Лақтыру және оның түрлері. Дене шынықтыру, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім: Жеңіл атлетика түсінігі және қозғалыстың озық дағдысы

Мектеп:

Мерзімі:

Мұғалім:

Сынып:

10

Қатысатындар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Лақтыру және оның түрлері

Сабақтың оқу мақсаты

10.1.2.2. Түрлі дене жаттығулары аясында және жағдаяттарда үздік үйлесімділік пен бірізділікті ойлап табу және қолдану.

10.3.5.5. Дене белсенділік тәжірибесі үшін білім мен дағдыны дамыту

Сабақтың мақсаты:

Оқушы лақтыру техникасын жақсартуда қандай арнайы жаттығу кешендерінің тиімді екенің талдау, көрсету және бағалауы тиіс.

Бағалау

критериі:

1. Әртүрлі лақтыру жаттығуларын орындау кезінде үйлесімділік пен бірізділікті ойлап табады және қолданады.

2. Лақтыру жаттығуларының ағзаға тигізетін әсерін сезінеді, бағалайды.

 Тілдік

 мақсаттары:

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

Жеңіл атлетикадағы ерекше қозғалыстар мен іс-әрекеттерді талқылайды, көрсете алады және талдай алады

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • Лақтыру, қадамдар
  • Сермеп лақтыру, итеру, көтеріп лақтыру

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Лақтыру жаттығулары кезінде, қауіпсіздіктің қатаң ережесін не үшін сақтау керек?
  • Лақтыру кезінде техника қауіпсіздігінің қандай ережесін сақтау керек?

 Құндылықтарды

 дамыту:

• Оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;

• Ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс, жауапкершілік пен өзара түсінушілік қалыптастырады;

• Оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

АКТ қолдану дағдылары:

Ғаламтордан лақтыру түрлері мен техникасы туралы бейнебаян қарау

Пәнаралық байланыс:

Физика, математика, биология

Бастапқы білім

Жаттығулардың кең ауқымдағы қимылдары мен олардың реттілігін бейімдеу

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

Оқушыларды сабақ мақсаты мен бағалау критерилерін таныстыру. Қауіпсіздік ережесін таныстыру.

Жүру және жүгіру жаттығулары.

Жалпы дамыту жаттығулары.

Арнайы жүгіру жаттығулары.

Негізгі бөлім

25 минут

1 тапсырма:

Сыныпты бірнеше топқа бөліп, лақтырудың бірнеше түрін қолдануларын ұсыну.

Жаттығуларды орындау барысында қайшылай басу әдісін қолдану.

1 нұсқа. 4 адым жасап, қолды сермей допты лақтыру, 2 адымды «тура-артқа» басып орындау.

2 нұсқа. 4 адым жасап, қолды сермей допты лақтыру, 2 адымды «доғамен жоғары-артқа» басып орындау.

3 нұсқа. 4 адым жасап, қолды сермей допты лақтыру, 2 адымды «алға-төмен-артқа» басып орындау.

Жасалған жұмыстың қорытындысын топтарда талдау. Оқушыларға ұсынылған нұсқалардан жетілдірілген лақтырудың бір өнімді нұсқасын ұсыну.

Доп лақтыру әдісі

2 тапсырма:

«Әуедегі нысана».

Мұғалім белгі бойынша волейбол добын жоғары лақтырады, ал ойыншылар кезек ретімен теннис добын ұшып бара жатқан нысанаға тигізуге тырысады.

Нысанаға тигізген әр ойыншыға ұпай беріледі. 8-10 мүмкіндікте көп ұпай жинаған жеңіске жетеді.

Таңдап алынған қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік, бор, граната, резеңке доп, лақтырудың түріне қарай құралдар алынады, өлшеуіш, жалаушалар (қызыл, ақ).

Интернет ресурсының сілтемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=8dlX1bN8zWg

Теннис доптары (немесе кішкентай резеңке доптар), 6-8 волейбол доптары.

Интернет ресурсының сілтемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=KSlbB0T9_L4

Қорытыңды

5 минут

Тынысты қалыпқа келтіру.

Сабақты қорытындылау.

Сабақтың жағымды жақтарын белгілеу.

Рефлексия және бағалау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Деңсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Берілген тапсырмаларды орындау барысында ауызша қолдау көрсету,мақтау мадақтау.

Қабілетті оқушыларға тапсырмалардың күрделілігін арттырып,жоғары нәтиже күтілетініне бағдарлау.

Өтілген сабақтың қортындысын оқушылардың жаттығуларды орындау деңгейлеріне қарай бағалау.

Спорттық деңгейлеріне қарай бағалау.

Әр жасалатын қимылдың алдында міндетті қыздырыну жаттығуларын жүргізеді

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Оқу мақсаты жоспар бойынша нақты қойылған.

Қойылған оқу мақсатына сабақ соңында барлығы қол жеткізді.

Сабақ соңында саралау міндетті түрде жүргізіліпабақ қортындыланды.

Кіріспе бөліміне 10мин, негізгі бөлім 25мин, қортынды 5мин регламент сақталды.

Ауытқулар болған жоқ

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Сабаққа барлығы толығымен ынталы қатысты.

2:Оқушылардың спорт ойын түрлеріне қызығушылығы.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете аладықыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың барысында қызықты ойындар өткізу.

2: Тоқсанның соңында жарыс өткізу.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1: Кей оқушылардың жаттығу орындау кезінде дене қимылына байланысты жаттығуды орындауда қиындықтары туындайды. Олармен жеңіл жаттығуларын жиынтығын орындау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу