Жоғарғы көшбасшылық дағдылары. Дене шынықтыру, 11 сынып, сабақ жоспары.


 Дене шынықтыру сабағының № қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 бөлім: Эмперикалық оқу арқылы көшбасшылық қасиеті.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жоғарғы көшбасшылық дағдылары

Оқу мақсаттары

11.2.2.2. Бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдау және түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдауды үйрету және түсіндіру.

Бағалау критерийлері

Өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдай алады және түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

 

Командалық ойындар арқылы көшбасшылық қасиеттерді дамыту үшін өз түсінігін талқылау және көрсету.

Мыналарды қамтиды:

  • Командалық, топтық, жеке жұмыстар
  • Адал ойын, қолдау, көмек
  • Басшылық қасиеттері
  • Эмперикалық оқыту
  • Коммуникация, ұйымдастыру Допты жоғарыдан, төменнен қабылдау, қайтару

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Тапсырма орындаған кезе қандай қиындықтарға тап болдыңыз?
  • Тапсырмаларды орындау кезінде біздер неліктен қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауымыз керек?
  • Көшбасшы болу үшін қандай негізгі қасиеттер болу керек?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

Кілттік дағдыларды дамыту

Тапсырмаларды орындау кезіндегі бір-бірінің көшбасшылық дағдысын таңдау арқылы әлеуметтік дағдыларын дамытады.

Алдын ала білімі

Оқушылар командалық ойындарда білімдері мен дағдыларын меңгерген, алдыңғы сыныптан және сабақтан тыс уақытта алған көшбасшылық дағдылары бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

10мин

  • Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз».

Мұғалім Сіздер үшін қозғалмалы ойындар арқылы денсаулықты шыңдау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

Күтілетін нәтижелер

- қауіпсіздік ережесін сақтайды;

- өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдай алады және түсіндіре алады;

II. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Елестету көрінісі»

Мәтіннің басты мәнін мүмкін болса, елестетуге тырысу керек. Мысалы оқушылар, өздерінің спорттың түрінен әлем чемпионатына жеңімпаз атанғанын елестетіп түсіндіру

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

25мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

, Ж, ҚБ) Сыныпты бірнеше командаларға бөлу қажет. Ойыншылар залдың қабырғасына қарап бір лектер түзейді. Мұғалімнің белгісі бойынша лектегі бірінші тұрған ойыншылар допты бір өзінің үстіне көтереді де, содан соң қабырғаға бағыттайды, 3600 айналып, допты қайтадан қабырғаға бағыттап лектің соңына жүгіреді. Класс разделить на несколько команд. Екінші және одан кейінгі ойыншылар да осы әрекеттерді қайталайды. Әр лектің соңғы ойыншысы қабырғадан допты бірінші болып қабылдаған және аз мөлшерде қателіктер жіберген топ жеңімпаз болып табылады.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдай алады және түсіндіре алады.

- допты саусақпен жоғарыдан қабылдайды;

- допты тордан асырып береді;

- доппен тапсырмалар орындау кезінде өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдайды.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

Доппен жаттығулар орындау сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді? Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады? Танымал көшбасшы болу үшін қандай басты қасиеттерге ие болу керек?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

, Ж, ҚБ) Командалар ойын алаңында бір лекке тұрады. Бір оқушы №3 ойын аймағына орналасады, ал қалғандары бір лекке №4 аймағына орналасады (осындай орналасу тәртіппен екінші топ қарсы алаңға тұрады). №3 аймақта тұрған ойын ойыншы допты өзінің үстіне көтеріп, одан соң №4 аймаққа жалғайды. Лектерде бірінші тұрған ойыншылар допқа жүгіріп жетіп, секіріп допты жоғарымен жалғау арқылы алаңның арты аймақтарында төселген гимнастикалық төсеніштеріне бағыттап тигізуге тырады. Гимнастикалық төсеніштерге көп мөлшерде доп тигізе алған команда жеңіске жетеді.

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдай алады және түсіндіре алады.

-допты саусақпен жоғарыдан қабылдайды;

- допты тордан асырып береді;

- доппен тапсырмалар орындау кезінде өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдайды.

Бағалау: тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларға өзара бағалау жүргізуді ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды:

Доппен жаттығулар орындау сіздің ағзаңызға қалай әсер етеді? Осы тапсырма қандай дене қасиеттерді дамытады? Танымал көшбасшы болу үшін қандай басты қасиеттерге ие болу керек?

Мұғалім, оқушыларды дұрыс жолға бағыттайды және қандай да бір қиыншылықтар мен тіл проблемалары туралы ескертулер жазып алады (спорт терминологиясы және т.б.) Мұғалім кейде оқушыларға ынталандырушы сұрақтар қойып, олардың қаншалықты тапсырманы орындаумен айналысып отырғанын тексереді.

Қажетті жағдайда мұғалім келіспеушілік жағдайында мәселені дұрыс шешуге талпынады.

Үлкен, бос, ойын кеңістігі, волейбол доптары, ысқырық, конустар, фишкалар. Волейбол ойынының ережесіне сілтеме: http://www.volley.ru/documents/497/p2/683/

Ойын техникасына сілтеме: http://sclubs.ru/articles/tehnika/tehnika_igry_v_volyaybol/priem_i_peredacha_myacha_v_volyaybole/

Волейболшыға арналған жаттығулар интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=pyWOmLVZ6eM

Үлкен, бос, ойын кеңістігі, волейбол доптары, ысқырық, конустар, фишкалар. Волейбол ойынының ережесіне сілтеме: http://www.volley.ru/documents/497/p2/683/

Ойын техникасына сілтеме: http://sclubs.ru/articles/tehnika/tehnika_igry_v_volyaybol/priem_i_peredacha_myacha_v_volyaybole/

Волейболшыға арналған жаттығулар интернет ресурсына сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=pyWOmLVZ6eM

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

5мин

VI. Рефлексия: Мұғалім оқушыларға «Жетістік сатысы» стратегиясын ұсынып, рефлексия жүргізеді.

Оқушылар рефлексиялық карточкаларды толтырады.

Зейінді және тыныс алуды қалпына келтіру жаттығулары.

Оқушылар мұғалімнің көрсеткенін және айтқанын істейді (жалпы дамытушы жаттығулар), қателескен оқушы орнына отырады. Ергежейлілер – алыптар (Ергежейлілер – отырды, алыптар – тұрды).

Стикерлер, маркерлер, қаламдар, рефлексия парақшалары.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын барлық білім алушылар таңдайды және түсіндіре алады деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға бірлескен жұмысты оңтайландыру мақсатында өзінің және өзгенің командалық көшбасшылық дағдысын таңдау және түсіндіру кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Бірін-бірі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу