Қазақтың ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар  №4

  

Бөлім ұзақ мерзімді жоспары: 4-бөлім: Қазақтың ұлттық ойындары 

 НЗМ ФМ.Тараз қаласы 

Мерзімі: 

Мұғалімнің аты: ЕсалиевА.А 

Сынып:9 

Саны осы: 

 

Сабақ тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойындары 

 

 

Оқу мақсаты:  

5.2.3.3 Қолайлы оқу ортасын қалыптастыру бойынша,  біріккен әрі тиімді жұмыс дағдыларын түсіну және анықтау. 

 Сабақ  мақсаты 

Дәстүрлі ойындар арқылы қолайлы оқу ортасын қалыптастыру

Бағалау өлшемдері 

Ойын ережесін біледі 

Ережеге сай ойнай алады 

Асық атуды

 Тілдік мақсаттар 

  

Оқушылар: 

командалық тапсырмалардың әр түрлілігі жағдайында негізгі қозғалыс дағдыларын талқылай алады,  

 Тәрбиелеу құндылықтар 

Қарым-қатынас, шындық, патриотизм. 

 Пәнаралық байланыс 

Математика, Қазақстан тарихы  

  АКТ қолдану 

Ғаламтордан сынып денгейіне сай мәлімет алып қолдануға болады.

 Бастапқыбілім 

Оқушыларалдыңғысыныпбойыншабілімінсұрау  небілетінінсұрақарқылысұрау 

Жоспарланған кезеңдері

Сыныпта Жоспарланған іс-шаралар

Ресурсы

Бастапқы кезен 10 минут

Сабақтың тақырыбымен,оқыту мақсатымен, жетістік критериилерімен таныстыру. 

Сабақтың негізгі мақсатын айту  

Қауіпсіздік ережесімен таныстыру. 

Жалпы жүру, жүгіру жатығулары  

Демалу,дембасу 

Жалпы дамыту жатығулары  

Үлкенкеңістістік,ысқырық. 

Негізгі кезен 25минут

  

 Сабақтың тақырыбы бойынша дәстүрлі сабақтың түрі «Асық ату» ойынымен таныстыру, ойнату.  

  • Ойын ережесімен, ойын тарихымен таныстыру. Қосымша №1көріңіз 
  • Ойын асықтарын қолдану.  
  • Ойын қағидаларын жазып отыруды ұйымдастыру. 
  • Асықтың тұрыстарын түсіндіру. 
  • Топқа бөлініп ойнау. 
  • Қауіпсіздік ережелерін айту. 

  «Шеңбер» ойыны. 

  • Ойынның ережесін түсіндіру.Қосымша №1 көріңіз. 
  • Оқушыларды топқа бөлу 
  • Ойын асықтарын қолдану 
  • Шеңбер сызу. 
  • Қауіпсіздік ережелерін айту. 

Формативтік бағалау: «Мерген»ойынын ойнату.Кішкене шарлар жабыстырылған тақта, оқушылар 2метр қашықтықтан дротик арқылы таңдаған шарға дәлдеп жаруы тиіс, бұл ойын сабақтың тақырыбына тікелей байланысты, тура дәлдеуді, икемділікті арттырады.Шардың ішіндегі сұрақтар сабақтың тақырыбы бойынша жазылады, оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып бірін-бірі бағалайды.Қосымша №4. көріңіз 

Ысқырық ,секундомер, үлкен кеңістік, асықтар, жалаушалар.,  

Асық ату-шекемтас кітабы, авторы Б.Т.Бөрібеков 

 

  

 

Қосымша №1көріңіз 

 

 

Қосымша №4.көріңіз 

Қортынды кезен 10 минут

 

Оқушылар дем басу жаттығуларын жасайды.  

Сабақты қорытындылау. 

Тақтада тұрған кесте «+», «-», «Қызықты», берілген стикер қағазына пікірін жазып, жабыстыру керек.  

 Үйге  тапсырма беру. 

Стикерлер, қаламсап, қарындаштар, тақта. 

 

Саралау - қалай көп қолдау көрсетуге жоспарлап отырсыз? Егер сіз көп қабілетті оқушылардың алдына қоюға қандай міндеттер жоспарлап отырсыз? 

Қабілеті жоғары оқушылар ойын ережесінесай жарыс өткізіп, меңгере алмай жатқан оқушыларды ойынға ұйрету. 

Бағалау - сіз оқушылардың материалының меңгерілу деңгейін тексеру жоспарлап қалай? 

  • Сұрақ жауап.Қосымша №3,4 
  • Оқушылардың іс-әрекетін бақылау.. 

Денсаулық және қауіпсіздік сәйкестігі. 

Асық ату, шеңбер ойындарында қауіпсіздік техникасын сақтау. 

Жалпы бағалау: 

 

Сабақтың екі аспектілері қандай (қалай оқыту және танып ойлаймын) сондай-ақ барды? 

1: 

 

2: 

 

Қандай (қалай оқыту туралы және оқыту туралы ойлануға) Сабақтың жақсартуға ықпал мүмкін? 

1:  

 

2: 

 

Мен келесі сабаққа назар аудару қажеттігі туралы, жеке Сынып немесе жетістіктері / қиындықтар туралы сабақ (а) Табылған қандай? 

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау өлшемдері

Дискриптор

Ойын ережесін біледі 

Асық ату ережесін біледі ережеге сай ойнайды.

Ережеге сай ойнай алады 

Асықтың тұрыстарың біледі

Асық атуды ойнай алады

Ережеге сай сақамен асықты дәлдеп тигізеді

 

 

 

Қосымша №1 

«Асық ату» ойыны 

Ату түрлері: 

  • Ұра ату-шеңбердің сыртында тұрып ату. 
  • Қыңқайта ату-егер асық шеңбер сызығынан едәуір алыс жатса,оны алыстан көздеп атпай,қыңқайып жайпай ату.Бұл үшін ойыншы бір аяғын шеңбер сызығы үстіне қойып,екінші аяғын өзінің қалауынша қадап асық бүйірінен,Яғни орталық арқылы атудан гөрі ең қысқа аралықтан атып түсіретіндей әдіспен атылады. 
  • Қадап ату-асық шеңбер сызығынан бір метрдей ары жатпаса,оны қадап атады.Төрден ату-асық шеңбер сызығынан 40см-ден ары жатпаса немесе шеңбердің үстінде жатса,ал сақа шеңбер ішінде болса,төрден атады. 
  • Шертіп ату-жоғарыдағы ату тәсілдердің қайсыбіреулерінен кейін бар асқтар атылып алынып,ал сақа ату алаңында қандайда бір асыққа,ханға немесе шеңбер ортасына жақын қалса,осы тәсіл қолданылады. 

Асықты иіріп тастағандағы жатысы бес түрлі аталады: 1. Ең сәтті тұрғандағы атауы «алшы». (барлығын бірден ұтасың) 2. Төңкеріліп тұрғаны тәукі (тәуекел мағанасы) (тәйкі) 3. Екбетінен жатқаны «бүк» (бүк түсіп жату) 4. Шалқасынан түскені «ішік» (іші көрініп жатуы) 5. Егер еңкейіп, тұмсығымен тік қадалса «омпа» (омақаса құлаған) 6. Таза тұрмай — алшы тұрғаны қисайып, не тәйкі қисайып тұрса «қырта» дау туғызатын (қырынан жату)деп аталады.  

 

 

 

«Шеңбер» ойыны 

Мәтіні: Бұл ойын топтық ойын, сақа иіру, аут кезегі.  

  • «Алшы» 2. «Тәйке», 3. «Шік», 4. «Бүк» 
  • Ойынға жас ерекшеліктеріне қарай 360,380,407см, шеңбер сызылады.  
  • Екі жақтағы ату сызығы, қашықтығы 2метр. 

Мақсаты: Ойын кезінде қрсыластарының асығын көбірек атып алу. Ату кезегі бойынша ортадағы тігулі асықтарды аады, асық құласа келесі ойыншы шеңбер сызығына келіп құлаған асықты атады, асық шеңберден шықса сақасының құлаған орнынан қалған асықтарды атуға құқылы, асық шеңберден шықпай не сақа асыққа тией кетсе, кезек келесі ойыншыға ауысады, ойын кезек бойынша соңғы асық шеңберден шыққанға дейін жалғаса береді. 

Ескерту: 

  • Асықтар шеңберден толық шығу керек 
  • Құлаған асықтар өз орнында жатуға тиіс 
  • Шеңберден не ату сызықтан аяқ өкшеші өтп кетпеу керек 
  • Асық шеңбер сызығының үстінде жатса оны алып шеңбер ішіне қайта орналастыру керек 
  • Ату кезінде кеудені шамадан тыс алға еңкейтуге болмайды 
  • Ату кезегін ауыстыруға болмайды 
  • Сақаны еденмен сырғытып сілтеуге болмайды.  

 

 

 

 

 

Қосымша №4 

Мерген ойыны 

 

 

Құрылымы:  Тақтаға 2 метр қашықтықта тұрып, дротикпен шарларды дәлдеп жару керек, ішіндегі сабақтың  тақырыбы бойынша сұрақтар жазылған, оқушылар сұрақтарға жауап беру керек. Бұл әдіс сабақты бекітуге септігін тигізеді. 

Формативтік бағалау: 5 сұраққа дұрыс жауап берсе, оқушы  ойын ережесін құрылымын толық меңгерді, 3 сұраққа дұрыс жауап берсе оқушы ойын ережесі мен құрылымын толық емес меңгерді. 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу