Арғы тегім – Ата Түрік. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
№ 20 сабақ, 5-бөлім
- «Есіңе түсір» тапсырмасында 3 бөлімнің №13 «Ұлы дала халқы» сабағында меңгерілген материалды еске түсіруді ұсыныңыз. Жетекші сұрақтар қойыңыз:
-Түркілер деген кімдер?
-Олар қандай өмір салтын ұстанған?
-Отырықшы мен көшпелі өмір салтының айырмашылығы неде?
-Көне түркілерден қандай бұйымдар бізге жетті?
Кестені толтырудың мысалы:
Бірінші бағанда: Болашақ ұрпақ үшін тарихи ескерткіштерді сақтау маңызды.
- «Айналмалы жазу» тапсырмасында оқушыларға негізгі ережені ұстануды ескертіңіз: сөйлемдер бір-бірімен байланысқан, бір адам жазғандай хат болуы керек.
- «Зерттеушілік әңгіме» стратегиясында Тараз қаласынан қазба жұмыстары кезінде табылған бишінің мүсінінің фотосын талқылауда, өнер – осы мүсін жасалғандағы уақытта адамның нақты әлемі мен дүниетанымының көрінісі екеніне назар аудартыңыз.
Бишінің мүсіні: http://images.myshared.ru/9/907371/slide_46.jpg
- «Қатесін тап» стратегиясы. Ақпараттық парақта көне түркілердің өмір сүру салты, мәдени – өнер мұралары жазылған.
- «Түркілердің өнертабыстары» тапсырмасы. Суреттер ежелгі түркілердің салт-дәстүрі мен көзқарастары, киім үлгілерін, рухани –мәдени дүниетанымы бейнеленген мазмұнды болуы керек. Негізгі өнертабыстарды талқылау кезінде бейнеленген бұйымдар түркілердің өмірі туралы жақсы тарихи дерек болып табылатыны және оларды сақтау керектігіне көңіл аудартыңыз.
- Бағалау «Айналмалы жазу», «Қатесін тап», «Еркін микрофон» стратегиялары арқылы оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейі бағаланады.
- Теориялық материал:
Ежелгі түркілер туралы мәлімет тұңғыш рет б.з.-дың 542 жылындағы қытай жылнамаларында кездеседі. Қытай жазбаларының айтуынша, түркілер ғұндардың ұрпақтары болып табылады. Ал көне аңызға сәйкес, түркілер касқырдан тараған ұрпақ деп есептеліп, «Ашина» (қасқыр) әулеті атанған. Ашина тайпасы VI ғасырдың ортасына дейін жужандардың қол астында болады. VI ғасырдың ортасынан бастап билікті қолына алған Бумын түркілердің басын біріктіріп, Түрік қағандығын (552 - 745 жж. өмір сүрген) құрады. Түрік мемлекетінің алғашқы билеушісі Бумын қаған болып есептелінеді, оның мұрагерлері, яғни балалары Қара Ыссық (Қараессе) пен Мұқан қағандар жужандарды талқандауды аяқтайды.
Түркілер шығысында Тынық мұхиттан бастап, батысында Қара теңізге дейінгі ұлан-ғайыр даланы қол астына қаратқан. Бүгінгі Қазақстан жері сол замандарда осы бір аса қуатты Түрік мемлекетінің құрамында болған. Мемлекетті Ашина әулетінен тарайтын мұрагерлер басқарған. Билік, әдетте, балаларына, бірге туған ағайындарына немесе жақын туыстарына көшіп отырған. Түркілердің жоғарғы ел билеушісі «қаған» деген лауазымга ие болған.
http://www.uniface.kz/interfacts/index.php?id=56&post=article
- Қосымша сілтемелер:
№ | Тақырыбы | Сілтемелер | Ұзақтығы |
1 | Түркі мемлекеттері | https://bilimland.kz/kk/courses/dunie-zhuzi-tarixy/turki-xalyqtary/lesson/turki-memleketteri | 2.54 |
2 | Түркі халықтары | 1.53 | |
3 | Ежелгі түркі халықтарының жазба ескерткіштері | 2.29 | |
4 | Түркілер әлемі: | 2,3 | |
5 | Қазақстаннан табылған көне түркі жазба ескерткіштер | http://nbisu.moy.su/_ld/23/2314_IGUMAMIEVA2011-.pdf |
Қазақстан территориясындағы көне түркілер
«Түркі» түсінігі. Көне аңыздар мен жазбаларда ежелгі түркілердің шығуы туралы түрлі жорамалдар бар. Солардың бірінде «түрік» сөзі «төркін», яғни «әскери ақсүйек» деген сөзден шыққан деген пікір кездеседі.
542 жылы қытай шежірелерінде алғаш «түрік» атауы аталған. Қытайлар түркілерді ғұндар деп санаған. Қытай шежірелерінде «теле» сөзінен «түрік» сөзі шыққан. «Теле» мен «түрік» сөзі бір мағынаны білдірген. Аңызға қарағанда, көк бөрілер ұрпағынан таралған тайпалар өздерін «түрікпіз» деп атайды. Көк бөріден он ұрпақ тараған көрінеді. Түркілер өздерін көне сына жазуларында «он оқ будун» деп атаған. Ол он ұлдан тараған ел дегенді білдірген. Осы жергілікті тайпалар бірігіп, өздерін «түрік» деп атайды.
Түрік қағанаты (552-603 ж.ж.). 552 жылы түрік тайпалары бірігіп түрік қағандығын-мемлекетін құрған. Түрік қағандығы 552-744 жылдары өмір сүрді. VI ғасырда сол кездегі күшті мемлекет-Түрік қағанатының қол астына қазақ жері қараған. Қаған-елді басқарушы, ең жоғарғы билеуші, ал ең жоғарғы қолбасшы-әскери басшы болды. Ол барлық жердің қожасы саналды.
542-553 жылға дейін Түрік қағанатын Ашина тайпасынан шыққан Бумын қаған басқарған. Ол Түрік қағанатының негізін салушы қаған. Ол түрік тайпаларының атақты көсемдерінің бірі болған.
552 жылы түрік тайпалары бірігіп түрік қағандығын-мемлекетін құрған. Түрік қағандығы 552-744 жылдары өмір сүрді. VI ғасырда сол кездегі күшті мемлекет-Түрік қағанатының қол астына қазақ жері қараған. Қаған-елді басқарушы, ең жоғарғы билеуші, ал ең жоғарғы қолбасшы-әскери басшы болды. Ол барлық жердің қожасы саналды.
542-553 жылға дейін Түрік қағанатын Ашина тайпасынан шыққан Бумын қаған басқарған. Ол Түрік қағанатының негізін салушы қаған. Ол түрік тайпаларының атақты көсемдерінің бірі болған.
Бумын қаған тұсында түркілер күшейіп, 552 жылы (аварларға) жужаньдарға қарсы соғыста жеңіске жетеді. Осы кезден бастап Түрік қағанаты билік құрады. 552 жылы Бумын «қаған» атанды. Түркілер алым-салықтан құтылып, өз бостандығын алады. Бумын қаған «вехан» лауазымын алады. Ол «халықтар әміршісі» деген мағынаны білдірген. Содан Түрік мемлекетінің негізі қаланып, Хангай жотасынан Карпатқа дейінгі аумақты иеленеді. Түрік тайпаларына азаттық әперген, қағанаттың іргесін қалап, шаңырағын көтерген Бумын «хан» деп жарияланды. Ол 553 жылы дүниеден өтеді. Оның інісі Мұқан қаған (553-572 жылдары) билік құрған кезде қатты күшейеді. 555 жылы Түрік қағанатына бүкіл Орта Азия бағынады, көптеген елдер мойындайды, алым-салық төледі.
Түрік қағанаты халқының кәсібі, тұрмысы.
Түрік тайпалары мал шаруашылығымен айналысты. Жылқы мен қой өсірген. Киіз үйлерде тұрған. Түйе, өгіз жеккен арбаларды пайдаланған. Аңшылықпен шұғылданды. Жолбарыс, барыс, түлкі, құндыз және басқа аңдарды аулаған. Олардың терілерінен киім тігіп, айырбас саудаға түскен. Көшпелілер мал, оның еті, жүні, терісін, отырықшылардың астықтарына бидай, тары, қолөнер кәсібі өнімдеріне айырбас жасаған. Олар тіршілікке қажетті өнімдерді өндірген.
Негізгі кәсібі мал бағу болғанымен, егін егумен де айналысты. Суармалы алқаптарда тіршілік жасаған отырықшы халық егін егіп, бау-бақша өсірген. «Ұлы Жібек жолы» елді басып өтті. Сауда саттықтың өркендеуі, жол бойында қалалардың көркеюіне әкелді. Құлан, Нәуакет (Шу алқабы), Тараз, Мерке қалалары сауда мен қолөнердің орталықтарына айналды.
http://e-history.kz/media/scorm/144/18/text/text.htm#%D0%B02
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?