Татулық – достық кілті. Дүниетану, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім «Уақыт»
| Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||
Мерзімі: 2-тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. Модератор: Сейтахметова Ж.М. | |||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақ тақырыбы | Татулық – достық кілті | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.6.1 Зерттеулер негізінде Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерін шығармашылық түрде ұсыну | |||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар
| |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: -Қазақстан халықтары мерекелерінің маңызын әңгімелейді. Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: - Ұлттық мерекелерді атап өтудің маңыздылығы неде ? Жазуға берілетін тапсырма:
| |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Патриотизмді дамыту Қазақстан халықтарының ұлттық мерекелерінің маңызын түсіну арқылы жүзеге асады. Бірлікті, ынтымақты, достықты нығайтуға, сақтауға үйренеді. | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика: уақыт өлшем бірліктері (минут/секунд). Бейнелеу өнері, еңбек: ашық хат әзірлеу, постер жасау. Ана тілі: қойылым қою. | |||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылардың елімізде аталып өтілетін мемлекеттік мерекелер туралы түсініктері бар. Бірлік күні мерекесінің аталып өтілу маңыздылығын түсінеді. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-3 4-7 8 |
Оқушылар екі топқа бөлініп, бір-біріне ұқаланған қағазды лақтырып ойнайды. Лақтыра отырып Қазақстанның бір мерекесін дауыстап атайды. Ойын соңында оқушылардың айтқан атаулары қайталанады. Аталған мерекелерді атап өту маңыздылығы сұралады.
Оқушылар мерекелер туралы өз ойларын ортаға салады. Келесі сұрақтар қойыңыз: -Неліктен мерекелер белгілі бір уақытта болады? -Ол немен байланысты? -Әрбір күн мереке күні бола ала ма? Неліктен? -Бірлік күніне ұқсас Қазақстанда қандай мереке білесің?
| Умаждалған қағаздар Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд №3 | ||||||||
Сабақ ортасы 9-13 14-16 17-20 21-35 |
Оқушыларға бірлік күні мейрамының видеосы немесе презентациясын ұсыну. -Бұл қандай мереке деп ойлайсыздар? -Бұл мерекенің мақсаты қандай? Осы мерекеге ұқсас тағы да бір мереке қосылды. Ол Алғыс күні. (видео көрсету) -Кімге және не үшін алғыс айтасыңдар? Видео немесе презентация кезінде оқушыларға сұрақтар қойып, көргені туралы пікір айтуын ұсыну. Бірлік күні мен алғыс айту күндерін салыстыруды ұсыну.
«Достық – өмір үшін ең қасиетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық игілікке түгел ие бол тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес» деген Аристотельдің қанатты сөзін оқушылар жұпта отырып талдайды. Алғыс айту күнімен байланыстырып, мысалдар келтіреді.
Мұғалім әр түрлі ленталар байланған шаңырақты ұстап тұрады. Оқушылар өзіне ұнаған лентаны таңдап, ұстайды. Таңдап алған лентаның түстеріне қарай оқушылар топтасады. «Бір шаңырақтың астында» деген сөзді қалай түсінетіндері сұралады. Елімізде қанша ұлт өкілі тату-тәтті тұрып жатқандары жайлы әңгімелесу жүреді.
Әрбір топтағы оқушылар өздері таңдап алған лентада жазылған халықтың ұлттық мерекесіне қойылым, постер немесе ашық хат дайындайды. Ол үшін ғаламтордан орыс, татар, кәріс, қазақ ұлттарының ұлттық мерекелері туралы ақпарат табу ұсынылады. Оқушылар жұмыстарын көпшілік алдында қорғайды. Бағалау критерийлері: -мереке тақырыбын ашады; -мереке мақсаты түсінікті; -мерекені атап өту ерекшелігін көрсетеді; -мереке тарихына қысқаша шолу жасалады; Ашықхатты бағалау критерийі: мерекенің өткізу мақсатына сәйкестігі, ерекшелігі, ұқыпты орындалуы. | Видеоға сілтеме: «Бірлік күні» https://kaztrk.kz/news/qogam/birlik-kuni-elimizde-1996-zhyldan-beri-toilanyp-keledi-112247 «Бүгін алғыс айту күні» http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/224491-1-nauryz-al-ys-ajtu-k-ni Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Шаңырақ және әртүрлі ленталар (4-5 түрлі) ғаламторға кіру мүмкіндігі 4 постер, маркерлер, ашық хатты әзірлеуге материалдар
| ||||||||
Сабақтың соңы 36-40 | Рефлексия (жеке): «3сәт» стратегиясы Оқушылар сабақта естерінде қалған 3сәтті таратпа параққа жазып, кейіннен ой бөліседі. (уақыт тапшы болса, жазып өткізуге болады) | Таратпа парақ (дидактикалық материалға қараңыз) | ||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||
«Қар атысу» ойынында оқушыларды жыныстық ерекшелік бойынша ұлдар және қыздар топтарына саралауға болады (әдіст. Нұсқаулықты қараңыз). Қабілеті жоғары оқушыларға «Қазақстанның бұрынғы және қазіргі заманауи мерекелері» кестесін толтыруды ұсынуға болады:
| Бағалау және кері байланыс беру сабақтың өн бойында жүріп отырады. Оқушылардың ұлттық мерекелердің маңызын түсіну деңгейлерін «Рөлдік ойын» стратегиясында шығармашылық жұмыстарын қорғау барысында байқауға болады. Жекелеген оқушыларға «Қазақстандағы мерекелердің тізімін жөнде», «Алғыс айту мен Бірлік күні» мерекелерін салыстыр тапсырмаларын беруге болады (Дидактикалық материалға қараңыз). | Оқушылар сынып бөлмесінде қозғалу барысында, топтық жұмыс барысында қауіпсіздік техникасы сақталады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?