Жер бетіндегі климат неге тәуелді? Дүниетану, 3 сынып, дидактикалық материал.
Дидактикалық материалдар (сабақта берілу ретімен)
- Топқа бөлуге арналған сурет топтамасы
http://psytraining.org/nevesta/?p=6791
- Венн диаграммасы
- Дұниежүзінің климат картасы
- Инсерт кестесі
«+» | ақпарат маған таныс; |
«*» | ақпарат мен үшін жаңа |
«!» | ақпарат мен үшін қызықты; |
«?» | ақпарат мен үшін сұрақ тудырды; |
- «Мекенін тап» дидактикалық ойынының таратпа материалдары
https://geographyofrussia.com/ledyanye-pustyni-i-tundry/ |
https://natworld.info/raznoe-o-prirode/lesa-umerennogo-poyasa-umerennye-lesa |
http://900igr.net/prezentatsi |
- «Сәйкестендір» тапсырмасының парағы
Экваторлық белдеуде | белгілі жердегі сол уақыт аралығындағы табиғаттың күйі. Оның сипаттамаларына ауа температурасы, жауын-шашын деңгейі, жел бағыты т.б. жатады |
Тропиктік климаттық белдеуде | жыл бойы мезгілі анық байқалады. Қоңыржай ауа массасының әсерінде болады. Жылдың 4 мезгілі анық байқалады. Теңіздер мен мұхиттардан алыс-жақын орналасуына байланысты ылғалдығы әртүрлі. Біз осы климаттық белдеуде тұрамыз. |
Қоңыржай климаттық белдеу | жыл бойы ыстық, тек жаз мезгілі үстемдік етеді. Ауасы ылғалды, күн сайын жаңбыр жауады.Ағаштар үнемі жасыл түсте. Сондықтан мұндағы ормандар ылғалды мәңгі жасыл ормандар делінеді. Мұндай ормандар Амазонка ойпатында, Африкада көп. |
Полярлық белдеу | жыл бойына тән жүйелі қайталанатын ауа райының ауысуы |
Климат | жыл бойы ыстық болады. Әсіресе жаз айлары өте ыстық. Мұндай шөлдерге Африкадағы Сахара, Арабия түбегіндегі Руб-эл-Хали шөлдері мысал болады. |
Ауа райы | қысы-жазы өте суық, тек қыс мезгілі ғана үстемдік етеді. Мәңгілік қар мен мұз жауып жатыр. Күннің көзі 6-7 айлап көрінбейді. |
- Қима сөздер
СОЛТҮСТІК |
ОҢТҮСТІК |
- Теориялық материал
Жер бетінде төрт негізгі климаттық белдеу бар:
1. Полярлық (арктикалық) климаттық белдеулер
2. Қоңыржай климаттық белдеу
3. Тропикалық климаттық белдеу
4. Экваторлық климаттық белдеу
Климаттың атауы климаттық белдеуге байланысты болады. Климаттық жағдайлар өсімдіктердің, жан-жануарлар мен жәндіктердің, адамдардың тіршілігіне тікелей әсер етеді. Адамдар түрлі климат типіне бейімделіп өмір сүреді. Климаттың ерекше жағдайларына байланысты адамдардың киінуі де, тамақтануы да әртүрлі болады. Мысалы: Солтүстікте тұратын халықтар климаттың суық болғандығынабайланысты аң терісінен тігілген киім киеді. Себебі, аң терісінен тігілген киімдер жылуды жақсы сақтайды, әрі суық желден қорғайды. Мал өнімдерінен дайындалған азық-түліктерді пайдаланады. Ал оңтүстік жақта тұратын халықтар климаттың ыстықтығына
байланысты жеңіл киімдер киеді. Азық-түліктері көбінесе көкөністер мен жемістерден тұрады.Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының барлық салалары климат ерекшеліктерін ескереді.
Экваторлық белдеуде жыл бойы ыстық, тек жаз мезгілі үстемдік етеді. Ауасы ылғалды, күн сайын жаңбыр жауады.Ағаштар үнемі жасыл түсте. Сондықтан мұндағы ормандар ылғалды мәңгі жасыл ормандар делінеді. Мұндай ормандар Амазонка ойпатында, Африканың экваторлық белдеуінде көп.
Тропиктік климаттық белдеуде жыл бойы ыстық болады. Әсіресе жаз айлары өте ыстық. Мұндай шөлдерге Африкадағы Сахара, Арабия түбегіндегі Руб-эл-Хали шөлдері мысал болады.
Қоңыржай климаттық белдеу жыл бойы мезгілі анық байқалады. Қоңыржай ауа массасының әсерінде болады. Жылдың 4 мезгілі анық байқалады. Теңіздер мен мұхиттардан алыс-жақын орналасуына байланысты ылғалдығы әртүрлі. Біз осы климаттық белдеуде тұрамыз.
Полярлық (Арктикалық) белдеу қысы-жазы өте суық, тек қыс мезгілі ғана үстемдік етеді. Мәңгілік қар мен мұз жауып жатыр. Күннің көзі 6-7 айлап көрінбейді. Мұны поляр түні дейді.
Жер бетіндегі халық біркелкі орналаспаған. Халықтың 70 % құрлықтың 7 % ғана тұрады. Шығыс оңтүстік жер шарында барлық халықтың 80 %-ы, ал Солтүстігінде -0,9 %.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?