Лақтыру және оның түрлері. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.
Денешынықтыру пәнінен қысқа мерзімді
CАБАҚ ЖОСПАРЫ
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім Жеңіл атлетика түсінігі және қозғалыстың озық дағдысы | тоқсан | |
Күні: | Мектеп: | |
Сыныбы: | Мұғалімнің аты-жөні: | |
Сабақтың тақырыбы: | Лақтыру және оның түрлері | |
Оқу мақсаттары: | 10.1.2.2. Түрлі дене жаттығулары аясында және жағдаяттарда үздік үйлесімділік пен бірізділікті ойлап табу және қолдану 10.3.5.5. Дене белсенділік тәжірибесі үшін білім мен дағдыны дамыту | |
Бағалау критерийлері: |
| |
Тілдік мақсат | Оқудың тілдік мақсаты Жеңіл атлетикадағы ерекше қозғалыстар мен іс-әрекеттерді талқылайды, көрсете алады және талдай алады
Диалогқа арналған пайдалы сөздер
| |
Құндылықтарды дарыту | • оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады; • ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс, жауапкершілік пен өзара түсінушілік қалыптастырады; • оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады; • білімді байыту және оқушылар арасында дене тәрбиесінің адам мәдениеті бөлігі идеясын дамытуға мүмкіндік береді. | |
Пән аралық байланыс | физика (лақтыру кезінде ұшу жылдамдығын өлшей алады) | |
Акт қолдану | Лақтыру әдісінің техникаларын көрсету. Басқа елдің жеңіл атлетика спорт түрі бойынша үздік спортшыларын таныстыру немесе атап айту | |
Бастапқы білім | Оқушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ мектептен тыс қызметте меңгерген жеңіл атлетика туралы біледі, лақыру түрлерінің дағдыларын игерген. | |
САБАҚ БАРЫСЫ
Сабақ кезендері: | Сабақтағы іс-әрекеттер: | құрал жабдықтар (ресурстар) | |
Сабақтың басы 15 минут | Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау. Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру. - Жүру жаттығуларын орындау; - Жүгіру жаттығуларын орындау; - Жылдамдыққа жүгіру; - Тынысты қалыпқа келтіру жаттығуларын орындау; Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды. Қимыл-қозалыс ойындарын ойнату. |
Бос кеңістік, түрлі түсті конустартар
| |
Сабақтың ортасы
| 1-тапсырма. 150 грам допты қашықтыққа лақтыру. Шарты: 2 топ оқушылары 150 грам допты қашықтыққа лақтыру тәсілдерін орындайды. Әр оқушы 150 грам салмақтағы допты 3 рет лақтырып жаттығу. Оқушылармен жеке-жеке жұмыс жасай отырып, лақтыру әдісін толық меңгерту. Әр оқушының лақтырған ұзындықтарын метрлік бойынша белгіленеді. 150 грам допты биікке ұшуы, ұзаққа түсуі, оқушының лақтыру техникасы ескеріле отырып есептеледі. Қай топтың ұзындыққа лақтырған өлшемі көп, сол топ жеңіске жетеді. 2-тапсырма. 500-700 гранатаны қашықтыққа лақтыру. Допты лақтыру кезінде қауіпсіздік ережесіне қысқаша түсініктеме беру. 150 г. Кіші допты қашықтыққа лақтыру. Жұппен орындау 1. Орнында тұрып қолды бастан асыра лақтыру. Жеке орындау 2. Жүгіріп келіп қолды бастан асыра лақтыру. Мұғалімнің командасымен, бұйрығымен допты қашықтыққа лақтыру. Екпін. Екпін керекті жылдамдықты жинап алу үшін қажет. Екпін алғаннан кейін жүгіріп жылдамдық алады. Лақтыру. Граната лақтыру кезінде, граната бар қолын артқа ұстап, белгіленген сызыққа келген кезде, басынан асыра лақтыру қажет. Белгіленген сызықты баспауы керек.Ұшу. Орташа биіктікте, ұзаққа қолдың буыны арқылы, жылдамдықты тежемей лақырып, белгіленген сызықты айналып түсу техникасы арқылы орындайды. Топтағы барлық оқушыларды бағалау. «Бағдаршам» арқылы бағалау. | Кең ойын алаңы, нығыздалған топтар (1-5 кг), ысқырық, фишкалар, бор, конустар. Интернет ресурсқа сілтеме: http://nexvorat.ru/index.php/oporno-dvigatelnyj-apparat.html Лақтырушының арнайы жаттығуы. http://www.xn--90abci0a3bn.xn--p1ai/met020_spezRazm.shtml Кең ойын алаңы, теннистік доптар, 500г.-700г. Қол гранатасы, ысқырық,секунд өлшеуіш, бор, конустар. Интернет ресурсқа сілтеме: лақтырушыларға арналған ойындар. http://avangardsport.at.ua/blog/igry_v_zanjatijakh_s_metateljami/2012-06-19-107#.V2zXaPmLTDc | |
Сабақтың соңы | Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау. Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
| Ашық сұрап-жауаптар | |
Үйге тапсырма | Жеңіл атлетика бөліміндегі ҚЕ білу. Төменгі старт техникасын игеруді жетілдіру. Таңғы жаттығулар жасау. | ||
Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсету. Бөлімге байланысты тапсырмаларды орындауда жеңілінен күрделісіне қарай тапсырманы ұйымдастыру және орыдаған тапсырмаларға саралау жүргізу. Білім алушының икемділік дағдыларына қарай тарпсырмалар құрастыру. | Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау, мақтау сөздері арқылы әр-бір іс-әрекетті бақылап, бағалап отыру. Осы бөлімде оқушылар жүгіру жаттығулары бойынша түрлі жаттығулар орындайды, сонымен қатар өз денсаулықтарын жаттығулар арқылы жақсартады | Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Оқушылар басқа оқушылардың жаттығуларының реттілігін бақылайды және кері байланыс береді. . | |
Сабақ бойынша рефлекия: 1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді? |
| ||
2.0қушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? | |||
3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? | |||
4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ? | |||
Жалпы оқушыларды бағалау: | Топтың жұмысы алдында мүмкін болатын АЖЖ талқылау. Лақтыру жаттығуларын орындау кезіндегі аралық пен қашықтықты сақтау қажеттігі туралы түсіндіру. Оқушыларға әр топтағы қорытынды және лақтыру жаттығуларының бағытын (ерекшелігін) сақтау қажеттігі туралы естеріне салу. Арнайы лақтыру жаттығуларына арналған сұрақтар: Аталған жаттығуларды орындау кезінде бұлшық еттің қандай бөліктері жұмыс істейді? Ұсынылған арнайы лақтыру жаттығуларының нәтижесін талдаңыз және бағалаңыз. | ||
Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.) 1 Жеңіл атлетика тарауындағы қауіпсіздік ережесін сақтайды және әдістерді орындай алады. 2 Өзін-өзі шыдамдылыққа, шымырлыққа, ептілікке баулиды. | |||
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену) Сабақты жақсартуға оқушылардың сол сабаққа берген кері байланысы. Сол арқылы оқушылардың қажеттілігіне қарай келесі сабақты жүйелі жоспарлау. | |||
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі (қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?) | |||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру