Негізгі тактикалық тәсілдерді үйрету. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары 6

1-бөлім: Өзгертілген командалық ойын

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Исмагулов А.А.

Сыныбы: 5 сынып

Қатысқан оқушы саны :

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Негізгі тактикалық тәсілдерді үйрету

Меңгеру мақсаттары:

5.1.2.2 Қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың кейбір жаттығулардағы реттілігін білу және орындай алу

Оқу бағдарламасына сілтеме:

1.2 Түрлі қимыл-қозғалыс комбинацияларын құру және оларды дене жаттығуларын орындауда қолдану реттілігі

 Сабақ мақсаттары:

1. Оқушыларға ойындағы тактика және стратегия туралы түсіндіру

2. Оқушыларды тактикалық әрекеттер мен оны қолдануға үйрету

 Жетістік критерийлері:

1. Тактика және стратегия термині туралы біледі;

2. Бір немесе бірнеше тактикалық әрекет жасай алады;

3. Ойын үрдісінде тактикалық амалдар қолданады.

 Тілдік мақсаттар:

Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі:

  • Лақтыру;
  • Допты алып жүру;
  • Алдату қозғалыстары;
  • Иықтан;
  • Кеудеден;
  • Допқа иелік ету;
  • Допты шығарып жіберу, ойынға қосу;
  • Секіріп лақтыру.

 Құндылықтарды дарыту:

Жалпы ұлттық құндылықтар мен мектеп құндылықтарын дарыту.

 Пән аралық байланыс:

Бұл сабақ өзін-өзі тану пәнімен байланыстырылады.

 Акт қолдану:

Ғаламтор ресурстарын қолдану, мобильді тақта арқылы таныстырылым көрсету.

Бастапқы білім:

Оқушылар доптарды лақтыру мен оның орындалу техникасы туралы біледі.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 мин

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік өлшемдерімен таныстыру;

Оқушылармен баскетбол туралы әңгімелесу. №1 сурет.

Таныстырылым арқылы баскетбол жөнінде ақпаратты жетілдіру.

Оқушылардың жүрек соғысын көтеру үшін, жалпы жарақаттардан сақтандыру үшін қыздырыну жаттығуларын жасайды:

-жүру, жүгіру жаттығулары;

-демді қалыпқа келтіру үшін жәй жүріспен жүріп созылу жаттығуларын жасау,

Арнайы жетілдіру жаттығулар кешенін орындау. №2 сурет.

Әр бір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік.

Мұғалімге ысқырық.

Қауіпсіздік ереже журналы.

Гимнастикалық таяқшалар, доптар.

Ақ беткешығарылған суреттер.

Таныстырылым (PowerPoint)

Сабақтың ортасы:

30 мин

Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін тағы да бір есетріне салу қажет. Жасағалы отырған әрекеттерге қызығушылық ояту үшін баскетбол туралы видеоролик қарау ұсынылады.

(Т, Тәж, ф) Қозғалыс үйлесімділігін дамыту үшін екі доппен жасалатын жаттығулар:

- екі допты алма-кезек ауада айналдыру (жонглирование);

- бір допты домалату екіншісін алып жүру;

- екі қолмен бір мезетте екі допты алып жүру;

- қабырғаға лақтырып ұстап алу;

- жұппен бір допты еденге соғып берсе екіншісін биікте лақтырып беру;

- жұпта екі допты биікте лақтырып кері қабылдау;

- жұпта екі допты қатар еденге соғып беріп қабылдап алу;

Жоғарыдағы тапсырмаларға бағалау дескрипторлары:

1. баскетболдағы лақтыру түрлерін айтады;

2. лақтыру кезіндегі дұрыс дене қалыпын көрсетеді;

3. аяқ пен қолдың жазылу қозғалыстарын дұрыс орындайды.

ҚБ: әр оқушыға детальді кері байланыс жүргізіледі (карточкалар арқылы)

(Тәж, ф). Шабуылдауда тактикалық әрекеттерге үйрету.

Мұғалім оқушыларға тактикалық әрекеттер туралы және оның не үшін қажеттігі туралы түсіндіреді.

Ойын тактикасына үйрету келесі әрекеттерден басталады:

Жеке тактикалық әрекеттерді меңгеру. Сонымен қатар әр этапта әреттер қиындатылып отырады

— тапсырма бойынша баяу темпте енжар қорғанмен;

— жарыс үрдісне тән темпте;

— тапсырма бойынша ойынынды меңгеруді бекіту (азайтылған құраммен, ойын алаңының жартысында, қарсыластың белгілі бір шабуылынан кейін т.с.с.).

Мұғалім допты тартып алу және шығарып жіберу амалдары туралы түсіндіреді.№3 сурет.

Келесі әрекетте оқушылар допты тартып алғаннан кейінгі амалдар мен тәсілдерді ойластырады: жалғау, қоршап алу және жауып тастау, сонымен қатар солардың барлығын финт ретінде жасап қарайды.

Тиімді меңгеру үшін жаттығулар:

- айнаға қарсы тұрып денемен алдату қозғалыстарын қолындағы доппен жасау;

- айнаға қарсы тұрып аяқтармен алдату қозғалыстарын қолындағы доппен және допсыз жасау;

- айнаға қарсы тұрып баспен алдату қозғалыстарын қолындағы доппен бір орында және қозғалыста жасау;

Жоғарыдағы тапсырмаларға бағалау дескрипторлары:

1. тактика сөзінің мағынасына анықтама береді,

2. тактикалық амалдар көрсетеді.

ҚБ: әр оқушыға детальді кері байланыс жүргізіледі (карточкалар арқылы) 

Әр бір іс-әрекет үшін үлкен бос кеңістік.

Баскетбол доптары. Конустар.

Мобильді (интербелсенді, проектор) тақта.

Видеоролик: https://www.youtube.com/watch?v=EOwnU6WR-e8

Кері байланыс карточкалары.

Ақ бетке шығарылған суреттер.

Сабақтың соңы:

5 мин

Сабақ соңында оқушыларға қойылатын сұрақтар:

  • Сабақта не түсініксіз болды?
  • Сабақ барысында қандай қиыншылықтар кездесті?
  • Не қосу қажет деп ойлайсың?
  • Өзіңізге нені жетілдіру қажет?

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)

Келесі сабаққа дайындалу үшін киім ауыстыру бөлмесіне бару.

Саралау:

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

- Ерекше қолдауды қажет ететін оқушылар үшін: допты тартып алу сияқты бір амалды ғана игерту;

- Қабілеті жоғары оқушылар үшін: допты тартып алу, шығарып жіберу, екі допқа қатар иелік ету сияқты бірнеше амалдарды игерту.

Бағалау:

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Бұл сабақта қалыптастырушы бағалау әр оқушыға детальді кері байланыс беру арқылы жүргізіледі (карточкалар арқылы).

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

2.Оқушылар нені үйренді?

3.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

4. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

5. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?

Жалпы оқушыларды бағалау:

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу