Ойын техникасы. Дене шынықтыру, 9 сынып, презентация. 2 сабақ.
Презентация
9: Сынып
2 бөлім:«Командалық спорт ойындары арқылы өзара іс-қимыл»
Волейбол: Ойыны
«Ойын техникасы»: сабақтың тақырыбы
«Дене жаттығуларының шеңберінде балама әзірлеу және қызметті оңтайландыру үшін ережелер мен құрылымдық тәсілдерді бағалау және салыстыру»: оқу мақсаттары
«Оқушыларды дене шынықтыру жаттығулары аясында қызметті оңтайландыруға үйрету»: сабақтың мақсаттары
Волейболшының физикалық қасиеттері
Волейболшылардың арнайы физикалық дайындығына мынадай дағдылар енеді:
1. Арнайы күш.
2. Арнайы төзімділік.
3. Арнайы жылдамдық.
4. Арнайы иілгіштік.
5. Арнайы ептілік.
6. Босаңси білу.
Волейболда физикалық қабілетті дамыту және арнайы-техникалық әрекетті жетілдіруді айналдыра жаттығу арқылы оңтайландыруға болады.
1- тапсырма: волейболда допты жоғарыдан және төменнен беру техникасын жетілдіру, сондай-ақ тапсырмаларды оңтайландыру арқылы секіруді дамытуға арналған жаттығуларды орындау (әр топшадағы оқушылар допты беруді орындағаннан кейін сағат тілі бойынша қозғалады:
1. Допты бес әдісті қолданып төменнен өзіңнің үстінен жоғарыдан беру. Екі оқушы жаттығуды орындаған кезде, үшіншісі 5-7 рет отырып тұру жаттығуын орындайды. 2. Допты жоғарыдан өзіңнің үстінен берумен бірге жоғарыдан беру. Екі оқушы жаттығуды орындаған кезде, үшіншісі сол аяқта "тапанша" жаттығуын орындайды.3. Допты төменнен өзіңнің үстінен берумен бірге төменнен беру. Екі оқушы жаттығуды орындаған кезде, үшіншісі оң аяқта "тапанша" жаттығуын орындайды.
2-тапсырма: волейболда допты жоғарыдан және төменнен беру техникасын жетілдіру, сонымен қатар тапсырмаларды оңтайландыру арқылы жоғарғы иық белдеуін нығайтуға арналған жаттығуларды орындау (әр топшада оқушылар допты беруді орындағаннан кейін сағат тілі бойынша қозғалады):
Допты өзіңнің үстінен жоғарыдан берудің үш әдісін қолданып 1800-қа бұрылу арқылы жоғарыдан беру. Екі оқушы жаттығуды орындаған кезде, үшіншісі сәкіден 5 рет кеудені жерден көтеру жаттығуын орындайды.
Допты өзіңнің үстінен төменнен берудің үш әдісін қолданып 1800-қа бұрылу арқылы жоғарыдан беру. Екі оқушы жаттығуды орындаған кезде, үшіншісі сәкіден 5 рет кеудені жерден көтеру жаттығуын орындайды.
Рефлексия
Сабақ соңында оқушылар рефлексия өткізеді:
- не білді, нені үйренді?
- не түсніксіз болып қалды?
- нені жетілдіру үшін жұмыс істеу керек?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру