтар қояды:

- Осындай өнертабыстарды ойлап табу үшін түркілердің қандай білімі мен дағдылары болуы керек еді?

  • Әрбір топ бір бұйым таңдайды және оны ермексаздан жасайды;
  • Ермексаздан жасалынған бұйымдар «тарихи мұражайдың» көрме залында (сыныптағы шкафта және т.б.) ұсынылып, орналастырылады.

Үлгіні бағалау критерийлері:

  • Үлгі ежелгі түркілердің бұйымының прототипі болып табылады;
  • Бұйым туралы (атауы, қашан және қайда жасалынған, қайда сақталған және т.б.) әңгімелейді;
  • Ұқыпты және көрнекі жасалған.

иллюстрациялар, мазмұнды суреттер, тірек сөздер

А4 форматтағы парақтар

Биші мүсінінің фотосы

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Көне түркілердің өмір сүру салты, мәдени – өнер мұралары жазылған ақпараттық парақ (қатесімен және қатесіз)

Әдістемелік нұсқаулыққа

қараңыз

Суреттер: түрік халықтарының әшекейлері

ермексаз

Сабақтың соңы

36-40

Рефлексия (жеке):

«Еркін микрофон» стратегиясы

Сабақты келесі сұрақты талқылау арқылы қорытындылаңыз:

«Өнердің адам өміріндегі маңызы қандай?»

Оқушылар ортаға шығып 1 минутта өз пікірлерін айтады.

микрофон

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті жоғары оқушыларға ата-аналарымен бірге «Ежелгі түркілердің зергерлік бұйымдары» тақырыбында кітапша жасау ұсынылады. Бағалау критерийлерін оқушылармен алдын ала талқылау ұсынылады.

Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады.

«Айналмалы жазу» және «Қатесін тап» стратегиялары арқылы оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейі бағаланады.

Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу