Қазақтың ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім: Қазақтың ұлттық ойындары

Мектеп: ФМБ НЗМ Қостанай қаласы

Күні:

Мұғалім аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Қазақтың ұлттық ойындары

Оқу мақсаты:

9.2.3.1. Өзгермелі жағдайларда инновациялық стратегия және тактикалар құру және келтіру

Сабақ мақсаты:

 

Кез келген жағдайларда инновациялық стратегия және тактикалар құруді және келтіруді үйрету

Бағалау критериі

Стратегияларды және тактикаларды құралады

Тілдік мақсат:

Мыналарды қамтиды:

салт-дәстүр, тұрмыс - традиции, обычаи - traditions, customs, way of lif

дала, «бәйге» - степ, «байга» - "baiga"

қамшы, орамал - камча, полотенце - whip, towel

салт атты - всадник - rider

қазақ халқы, көшпенділер - казахский народ, кочевники - the Kazakh people, the nomadic

 Құндылықтарды

арттыру:

Сабақ кезінде оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру. Топта әділ жұмыс жасауға бейімдеу.

Жалпы ғаламдық тәрбиелеу

Осы өмірге деген сезімдеріне жауаптылықпен қарау.

Нақты оқу

Өзгермелі жағдайларда инновациялық стратегия және тактикалар құру және келтіру

Пән аралық байланыс:

Физика, Биология

АКТ қолдану дағдылар

Бейне жазба қарау, ғаламтордан салт-дәстүр, ұлттық ойындар жазбасын қарау

Алдыңғы білім

Ұлтық ойын тұралы бастапқы білім беру

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Сабақтық басталуы- шақыру

10 минут

Оқушыларды сапқа тұрғызу сәлемдесу, сабақ мақсаттарымен, жетістік критийлерін таныстыру.

Бір орында: оңға, солға, кері бұрылу.

Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды белге қойып өкшемен жүру.

Жартылай отырып жүру.

Толық отырып жүру.

Жеңіл жүгіріс.

Жүріске ауысып, тыны салу жаттығуларын орындау.

Жалпы дамыту жаттығулары.

Оқушылар шеңбер жасап бір орында тұрып қыздырыну жаттығуларын орындайды. Әр оқушы екі жаттығудан көрсетеді. Жаттығуда қателік жасаса, оқушылар қателіктерін жөңдейді.

Арнайы жүгіру жаттығуларының кешені.

(С,Ф) Топтағы оқушылар бір оқушының басшылық етуімен арнайы жүгіру жаттығуларын орындайды.

1.Өкшеден аяқтың ұшына басып жүгіру

2. Жамбасты көтеріп жүгіру.

3. Қол белде,аяқты алға созып жүгіру.

4. Қол белде, аяқты артқа созып жүгіру.

5. Өкшені артқа көтеріп, екі алақанға тигізе жүгіру.

6. Аяқты қиылыстыра жүгіру.

7. Сирақты сілтеп жүгіру.

9. Сол аяқпен секіру

10. Оң аяқпен секіру

11.Арқанмен алға қарай бағыттап жүгіру.

Кедергі тегергіштер, секіртпелер.

Сабақтың ортасы - ойлану

65 минут

(Т, Тәж) Оқушылар қазақ салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын пайдаланып, ұсынылған материалдар бойынша қозғалыс ойындары туралы әңгімелеседі.

«Қызыл ту»

Ойын алаңда немесе спортзалда өткізіледі. Ойынға 10 нан 30 балаға дейін қатыса алады. Ережесі: Алаңда екі топ ойын сызығының екі жағына орналасады, әр топтың өз туы болады. Ойынның мақсаты өз туын қорғай отырып қарсылас команданың туын өз ойын алаңына алып өту. Әр әкелінген ту үшін командаға 1 ұпай беріледі. Ойын жағдайына қарап білім алушылар өз ойын әдіс айналарын құрады.

Дескриптор:

- Ойын ережесін біледі, топта ойнауға қолайлы ойын әдісін құрып, бірігіп топпен тиімді жұмыс жасайды.

- Төреліктің сапасын дұрыс анықтайды және ойын ережесін сақтайды.

- Төрелікке байланысты ақпарратты және ойын ережесін басқа білім алушыларға түсіндіреді.

(Б, К, Ф) «Арқан тарту»

«Арқанға жақында» бірінші белгісі бойынша ойыншылар командада жұптарға бөлініп, арқанның оң және сол жақтарына тұрады. «Арқанды ұста» екінші белгісі бойынша жұптар еңкейіп, арқанды көтереді. Мұғалімнің ысқырығы бойынша командалар арқанды өз жағына тартуға тырысады. Командалардың бірі таспа ортадағы бақылау сызығынан 3 м басып өтетіндей арқанмен кейін шегіне алған кезде, ысқырық беріліп, күрес тоқтатылады. Арқанды орнына қойып, ойынды қайталайды.

Арқанды өз жағына көп рет тарта алған команда жеңіске жетеді.

Дескриптор:

-жарыс кезінде әділ ойнайды;

-патриотизм және ынтымақтастыққа жататын мінез-құлық көрсетеді және түсіндіреді.

Сабақ соңы –рефлексия

5 мин

Оқушылар көкіректі демді реттейді, демді ішке алғанда аяқтың ұшымен жүру, демді шығару. Көзді жұму, бүгін жақсы жасаған нәрсе туралы ойлану. Сабақтың жағымды жақтарын белгілеу. Рефлексия және бағалау.

Қосымша ақпарат

Дифференциация - Сіз неғұрлым қолдау көрсетуді қалай іске асырасыз? Сіз неғұрлым қабілетті оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардыңң материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруге болады?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақты көрсету үшін осы бөлімді пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға:

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Сабаққа барлығы толығымен ынталы қатысты.

2:Оқушылардың спорт ойын түрлеріне қызығушылығы.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете аладықыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Сабақтың барысында қызықты ойындар өткізу.

2: Тоқсанның соңында жарыс өткізу.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

1: Кей оқушылардың жаттығу орындау кезінде дене қимылына байланысты жаттығуды орындауда қиындықтары туындайды. Олармен жеңіл жаттығуларын жиынтығын орындау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу