Ынтымақтастық дағдыларын дамыту. Дене шынықтыру, 6 сынып, қосымша материал. 66 сабақ.


Әдістемелік нұсқаулық

6 бөлім: Шытырман оқиғалы ойындар

Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық дағдыларын дамыту.

Оқу мақсаты: 6.2.2.1. Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуді анықтау және қолдана білу.

Сабақтың мақсаты: Көшбасшылық дағдылар мен команда құрамында жұмыс істей білуге үйрету.

  • Сабақтың басы.

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар волейболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды.

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы, тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану);

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды, буындарды жарақаттау, соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен, асықпай, тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып, бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар, ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда, өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен, асығып-үсікпей, сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді, аяқ киімдерінді шешіндер, оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңда.

Волейбол ойынының қауіпсіздік ережелері:

Дене тәрбиесі сабағына сай спорттық киім кию.

Тізеге, шынтаққа киетін арнайы киім кию.

Мұғалімнің ұйымдастырған сабағын бұзбауы керек.

Белсенді дене қыздыру жаттығуларын жасау керек.

Допты дұрыс үрленгенін қарау, қатты үрленген доппен ойнамау.

Доптың сыртқы бөлігін мұқият тексеру.

Жыртылған доппен ойнамау

Техникалық әдіс-тәсілдер кезінде мұқият болу.

Допты қабылдау кезінде бас бармақты алға тоспау.

Допты ойынға қосу кезінде жұдырықпен допты ұрмау.

Секіріп доп қабылдағаннан кейін тізеге құламау керек. Ойын кезінде доптардың тиіп кетпеуінен сақтану керек.

  • Сабақтың ортасы.

Сыныпты екі топқа бөліп, ойын өткіземін. Әр топ допты тор арқылы немесе жіп арқылы қарсыластарының, алаңына түсіру және өз алаңына түсіруге жол бермеу керек. Допты ұстап алған ойыншы оны қайта бірден немесе әр команда өз жағында бір, екі рет пас беріп қарсыласының алаңына лақтыру керек.

Әр қателік үшін қарсылас командасына бір ұпай жазылады.

Содан соң доп қайта ойнатылады. Допты ойынға қосу бір қолмен төменнен, жанынан немесе жоғарыдан лақтыру арқылы орындалады. Доп торға тигізсе қателікке саналмайды.

Ойын белгілі бір уақытқа дейін жалғасады. 1 партия 15 ұпайға дейін ойналады.

Білім алушылар волейболдағы допты екі қолмен жоғарыдан қабылдау және қайтару техникасымен таныстырылады. Осыдан кейін допты екі қолмен жоғарыдан беру, қабылдау әдістерін үйрену үшін білім алушылар жұптарда келесі тапсырмаларды орындайды:

1 тапсырма.

1-ші ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен әріптесіне лақтырады, ал 2-ші ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен қабылдап, бірден қайтаруға тырысады.Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты жоғарыдан қабылдау және қайтару техникасымен орындалғаны қадағаланады. Допты алу кезінде аяқ жартылай бүгілу, қол жоғары, саусақ арасы ашық және мықты ұсталған қалыпта болуы керек екендігі және допты жұдырықпен қабылдауға болмайтындығы ескертіледі

2 тапсырма.

1-ші ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен өзінің үстіне жоғарыдан допты қайтару әдісімен лақтырады да, түсіп келе жатқан допты әріптесіне жоғарыдан қайтару әдісімен жібереді, ал 2-ші ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен қағып алады да, 1-ші ойыншылар орындағандай қайтарады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты жоғарыдан қабылдау және қайтару техникасымен орындалғаны қадағаланады. Допты алу кезінде аяқ жартылай бүгілу, қол жоғары, саусақ арасы ашық және мықты ұсталған қалыпта болуы керек екендігі және допты жұдырықпен қабылдауға болмайтындығы ескертіледі.

Волейбол елімізде кең тараған ойындардың бірі. Оның көпшіліктік сипат

алуы волейбол ойынының ережелері мен қажетті құрал-жабдықтарының қарапайым және бұл ойын қызықты да әсерлі болуына байланысты.

Волейбол ойынының ереже-талабы мынадай айла тәсілдерден тұрады: оқушылардың орын ауыстыруы, допты бір-біріне беруі, допты ойынға қосу, шабуыл соққысы және оған тосқауыл қою.

Волейбол алаңының аумағы шағын болғанына қарамастан ойын кезінде ойыншы тек өз орнын ғана сақтап тұрмайды. Ойын кезінде қажетгі жағдайға байланысты орын ауыстыра беруінің үлкен мәні бар.

Орын ауысытыру дегеніміз – техникалық тәсілдер мен тактикалық іс-қимылдарды шебер орындап шығу мақсатында командадағы ойыншылардың бір-бірімен орын ауыстыруы. Егер ойыншы бастапқы қалыпта қолайлы жағдайда тұрса, онда ол орын ауыстырулары да оңай орындайды. Ойыншының бастапқы қалпы оның негізгі тұрысы. Волейболшының ең қолайлы бастапқы қалпы-екі қолын шынтақган сәл ғана бүгіп, дененің салмағын екі аяққа тең түсіріп, кеудені аздап ілгері бейімдер тұру. Оқу -жаттығулар процесін жоспарлау мен ұйымдастыру әдістемесі.

  • Сабақтың соңы.

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалауды жүргізуді ұсыныңыз.

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Волейбол доптары, фишкалар, бор, рефлексия парақшалары.Қозғалмалы ойындар мен спорттық ойындар кезіндегі қауіпсіздік ережелеріне сілтеме:http://nashyfizkultura.ru/tekhnika-bezopasnosti-2/bezopasnost-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami/bezopasnosti-pri-zanyatiyakh-sportivnymi-i-podvizhnymi-igrami Допты жоғарыдан қабылдау және қайтару әдісі интернет ресурстарына сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=xBg8q430QNA https://www.youtube.com/watch?v=lQbpg0oQNUU https://www.youtube.com/watch?v=PQh3gVGPXnQҚозғалмалы ойынға сілтеме:http://www.gomelscouts.com/athletic-games.html 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
» 85 жастағы қызылордалық ақсақал 2 млн түп ағаш еккен
» 👦🏻👧🏻Елімізде қанша бала бар?
Пікір жазу