Татулық – достық кілті. Дүниетану, 3 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар (сабақта берілу ретімен)
- Бейнерепортаж
Тақырыбы: Бірлік күні
Сілтеме: https://kaztrk.kz/news/qogam/birlik-kuni-elimizde-1996-zhyldan-beri-toilanyp-keledi-112247
Ұзақтығы: 48 сек
- Бейнеорепортаж
Тақырыбы: Алғыс айту күні
Сілтеме: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/basty-zha-aly-tar/item/224491-1-nauryz-al-ys-ajtu-k-ni
Ұзақтығы: 50 сек
- Рефлексия таратпа материалы:
«ЕСІМДЕ ҚАЛҒАН 3 СӘТ» Аты-жөнім:____________________________________________ Сынып | |
1 | |
2 | |
3 |
- Бағалау айдарына арналған тапсырмалар:
Қазақстандағы мерекелер тізіміндегі қателерді жөнде: |
1-2 қаңтар – Наурыз мерекесі 1 наурыз – Балаларды қорғау күні 8 наурыз – Жеңіс күні 21,22,23 наурыз – Отан қорғаушылыр күні 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні 7 мамыр – Жаңа жыл 9 мамыр – Қазақстанның Тәуелсіздік күні) 1 маусым – Алғыс айту күні 6 шілде – Конституция күні 30 тамыз – Тұңғыш Президент күні 1 желтоқсан – Астана күні 16 желтоқсан – Халықаралық әйелдер күні |
«Алғыс айту мен Бірлік күні» мерекелерін салыстыр |
Қосымша ақпарат:
Күнтізбелік циклдарға негізделген дәстүрлі халық мерекелері туралы талқылайық
(мақала)
Қазіргі Қазақстан мәдениетіндегі халықтық мейрамдарды дамыту үдерісі үш бағытта жүргізілуде деуге болады:
1)Күнтізбелік циклдарға негізделген дәстүрлі халық мерекелерін қайта жанғырту (Наурыз, Қымызмұрындық, Мизам, Соғымбасы);
2)Тарихи, мәдени және рухани мұраға негізделген мерекелік іс-шараларды дәстүрлі ету (Мысалы, Ораза айт, Құрбан айт, Мәуліт, Қазақ хандығының көсемдері мен батырларының мерейтойлары және т.б.);
3)Егемендік алу аясындағы тарихи оқиғалар мен құндылықтарға негізделген жаңа мерекелерді дәріптеу (Мысалы, Егемендік мерекесі, Қазақстан халқының ынтымақтастық күні, Қазақстан халқы ассамблеясының күні, Конституция күні, Астана күні және т.б.).
Күнтізбелік циклдарға негізделген дәстүрлі халық мерекелері, Наурыздан басқасы, қазақ халқы көшпеліліктен отырықшылық өмір салтына өткендіктен өз маңыздылығын жоғалтты деуге болады. Олардың пайда болуы көшпелі өмір салты мен еңбекке негізделгендігі хақ.
Қазақ халқының тарихи даму барысында қалыптасқан өзіне тән ұлттық мейрамдары болды. Ол мейрамдар қазақ халқының көшпенді өмір салтына байланысты табиғаттың маусымдық төрт мезгіліне тура келді. Себебі қазақтар негізінен көшпенді мал шаруашылығымен айналысқандықтан, олардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі табиғатқа жақын болды. Сол себепті қазақтар ауа райының қолайлылығына байланысты өздерінің ұлттық мейрамдарын атап өтіп, онда түрлі ұлттық өнерлерін көрсетіп, ұлттық ойындарын өткізіп отырды. Атап айтқанда, ол мейрамдар – Наурыз, Қымызмұрындық, Мизам, Соғымбасы деп аталды.
Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы, өйткені 22 наурызда күн мен түн теңескен, табиғат жанданып, жаңа өмір (цикл) басталған. Наурыз (ноу – жаңа, руз – күн) деген сөз бізге парсы тілінен енген. Орта Азия халықтары оны мыңдаған жылдар бойы Жаңа жыл басы ретінде тойлап келді. Кейіннен Ислам діні халықтардың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпын сыйлап, Наурызды мейрам ретінде қабылдады. Мысалы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы “Нұх, Наурыз тарихы” мақаласында наурыз мейрамының қазақ өмірінде алатын орны мен тарихын талдап, “қазақтың қазақ болғанда, өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы – наурыздама. Ол күні қожаларға оқытатұғын, наурызға арналған кітап болады. Наурыз жайын ұқтыратын ол кітаптың атын “Салдама” дейді. Ол күнде тілі орамды, сөзге шешен шалдардың батасы болады. Қожа кітап оқығанда, шалдар бата қылғанда жұрт жылап, шулап “Амин!” деп отырады. Сонан соң олардың айтқаны айтқандай келіп халық, жұрт ілгері басып, малы да өсіп, басы да өсіп берекелі болады” , - деп жазған. Осыдан ежелден келе жатқан наурызнама мейрамы барысында айтылатын бата беру дәстүрінің ислам діні практикаларымен үйлесімді сабақтасқанын байқаймыз.
Наурызды мейрамдаудың дәстүрлі атрибуттары - көрісу, көп көже, ұйқыашар, самалық айту, дір еткізер, селт еткізер, т. б. бар, сонымен қатар әр аймақта өзіндік сахналық рәсімдер өткізілген.
Ұлттық салт-дәстүріміздің ішінде халық санасынан мүлдем ұмытылып, тойланбай келе жатқан жалпықазақтық мейрамдарымыздың бірі – Қымызмұрындық.
Қымызмұрындық дегеніміз - ел жайлауға шыққанда жазғытұрым аталып өтетін - қымыз тойы. Қазақ жерінде қымызмұрындық әр түрлі аталады. Жетісу, Батыс Қазақстанда қымызмұрындық, Сарыарқада биемұрындық, Шыңжаңда биебау, Моңғолияда бие байлар т.с.с, бірақ бәрінің мағынасы бір. Қытымыр қыстан жүдеп-жадап шыққан көшпенді ел жаз жайлауға шығып жадырап, сағынған сүйікті сусынын, бүкіл халық болып ішіп, нағыз мейрамға айналдыратын. Жалпы ұлттық сипаты жағынан қымызмұрындық Наурыз мерекесі мен Құрбан айттан бірде-бір кем түспейді.
Қазақтың өмір салтында бар, бірақ көп тойлана бермейтін, “Мизам” мерекесі. Бұл мейрам күзде күн мен түннің теңелген кезінде, яғни қыркүйек айының 21-ші күніне тура келеді. Бұл уақытта күннің жазғы қапырық ыстығы басылып, ауа райы салқындай бастайды. Бұл мал семіріп, егін орылып, шөп шабылып, шаруаның бір ыңғайға келетін кезі.
Мизам мейрамынан кейінге желтоқсан айының соңына таман келетін мейрам - “Соғымбасы” деп аталады. Бұл 21-желтоқсан күні түн ұзарып,күн қысқарып, малшылардың қысқы қыстауына жайғасқан мезгілі. Қазақтар осы кезде күз бойы арнайы семірткен малын суық түсе соғымға сойған. Ауыл адамдары “Cоғым – ел асы” деген салтпен бірін-бірі қонаққа шақырып, ұзақ түнді қысқарту мақсатында ақындарды айтыстырып, күйшілерге домбыра тартқызып,
Мейрамдар - ұлттық сананың бір көрінісі, керек десеңіз ұлттық идеямен сарындас. Сондықтан ұлттық идеяны тұғырлы ету үшін ұлттық мейрамдарды өз нақышына келтіріп лайықты дәрежеде тойлай білу керек және жаһандану жағдайында ұлттық бірегейлікке айналдыруымыз парыз.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?