«Дәстүрлер мен фольклор адамның қалыптасуы мен тәрбиесінде қандай рөл атқарады?». Дүниетану, 1 сынып, қосымша материал.
Сабақ жоспары
Пән: Дүниетану 3В бөлім: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» Тақырып: «Дәстүрлер мен фольклор адамның қалыптасуы мен тәрбиесінде қандай рөл атқарады?» | Көкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||
күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Толеубаева А.С. | ||||||||
СЫНЫП: 1 | Қатысушылар саны: | қатыспағандар: | |||||||
Оқу мақсаттары | 1.1.1.2. Дереккөздерге қарапайым сұрақтар қоя білу және оларға жауап беру 1.1.2.3.Ақпаратқа сүйеніп, танысқан оқиғалар мен адамдар туралы өз көзқарасын білдіру 1.1.1.5.Әртүрлі дереккөздерді білу (карта, жоспар, суреттер, фотолар, баяндамалар, әңгімелер, фильмдер, ойындар, әндер, аңыздар, фольклор, миф, поэзия, хроника және жазбалар) | ||||||||
Сабақ мақсаты |
| ||||||||
Тілдік мақсат |
|
|
| ||||||||||||||||||
Алдыңғы білім | Оқушылардың аңыз, әңгіме, миф, ертегі және мақал-мәтелдер туралы түсініктері бар. Сондай-ақ олар Астана туралы, «Бәйтерек» ескерткіші туралы біледі. | ||||||||||||||||||
Жоспар | |||||||||||||||||||
Белгіленген уақыт | Жоспарланған жаттығулар | Дереккөздер | |||||||||||||||||
Кіріспе бөлім |
Мұғалім: Қазақ халқының басынан өткен ең ауыр және қуанышты сәттер де болды. Ауыздан-ауызға тарап, бүгінгі күнге көптеген әндер, мақалдар, аңыздар жеткен екен. Міне, осылайша ауыздан-ауызға тарап, бүгінгі күнге жеткен әндер, мақалдар, аңыздар фольклор немесе халық ауыз әдебиеті деп аталады. | https://www.youtube.com/watch?v=e60MQsFtltA («Толағай» мультфильмі)
| |||||||||||||||||
Негізгі бөлім | Халық ауыз әдебиеті арқылы осы күнге дейін батырлар туралы көптеген жырлар мен ертегілер айтылып келеді. Олардың бірі-Толағай ертегісі.
Сабақтың алдында тақтаға қазақ батырының бейнесі салынған иллюстрацияның айналасына жеті жебе салынады. Мұғалім жеті жебенің қазақ батыры туралы айтуға көмектесетінін жеткізеді. Оқушылар иллюстрацияны мұқият қарайды, Толағайдың ерлігі бейнеленген мультфильмнен үзінді көрсетіледі.
| Мультимедиапроектор , Қасым ханның портреті Презентация флипчарт, түсті маркерлер, таныстырылым, Толағай батырдың бейнесі, «ерлік», «батыр», «мейірімді», «әлсіз», «күшті», «сараң» сөздері жазылған карточкалар, домбыраның, аттың, батырдың, шаңырақтың суреттері, мақал-мәтелдер жазылған карточкалар, қосымша тапсырмаларға арналған оқиғалы суреттер. | |||||||||||||||||
Қорытынды бөлім | Рефлексия «Табыс баспалдағы» | ||||||||||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||||||||
Дифференциация – қосымша қолдауды қалай көрсетесіз? Үлгерімі жақсы оқушыларға қандай тапсырма беруді жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқуда оқушылар жетістіктерін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Пәндік байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік сақтау шаралары АКТ байланыс, Құндылықтармен байланыс (тәрбиелеу элементі) | |||||||||||||||||
Халық даналығы. Мақалмен жұмыс жасау барысында. «Жер гүлсіз болмас, ел ерсіз болмас» дегенді қалай түсінесіздер? - Бүгінгі заманда батыр болу мүмкін бе? -Шетелдік қонаққа қазақ халқы туралы айтып беріңіздер (топтық жұмыс ұйымдастыру барысында). | Оқушылар білді: – «батыр» сөзінің мәні мен батырлардың қазақ тарихындағы орнын; – мақал мен аңыздың мәнін; – қазақ халқының тарихымен танысты. Бағалау үшін «Ыстық орындық» тәсілін қолдануға болады: бір оқушы сабақта өтілген түсініктер мен есімдер жазылған тақтаға арқасын беріп орындыққа отырады. Мұғалім көрсетіп тұрады. | Сабақтың негізгі идеясы – оқушыларды қазақстандық патриотизмге, азаматтыққа, бұрынғы өткен бабаларымыздың ерлік істерін мақтан етуге тәрбиелеу. Ғылымға кіріспе. «Сен білесің бе?» айдарының мәнін ашу үшін, өсімдікпен салыстыру пайдаланылады. | |||||||||||||||||
Бақылау Сабақтың мақсатына жетім бе? Оқушылар не үйренді? Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды? Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма? Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен? | |||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз. 1: 2: Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз. 1: 2: Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?