Ұлттық ойындар аясындағы тактикалар мен стратегияларды оқып үйрену. Дене шынықтыру, 6 сынып, дидактикалық материал. 48 сабақ.


Дидактикалық материал 6 сынып

 Сыныпты бірнеше командаларға бөлу. Алаңда асық тігілетін сызық сызылады. Осы жерге әр қатысушы екі асықтан қояды. Асық тігілетін сызықтан 5-7 метр қашықтықта тізілген асықтарды шығару үшін, сақа ататын сызық сызылады. Осы сызықтан қатысушылар кезекпен асықтарды атып, тігілген асықтарды 50 см асатын қашықтыққа шығарулары қажет.

Асықты атып шығарған ойыншы, сол асыққа ие болады. Егер ол атып шығара алмай, тигізген болса, онда асық қайтадан орнына қойылады да, келесі ойыншы сақаны лақтыратын болады.

Ойын кезекпен жалғасады. Ең көп асық жинаған ойыншы – жеңімпаз болады.

 

 «Тоғызқұмалақ» ойынындағы негізгі ережелер қарастырылады. Ойыншылар «тоғызқұмалақ» ұлттық зияткерлік ойынын жұп болып ойнамастан бұрын ойынның басын таңдайды.

Тоғызқұмалақта барлық ойындар 3 топқа бөлінеді:

1. Комбинациялық ойын

2. Позициялық ойын

3. Аралас ойын

Бұл 3 бағыт өзіндік ерекшеліктерге ие және түрлі әдістер мен айланы қажет етеді. Сондықтан бұл сабақта «Комбинациялық ойын», «Позициялық ойын», «Аралас ойын» қарастырылады.

1. Комбинациялық ойындарда тұздық дебютте ақ құрбандыққа шалынады. Бұл – тұздықты құрбандыққа шалып, ойын соңына дейін тұздық алмай, 82 құмалақты барынша жылдам ұту тәсілі.

2. Позициялық ойындардың негізгі бағдарын атсырау жағдайынан бөлек қарастыру – қиын дүние және бұл ойын екі негізгі сипатқа ие: - тұздықсыз позициялык ойындар; тұздықтар тартысына құрылған позициялық ойын. Мұндай ойын көбінесе ара салмағы теңдес тұздықтар тартысы кезінде орын алады.

3. Комбинациялық ойындарда құрбандыққа неғұрлым күшті тұздық шалынады.

 

 Жаңа заман талабы жеке тұлғаны дамыту мен танымдық ауқымын кеңейту деңгейінде әр түрлі технологияларды және әдістерді қолдануды қажет етеді. Мектепке дейінгі мекемедегі балалардың қабілеттілігінің дамуы белсенді еңбек пен оқу үрдісіне игеріледі. Балалар шығармашылықтың қайнар көзі.Табиғаттың сыйы. Ендеше шығармашылығын дамыту, белсенділігін, іскерлігін арттыру мақсатында жүргізілетін ұлттық ойындар.Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Балада жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану балалардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.

 Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев, Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен атын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық, адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа, М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі, тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән берілуі – халық данышпандығының белгісі.

 Ең алдымен, халық педагогикасы өскелең ұрпақтың еңбек пен өмір сүру бейнесінің негізі болып, оларды келешектегі қызметіне дайындайды. Біздің халықтық педлагогикада еңбек тәрбиесі өте ертеден бастау алады. Ертеден келе жатқан еңбек тәрбиесінің әдіс-тәсілдер құралы, сөз жоқ, еңбек болып табылады. Еңбек адамның қалыптасуы мен тәрбиеленуінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа өмірлік тәжірибе береді және халықтың даму барысында шешуші роль атқарады. Еңбек ету кезінде адамның дене, ақыл-ой, эстетикалық дамуы мен еңбек тәрбиесі қатар жүреді. Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.

 Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Арқан тартыс», «Орамал тастамақ»,«Бәйге», «Аударыспақ», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу», «Тоғызқұмалақ», «Қамшы тастау», «Сақина салу», «Тауық күрес», «Хан талапай», «Күн мен түн» т.б.

балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.

 

I.Жалпы қауіпсіздік ережелері

1.Бұл нұсқауды сақтау спорт залында дайындалатын барлық оқушылар үшін міндетті.

2.Дене шынықтыру сабағына дәрігерлік тексеруден және қауіпсіздік техникасы нұсқамалығынан өткен оқушылар жіберіледі.

3.Спорт залында тек спорт киімі мен табаны таймайтын аяқкиімде ғана дайындалуға болады.

4.Спорт залына сырт киіммен кіруге болмайды .

5.Жеке гигиена талаптарын сақтау керек (дене таза болуы,тырнақ қысқа етіп алынуы тиіс).

6.Спорт залына портфель мен сөмке алып кіруге болмайды.

7.Спорт залындағы жарақат алу қаупі:

-электр жарығын қосқан кезде (электр тогынан зақымдану );

-ҚТ сақтамаудан (қолдарды,буындарды жарақаттау,соғып алу);

-бұзық немесе даындалмаған спорт снарядтарында жұмыс істеу кезінде.

8.Сүлгі мен сабын салынған жеке дорбаша болуы тиіс.

II.Сабақ басталар алдындағы қауіпсіздік талаптары

1.Спорт киімнін киім шешетін орында ауыстырып кию керек.

2.Мұғалімнің рұқсатынсыз немесе кезекшінің бұйрығынсыз спорт залына кіруге болмайды.

3.Спорт залына сабырмен,асықпай,тәртіп пен реттілікті сақтап кіреді.

4.Электр жарығын өз бетінше қосуға болмайды.

5.Мұғалім рұқсат бермей тұрып желдету үшін есікті ашуға болмайды.

6.Мұғалімнің нұсқауынсыз спорт құралдары мен снарядтарының орындарын ауыстыруға болмайды.

7.Осы сабаққа арналған ҚТ бойынша нұсқамалықты мұқият тыңдау керек.

III.Сабақ кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1.Мұғалімнің бұйрығынсыз жаттығуларды және оқу тапсырмаларын орындауға кірісуге болмайды.

2.Төсеніш төселмеген жағдайда спорттық снарядтарда жаттығу орындауға болмайды.

3.Снарядтарда жұмыс істердің алдында оларды құрғақ,таза шүберекпен сүртіп алу керек.

4.Жаттығуларды орындау кезінде бір-біріңе сақтық етуді естеріңнен шығармаңдар.

5.Доптарды бір-біріне қарма-қарсы лақтыруға болмайды,жұп-жұп болып жұмыс істегінде бір ғана доп болуы тиіс.

6.Мұғалімнің тапсырмасында көрсетілмеген жаттығуларды орындамаңдар.

7.Сабақта тәртіп пен реттілікті сақтаңдар.

8.Сабақтан мұғалімнің рұқсатынсыз кетпеңдер.

9. Жаттығу жасар алдында снарядқа жақын тұрған оқұшының жоқтығына көз жеткізіп алыңдар.

IV.Апатты жағдайлардағы қауіпсіздік талаптары

1.Өз-өзіңді нашар сезінген жағдайда сабақты тоқтатып,бұл туралы мұғалімге хабарлау керек.

2.Жарақат алған жағдайда мұғалімге хабарлаңдар,ол сендерге алғашқы көмек көрсетеді.

3.Кабинетте апатты жағдай орын алғанда,өрт шыға қалған жағдайда мұғалімнің нұсқауымен ұйымдасқан түрде,жылдам,абыржымай,спорт залын тастап шығыңдар.

V.Сабақ біткеннен кейінгі қауіпсіздік талаптары

1.Спорт залынан мұғалімнің командасымен,асығып-үсікпей,сабырмен шығыңдар.

2.Беті-қолдарыңды сабындап жуыңдар.

3.Спорт киімдеріңді,аяқкиімдерінді шешіндер,оны тек спортпен айналысуға ғана пайдаланындар.

4.Сабақ кезінде өздерің байқаған барлық кемшіліктер туралы мұғалімге хабарлаңдар.

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақ күні

Мен тапсырманы орындадым: …...

Менің түсінгенім: ……

Енді менің қолымнан келеді: ……

Дене шынықтыру бойынша

рефлексивті карточка

Оқушының аты-жөні

Сынып

Сабақ күні

Мен тапсырманы орындадым: …...

Менің түсінгенім: ……

Енді менің қолымнан келеді: ……

Ресурстар: Үлкен бос кеңістік.Тоғызқұмалақ тақтасы және құмалақтар(әр жұпқа), асықтар, сақалар, алаңды белгілеу үшін бор.«Асық ату» интернет ресурсына сілтеме:new.zhuldyzai.kz/wp-content/uploads/2017/01/Prilozhenie-1.docx «Асық ату» ойыны:https://www.youtube.com/watch?v=Y85yf2S5HwEАсық ату мобильді нұсқасын жүктеп алу:https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.KEOLimits.asyk«Тоғызқұмалақ» ойынының ережесіне сілтеме: http://soyle.kz/article/view?id=176Оқыту бейнесі:https://www.youtube.com/watch?v=IwD_8vqU2k0Зияткерлік ойындар(ойын тарихы):http://sportwiki.to/%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82%D1%83%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D0%BD%D1%8B%D0%B5_%D0%B8%D0%B3%D1%80%D1%8B



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу