Қазақтың ұлттық ойындары. Дене шынықтыру, 6 сынып, сабақ жоспары. 43 сабақ.


 

 

 

 Дене шынықтыру сабағының №43 қысқа мерзімді жоспары

 

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 бөлім: Қазақтың ұлттық және зияткерлік ойындары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақтың ұлттық ойындары

Оқу мақсаттары

6.3.5.1. Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана білу

Сабақ мақсаттары

Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларын қолдана білуге үйрету.

Бағалау критерийлері

Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана алады.

Тілдік мақсаттар

 

Түрлі ойын контексттеріндегі ойын ережелерін және қозғалыс дағдыларын біліп, талқылай алады.

Мыналарды қамтиды:

  • Ұлттық ойындар
  • команда, ойыншы, төреші
  • қарсылас, шабуыл, қорғаныс
  • ереже, баға, әділ ойын

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жарыс кезінде ойындарда серіктестік қалай дамиды?
  • Жарыс кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?
  • Командаңыз бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз?
  • Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

Құндылықтарға баулу

Жеке жауапкершілік, көшбасшылық қасиеттері, өмір бойы оқу, бір-біріне көмектесу.

Пәнаралық байланыстар

Ғылыммен байланыс – денсаулық және тән, қауіпсіздік, салмақ динамикасы. Информатикамен (ғаламтордан ақпарат іздеу және өңдеу), математикамен (айналу осі, кеңістік, бағыт пен бұрыштар), психологиямен (кіші топта жұмыс жасау дағдылары), биологиямен (ағзадағы биохимиялық өзгерістер), физикамен ( жылдамдық, салмақ, энергия) байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Шағын құрылғылармен сабақты түсіру, ғаламтордан қажетті ақпаратты іздеу үшін ноутбукты қолдану.

Алдын ала білімі

Білім алушылар алдыңғы сыныптарда және сабақтан тыс уақытта түрлі қазақ ұлттық ойындарында алған жалпы шеберліктері мен стратегиялық түсініктеріне ие.

 

 

 

 

 

 

 

 

 Сабақтың барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы (тайм-менеджмент)

0-8мин

Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады. Осыдан кейін білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.

Білім алушылар жаттығу жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады. Білім алушылар жүру, жүгіру кезіндегі жаттығуларын орындағаннан кейін, демдерін қалпына келтіріп, дененің барлық бұлшық еттеріне дене қыздыру жаттығуларын орындайды.

Үлкен бос кеңістік.

 

Сабақтың ортасы

(тайм-менеджмент)

9-22мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

23-34мин

 

(Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, «Тақия тастамақ» ойынын өткіземін. Ойнаушылар шеңберге тұрады және жүргізушіні таңдайда. Оның қолында тақия болады. Ол келесі сөздерді айтып, балаларды айналады: Асықпай ойынды бастаймыз: шеңбер құрап отырамыз». Осы сөздерден кейін балалар отырады да, жүргізуші жалғастырады: «Жаймен, асықпай сендерді айналамын. Осы кезде тақияны білдіртпей бір ойыншының жанына қоямын. Егер ол байқамаса, тақиямен ұрамын. Сол ойыншыға ойынды жалғастыруға тура келеді». Осы сөздерді айтып, жүргізуші алдымен біреудің артына тақияны білдіртпей еденге қояды. Сөз аяқталғаннан кейін балалар айналасынан қолдарымен тақияны іздейді; тақияны артынан тапқан оқушы жүргізушіні қуып жетіп, басына тақияны кигізеді. Егер ойыншы жүргізушіні қуып жетпесе, онда жүргізуші ойыншыны қуып жетіп, ақырын тақиямен ұруы тиіс. Осылай бір шеңбер айналады. Осыдан кейін келесі жүргізушіні таңдайды.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана біледі;
  • ұлттық ойындарды ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.

Сұраңыз: Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

(Т, Ж, ҚБ) Білім алушыларды ойынның ережесімен және қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, ойыншылар саны жағынан тең топтарға бөліп, «Аларман» ойынын өткіземін. Ойынға қатысушылар тізбекке тұрып, олардың әрқайсысы алда тұрған ойыншының белінен ұстайды. Жүргізуші, тізбектің басында тұрғаг ойыншының алдында бетпе-бет тұрады да, мұғалімнің белгісі бойынша тізбектің оң және сол жақтарынан өтіп, тізбектің соңындағы ойыншыға ұстап алып, «дақтауға» тырысады. Егер оның қолынан келсе, тізбектің алдына тұрады, ал ұсталған ойыншы – жүргізуші болады, және ойын осылай жалғасады.

Осы тапсырманың дескрипторлары:

  • Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдана біледі;
  • ұлттық ойындарды ойнау кезінде қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды.

Сұраңыз: Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады? Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?

Үлкен, бос ойын кеңістігі, тақия.

Қазақтың ұлттық ойындары интернет ресурсына сілтеме:

http://igrushka.kz/vip83/kazigr1.php

Үлкен ойын кеңістігі.. Алаңды белгілеу үшін бор не месе фишкалар.

«Қазақтың ұлттық ойындары. Аларман» интернет ресурстарына сілтеме:

http://igrushka.kz/vip83/kazigr2.php

https://www.youtube.com/watch?v=-nfAMZKUnzU

Сабақтың соңы

(тайм-менеджмент)

35-40 мин

Сабақ соңында білім алушылар демді қалыпқа келтіру жаттығуларын орындап, рефлексия жүргізеді:

 - нені білдім, нені үйрендім?

 - нені толық түсінбедім?

 - немен жұмысты жалғастыру қажет?- деген сұрақтары бар парақшаға жауап береді.

Сабақ уақытында орындаған жұмыстарын бағалау үшін білім алушыларға дескрипторлар арқылы өзін-өзі бағалау ұсынылады.

Рефлексия парағы

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды барлық білім алушылар қолдана алады деп жоспарлап отырмын.

Қабілеті жоғары оқушыларға басқа адамдардың дене жаттығуларының тәжірибелерін байытуға арналған дағдыларды қолдану кезінде сыныптастарына ақыл-кеңес беруді ұсынамын.

Материалды меңгеруді бағалау формативті бағалау арқылы барлық сабақ бойы жүзеге асады.

Сонымен қатар:

 Оқуды бақылау

 Сұрақтар мен жауаптар

 Өзін-өзі бағалау

 Білім алушыларды рефлексиялау арқылы

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

 Жалпы баға

 

 Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

 1:

 

 2:

 

 Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

 

 

 Белгілер:

 С = барлық сынып Т = топтық жұмыс ЖЖ = жұптық жұмыс

 Ж = жеке жұмыс Тәж = тәжірибе К = көрсету ҚБ = қалыптастырушы бағалау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу