Татулық – достық кілті. Дүниетану, 3 сынып, қосымша материал.
Сабақты ұйымдастырудағы әдістемелік нұсқаулар
- «Қар атысу» ойынында оқушыларды гендерлік сипатқа байланысты ұлдар және қыздар тобы деп бөлуге болады. Топқа бөлудің бұл әдісі саралаудың бір түріне жатады. Ойын соңында қыздар мен ұлдар жауаптарының ерекшеліктеріне тоқталып өтіңіз. Себептерін сұраңыз.
Ойын барысындағы жауаптарды қадағалап отырыңыз. Ойын шартын бұзуға жол бермеңіз (жай ғана атамай лақтыру).
- Топқа бөлу үшін шаңырақ пен әр түсті ленталарды алдын ала дайындап қою ұсынылады (4-5 түсті). Мұғалім оқушыларды көне мейрамдар және қазіргі мейрамдар, әр халықтың өз ұлттық мейрамдары бар екендігіне көңіл аудартады. Қазақстанда тұратын әр түрлі ұлт өкілдерінің ұлттық мейрамдары туралы түсінік береді.
- Ұлттық мейрамдар:
-орыс халқында «Вербная неделя» (пасха алдындағы апта), «Пасха» – христиандардың басты діни мейрамы«Масленица» - (славян және басқа христиан халықтарында — қысты шығарып салу мейрамы),
-татар халқында «Сабантуй» - (сабантой -түркі халықтарында (татар, башқұрт, ішінара қазақтарда) тойланатын мейрам. Егін жинау науқанынан кейін күзде өткізіледі. «Жыен» - (көктемднің соңында суарымның аяқталып, пішен шабудың басталған кезі)
-корейлерде «День посадки деревьев» - (ағаш отырғызукүні), «Чхусок» - ұлттық корей мейрамы. (Бұл мейрам кезінде корей халқы өзі туған отанына туған-туыстарымен көрісу үшін барады.) Қазақ халқының көне мейрамдары: «Көктем туды», «Аламан бәйге» т.б.
Қазіргі заманауи мейрамдар: «Бірлік және еңбек күні», «Қайырымдылық күні», «Балаларды қорғау күні» «Білім күні» т.б..
https://ru.wikipedia
- Теориялық ақпарат: 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.Бүгінде әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде.
Қазақстан халқы 2016 жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өтті. Елімізде 130-дан астам ұлтпен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай ғұмыр кешуде. Қазақстан — азаматтық келісімді, түрлі мәдениеттер пен діндерді тоғыстырған көпұлтты, зайырлы мемлекет.
- Қосымша сілтемелер:
№ | Тақырыбы | Сілтеме | ұзақтығы |
1 | Біз біргеміз | https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/biz-birgemiz | 5.54 |
2 | Қазақстан халқы ассамблеясы | https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-xalqy-assambleyasy | 5.11 |
3 | Мемлекеттік рәміздер | https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/memlekettik-ramizder | 5.21 |
4 | Қазақстан – ортақ үйіміз | https://bilimland.kz/kk/courses/education-movies/tema-klassnogo-chasa/lesson/qazaqstan-ortaq-ujimiz | 06.19 |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?