Қауіпсіздік ережесі. Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Бекітемін____________

____________________

Дене шынықтыру сабағының қысқа мерзімді жоспары №1

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1-бөлім Жүгіру, секіру, лақтыру дағдыларын дамыту

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі.Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгеріс

Оқу мақсаттары

6.3.4.1 денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіну

 Сабақ мақсаттары

Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін, нормалары мен ережелерін түсіндіру

 Бағалау критерийлері

Денсаулықты нығайтуға бағытталған арнайы спорттық техника қауіпсіздігін біледі, нормалар мен ережелерін түсінеді;

Әртүрлі физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгерістер туралы түсінігі бар

Дескрипторлар

  • Жеңіл атлетика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
  • болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі;
  • қауіпсіздік ережелерін сақтайды;
  • дене жаттығуларының ағза әсерін түсінеді.

 Тілдік мақсаттар

 

Өздерінің жүгірудегі, секірудегі және лақтырудағы қозғалыс дағдыларын көрсетіп, түсіндіре алады.

Мыналарды қамтиды:

  • қауіпсіздік, жарақат қауіпі бар жағдайлар
  • арнайы-спорттық қозғалыс әрекеттері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Ұсынылған ойын кезінде қандай жарақат алу қауіпі бар жағдайларға тап болуымыз мүмкін?
  • Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

 Құндылықтарды дарыту

Құрмет, жауапкершілік, коллаборативті мәдениет, өмір бойы оқу

 Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

 АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Бастапқы білім

Білім алушылар алдыңғы сабақтардан және сабақтан тыс уақыттан алған жеңіл атлетика бойныша білімдері мен дағдылары бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(тайм-менеджмент)

5-7мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

28-30мин

, ҚБ) Білім алушылар жеңіл атлетикамен айналысу кезінде қауіпсіздік ережесі бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Жеңіл атлетика сабақтарында болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
  • Болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттардың алдын алу жолдарын біледі.

Сұраңыз: Қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығы қандай? Жеңіл атлетикамен айналысқан кезде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет?

) Білім алушылар, бір орында, қозғалыста және жүгіру кезінде ЖДДЖ орындайды.

(Т, Ж, ҚБ) Ойынның алдында ойынның ережесі мен қауіпсіздік ережелері таныстырылады. Білім алушылар бір тізбекке тұрады. Әр ойыншы алдағы тұрғанның белінен ұстайды. Бірінші ойыншы – «басы», ал соңғы ойыншы «құйрығы». Мұғалімнің белгісі бойынша «басы» «құйрығына» қуып жетуге тырысады, ал құйрығы қолын үзбей, ұстатпауға тырысады. Егер ұсталса, екі ойыншы да өздерінің командаларының басына барып ауысады, ал басы мен құйрығы келесі ойыншылар болады. Келісілген уақыттан кейін командалар орындарымен ауысады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Қауіпсіздік ережелерін сақтайды;
  • Тапсырманы орындау кезіндегі болуы мүмкін қауіпті жағдайлар мен жарақаттар туралы біледі;
  • Дене жаттығуларының ағза әсерін түсінеді

Сұраңыз: Тапсырманы орындау кезінде жарақат алмау үшін қандай қауіпсіздік ережелерін сақтадыңыздар? Дене жаттығулары ағзаға қалай әсер етеді?

Үлкен бос кеңістік.

Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері интернет ресурстарына сілтеме:

http://osh92.ru/publ

/4-1-0-126

https://www.youtube.

com/watch?v=s2iFz4

CD_7s

https://www.youtube.

com/watch?v=WAX97

LbQfYI

Үлкен бос кеңістік.

Ысқырық, фишкалар, бор.

Дене жүктемелерінің адам ағзасына әсері интернет ресурсына сілтеме:

http://vahe-zdorovye.ru/novosti/vliyanie-fizicheskix-uprazhnenij-na-organizm-cheloveka

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

5 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім?

- нені толық түсінбедім?

- немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы бірін-бірі бағалау ұсынылады.

Үйге тапсырма:

Сабақтағы қауіпсіздік ережелері.

Рефлексия парағы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелерінің маңыздылығын барлық білім алушылар түсінеді деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға жеңіл атлетика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелерін мысалдар келтіру арқылы түсіндіруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

Оқуды бақылау

Сұрақтар мен жауаптар

Өзін-өзі бағалау

Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Белгілер:

С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу