Лақтыру және оның түрлері. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ 3

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1- бөлім: Қарқынды қозғалыс дағдылары және жеңіл атлетиканы түсіну

I-тоқсан

Күні:

Мектеп:

Сыныбы: 10

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы:

Лақтыру және оның түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.2.2. Түрлі дене жаттығулары аясында және жағдаяттарда үздік үйлесімділік пен бірізділікті ойлап табу және қолдану.

10.3.5.5. Дене белсенділік тәжірибесі үшін білім мен дағдыны дамыту.

Бағалау критерийлері

  • лақтыру барысында, лақтыру дағдысын дамытып жатқандығын орындап көрсетеді;
  • физикалық жаттығулардың денсаулыққа тигізетін әсерін бағалай білетіндігін көрсетеді;

Тілдік мақсат

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • Жеңіл атлетикадан арнайы қозғалыс әрекеттерін талқылап, көрсетіп, талдай алады.

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • Лақтыру кезіндегі дәлдік
  • Лақтырулар, жылдамдату

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Лақтыру кезінде қандай техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
  • Лақтырудан кейін қол, иық бұлшық еттерің өзін қалай сезінеді?

Құндылықтарды дамыту

• Оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;

• Ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс, жауапкершілік пен өзара түсінушілік қалыптастырады;

• Оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

Пән аралық байланыс

Биология (лақтыру жаттығуларын орындау барысында дене бұлшық еттерінің әсерін анықтайды)

Физика (оқушылар өз лақтыру қашықтықтарын есептеп бағалайды)

АКТ қолдану дағдылары

https://www.youtube.com/watch?v=0GalavwdShs https://www.youtube.com/watch?v=NMm3qkpxoHQ

Бастапқы білім

Оқушыларың жеңіл атлетика бойынша білімдері бар және алдыңғы сыныптарада және оқудан тыс уақытта танысқан жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларымен таныс.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері

Сабақтағы іс-әрекеттер

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 минут

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

- Жүру жаттығуларын орындау;

- Жүгіру жаттығуларын орындау;

- Жылдамдыққа жүгіру;

- Тынысты қалыпқа келтіру жаттығуларын орындау;

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды.

Қимыл-қозалыс ойындарын ойнату.

Бос кеңістік,

түрлі түсті

конустартар.

Үлкен, бос кеңістік әр қызмет үшін. Ысқырық, секундомер.

Сабақтың ортасы

25 минут

1-тапсырма1 нұсқа. 4 адым жасап, қолды сермей гранатаны (допты) лақтыру, 2 адымды «тура-артқа» басып орындау.

2 нұсқа. 4 адым жасап, қолды сермей гранатаны (допты) лақтыру, 2 адымды «доғамен жоғары-артқа» басып орындау.

3 нұсқа. 4 адым жасап, қолды сермей гранатаны (допты) лақтыру, 2 адымды «алға-төмен-артқа» басып орындау. Жасалған жұмыстың қорытындысын топтарда талдау. Оқушыларға ұсынылған нұсқалардан жетілдірілген лақтырудың бір өнімді нұсқасын ұсынуын сұраңыз.

Доп лақтыру әдісі

Граната лақтыру әдісі

2-тапсырма

Оқушыларды бірнеше топқа бөліп қол гранатасын белгілі секторға лақтыруды ұсыныңыз.

Алысқа екпінмен қол гранатасын лақтыру техникасы:

Граната лақтыру әдісі

Орында, қол гранатынсыз көрсету, қолмен лақтыру қимылдарына еліктеу, дұрыс алақандау мен орнынан лақтыруды үйрену.

5-6 қадамдық екпінді үйрену.

Қол гранатасын алысқа лақтыру.

3-тапсырма

Дабыл бойынша оқытушы волейбол добын жоғары лақтырады, ал оқушылар кезек бойынша теннис добымен әуедегі нысанаға тигізуге тырысады. Әр нысанаға тигізу үшін, ойыншыға ұпай қосылады.

8-10 талпыныс ішінде ең көп ұпай жинаған ойыншы жеңімпаз болыа саналады.

Таңдап алынған қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, бор, граната, резеңке доп, лақтырудың түріне қарай құралдар алынады, өлшеуіш, жалаушалар(қызыл, ақ).

Үлкен, бос кеңістік ойын алаңы, бол, өлшеуіш, 1-2 резеңке доптар (немесе волейбол), секундомер, ойын алаңының шекараларын белгілеуге арналған конустар.

Үлкен, бос кеңістік ойын алаңы. Теннис доптары (немесе кішкентай резеңке доптар), 6-8 волейбол доптары.

Таңдап алынған қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, ысқырық, жалаушалар (ақ, қызыл), үлкен теннис доптары, құм салынған қапшықтар (100 гр.).

Сабақтың соңы:

5 минут

Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау.

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

  • нені білдім, нені үйрендім.
  • нені толық түсінбедім.

Ашық сұрақ-жауаптар

Үйге тапсырма

Жеңіл атлетика бөліміндегі ҚЕ білу. Лақтыру техникасын игеруді жетілдіру.

Дене қабілеттерін дамыту жаттығуларын орындау.

Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

Жұптық және топтық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу

Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау

Осы бөлімде оқушылар жеңіл атлетика бойынша түрлі жаттығулар орындайды, лақтыру әдісін танып біледі, сонымен қатар өз денсаулықтарын жаттығулар арқылы бекітеді.

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлері.

Оқушылар басқа оқушылардың жаттығуларының реттілігін оқиды және кері байланыстың құрамдылығын көрсетеді. Оқушылар секіру қабілеттерін құрамдас жаттығулардың дамуына себепкер болатын топтық жұмыстарды орындау кезінде біріктіріп жібереді.

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді?

2.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?

Жалпы оқушыларды бағалау:

Сұраңыз: Лақтыруды орындау кезінде неліктен реттілікті сақтау қажет?

Екпін алып лақтырудын қандай сатыларын білесіңдер?

Оқушы қашан лақтыра алады? (ақ жалаушаны көтергеннен немесе «рұқсат» жауыс белгісінен кейін)

Біздің ағзаға икемділік не үшін керектігін айта аласыңдар ма?

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1. Жеңіл атлетика тарауындағы қауіпсіздік ережесін сақтайды және әдістерді орындай алады.

2. Өзін-өзі шыдамдылыққа, шымырлыққа, ептілікке баулиды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

Сабақты жақсартуға оқушылардың сол сабаққа берген кері байланысы. Сол арқылы оқушылардың қажеттілігіне қарай келесі сабақты жүйелі жоспарлау.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі (қиындықтары туралы нені

білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу