Ойындар арқылы мәселені шешу. Дене шынықтыру, 6 сынып, презентация. 69 сабақ.


6-бөлім Шытырман оқиғалы ойындар

Оқу мақсаты:

6.1.4.1. Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсіну және түсіндіре білу

Сабақтың тақырыбы:

Ойындар арқылы мәселені шешу.

Сабақтың мақсаттары:

Қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінуге және түсіндіре білуге үйрету.

Бағалау критерийлері :

Волейболдағы қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді және түсіндіре біледі.

Тілдік мақсаттар

Шытырман ойындарда өзінің дағдыларын талқылау, талдау және көрсету.

Мыналарды қамтиды:

Шабуыл, қорғаныс

Әділ ойын , жарыс кезіндегі қарым-қатынас

Кеңістікте бағдар алу.

Командалық жұмыс

• Тактика, стратегия, шығармашылық қабілет

Көшбасшылық дағды

Жүгіру, бағыт өзгертіп, жылдам жүгіру

Ынтымақтастық сыни ойлау

Талқылауға арналған сұрақтар:

Белсенді әрекет дегеніміз не ?

Ойын алаңында ұсыныс қабылдаудың ең қолайлысы қандай?

• Команда ретінде алаңда әрекет етудің жолдарына қалай жетуге болады?

Көшбасшы болу үшін қандай негізгі қасиеттер болу керек?

Тапсырма орындаған кезе қандай қиындықтарға тап болдыңыз?

Құндылықтарды дарыту:

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы. Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне, жауапкершіліке және өмір бойы оқуға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар:

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары:

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі:

Оқушылар волейбол элементтерін қозғалмалы ойындар арқылы дағдылар мен қабілеттер білімін дене тәрбиесі және алдыңғы сыныптарда, сабақтан тыс уақыттарда қамтыған.

(С, Ж, ҚБ) Білім алушылар волейболдағы допты екі қолмен төменнен қабылдау және қайтару техникасымен таныстырылады. Осыдан кейін допты екі қолмен төменнен беру, қабылдау әдістерін үйрену үшін білім алушылар жұптарда келесі тапсырмаларды орындайды:

1 тапсырма. 1-ші ойыншылар допты екі қолмен төменнен әріптесіне лақтырады, ал 2-ші ойыншылар допты төменнен екі қолмен қағып алуға тырысады. Осыдан кейін 2-ші ойыншылар лақтырады, ал біріншілер қағып алады. Тапсырма дәл осылай жалғасады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты екі қолмен қабылдау және қайтару техникасы бойынша қағып алғандары мен лақтырулары қадағаланады. Допты лақтыру және қағып алу кезінде аяқ жартылай бүгілу, бір аяғын алға, екінші аяғын артқа қояды. Екі қолын төмен түсіреді. Допты қағып алған кезде шынтағын бүкпейді. Допты лақтырған кезде аяқтарын бүгіп, сәл төмен отырып, екі қолының шынтақтарын бүкпей лақтыру қажет екендігі ескертіледі.

2 тапсырма.

1-ші ойыншылар допты екі қолмен төменнен әріптесіне лақтырады, ал 2-ші ойыншылар допты төменнен екі қолмен қабылдап (қағып алмай), бірден қайтаруға тырысады. Белгіленген уақыт өткен соң ойыншылар рөлдерімен ауысады. Осыдан кейін 2-ші ойыншылар лақтырады, ал біріншілер қайтарады. Тапсырма дәл осылай жалғасады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты екі қолмен қабылдау және қайтару техникасы бойынша қағып алғандары мен лақтырулары, қабылдау мен қайтарулары қадағаланады. Допты лақтыру, қағып алу және қабылдау, қайтару кезінде аяқ жартылай бүгілу, бір аяғын алға, екінші аяғын артқа қояды. Екі қолын төмен түсіреді. Допты қағып алған кезде шынтағын бүкпейді. Допты лақтырған кезде аяқтарын бүгіп, сәл төмен отырып, екі қолының шынтақтарын бүкпей лақтыру қажет екендігі ескертіледі.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Жаттығулар орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Волейболдағы қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді және түсіндіре біледі;

- Допты төменнен қабылдау кезінде ойыншының дұрыс тұру қалыбын орындайды (аяқ иық денгейінде, бір аяғы сәл алда);

- Екі қолын төмен түсіреді жәнедопты қағып алған кезде шынтағын бүкпейді.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Жаттығуларды орындау барысында көшбасшылық қасиет қалай байқалады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз? Волейболдағы қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзіңіздің және өзгелердің біліктілік сапасын қалай түсінесіз?

Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері:

1. Дене тәрбиесі сабағына сай спорттық киім кию.

Тізеге, шынтаққа киетін арнайы киім кию.

2. Мұғалімнің ұйымдастырған сабағын бұзбауы керек.

3. Белсенді, ақыл оймен қыздырыну жаттығуларын жасау керек.

4. Ойын алаңына мұқияттылық пен қарау.

5. Допты дұрыс үрілуін қарау, қатты үрілген доппен ойнамау.

6. Доптың сыртқы бөлігін мұқият тексеру.

7. Жыртылған доппен ойнамау

8. Техникалық әдіс-тәсілдер кезінде мұқият болу.

9. Тік аяқпен тұрмау және доп секіріп алқанымен қабылдамау.

10. Өте жоғары ұшқан допты секіріп алқанымен қабылдамау.

11. Тіке қолмен жоғарыдан допты қабылдамау.

12. Допты қабылдау кезінде бас бармақты алға тоспау.

13. Допты тізенің тұсында қабылдау, кеуде немесе ішімен қабылдамау.

14. Төменнен доп қабылдаған кезде шынтақ буынын бүгу.

15. Допты беруді орындау (подача) кезінде жұдырықпен допты ұрмау.

16. Шабуылшыға допты қайтару үшін қолды тосқан кезде (блокироввание) торға жақындамау.

17. Допқа қарсы қол қойғаннан кейін, допқа қарап, саусақты алға созып алақанымен қабылдау керек.

18. Секіріп доп қабылдағаннан кейін тізеге құламау керек. Ойын кезінде доптардың тиіп кетпеуінен сақтану керек.

2-ші тапсырма

Сыныпты екі топқа бөліп, ойын өткіземін. Әр топ допты тор арқылы немесе жіп арқылы қарсыластарының, алаңына түсіру және өз алаңына түсіруге жол бермеу керек. Допты ұстап алған ойыншы оны қайта бірден немесе әр команда өз жағында бір, екі рет пас беріп қарсыласының алаңына лақтыру керек. Лақтырулар тек төменнен екі қолмен допты беру әдісімен орындалады.

Әр қателік үшін қарсылас командасына бір ұпай жазылады. Қателік болып табылады: доптың түсуі; алаңға түсуі; доптың бағыты «ойыннан тыс»; арқанға тигізу немесе одан асыру; ойыншыларға ойын алаңынан шығып кетуге.

Содан соң доп қайта ойнатылады. Допты ойынға қосу бір қолмен төменнен, жанынан немесе жоғарыдан лақтыру арқылы орындалады. Доп торға тигізсе қателікке саналмайды.

Ойын белгілі бір уақытқа дейін жалғасады. 1 партия 15 ұпайға дейін ойналады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

- Жаттығулар орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

- Волейболдағы қимыл-қозғалыс орындау кезіндегі өзінің және өзгелердің біліктілік сапасын түсінеді және түсіндіре біледі.

Сұраңыз: Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады? Жаттығуларды орындау барысында көшбасшылық қасиет қалай байқалады? Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз? Волейболдағы қимыл-қозғалыс негіздерінен туындаған рөлдерді және олардың айырмашылықтарын қалай түсінесіз?

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізу ұсынылады.

Рефлексия

Жасыл түс - тақырыпты толық меңгердім

Сары түс -тақырып бойынша әлі де сұрақтарым бар

Қызыл түс - тақырыпты мүлде түсінбедім

Ресурстар:

Үлкен бос кеңістік.

Волейбол доптары, фишкалар, бор, рефлексия парақшалары.

Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:

http://nashyfizkultura.ru/tekhnika-bezopasnosti-2/bezopasnost-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami/bezopasnosti-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami

Допты төменнен қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=8f0G-A1hpUs

Допты төменнен қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме:

https://www.youtube.com/watch?v=8f0G-A1hpUs

https://www.youtube.com/watch?v=9YzQIUMp2kM

https://www.youtube.com/watch?v=S98wO9zcjN8

https://www.youtube.com/watch?v=CToESO4-0jg

Қозғалмалы ойынға сілтеме:

http://www.gomelscouts.com/athletic-games.html

Назарларыңызға рахмет!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу