Негізгі тактикалық тәсілдерді үйрету. Дене шынықтыру, 5 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары 9

1-бөлім: Өзгертілген командалық ойын

Мектеп: Орал қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Исмагулов А.А.

Сыныбы: 5 сынып

Қатысқан оқушы

саны :

Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

Негізгі тактикалық тәсілдерді үйрету

Меңгеру мақсаттары:

5.1.5.5 Аздаған ауқымдағы дене жаттығуларының тактикасын, стратегиясын және құрылымдық идеяларын білу және сипаттау

Оқу бағдарламасына сілтеме:

1.5 Бірқатар дене жаттығуларының тактикаларын, стратегиялары мен құрылымдық идеяларын қолдану және бағалау

 Сабақ мақсаттары:

1. Допқа иелік етуге, қозғалыс үйлесімділігін және белгілі бір бқлшықеттерге әсер ету.

2. Допты алып жүру, бұрылу, орын ауыстыру, жалғау дағдыларын жетілдіру.

 Жетістік критерийлері:

1. Тактика және стратегия термині туралы біледі;

2. Бір немесе бірнеше тактикалық әрекет жасай алады;

3. Ойын үрдісінде тактикалық амалдар қолданады.

 Тілдік мақсаттар:

Оқушылар төмендегідей сөздер мен сөз тіркестері туралы біледі:

  • шеткі ойыншы;
  • допты ұстап алу;
  • қарама-қарсы қатар;
  • доппен жүгіру (пробежка);
  • допты диагоналмен жалғау;

 Құндылықтарды дарыту:

Жалпы ұлттық құндылықтар мен мектеп құндылықтарын дарыту.

 Пән аралық байланыс:

Бұл сабақ биология пәнімен байланыстырылады.

 Акт қолдану:

Ғаламтор ресурстарын қолдану, мобильді тақта арқылы таныстырылым, видеоролик көрсету.

Бастапқы білім:

Оқушылар доптарды лақтыру мен оның орындалу техникасы туралы біледі.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

құрал жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

10 мин

Жаңа сабақтың тақырыбымен, мақсатымен, жетістік өлшемдерімен таныстыру;

Оқушылардың жүрек соғысын көтеру үшін, жалпы жарақаттардан сақтандыру үшін қыздырыну жаттығуларын жасайды:

-жүру, жүгіру жаттығулары;

-демді қалыпқа келтіру үшін жәй жүріспен жүріп созылу жаттығуларын жасау,

Бір орындағы құрал-саймансыз ЖДЖ кешенін жасау

Әр бір тапсырмаға үлкен, бос кеңістік.

Мұғалімге ысқырық.

Қауіпсіздік ереже журналы.

Сабақтың ортасы:

30 мин

Оқушыларға ҚЕ туралы естеріне салу.

(Б, Т, ф) «Орын ауыстыру арқылы допты қуу».

Сынып екі топқа бөлініп 10 м. арақашықтықта қарама-қарсы бір қатарға сап түзеп тұрады. Қатардағы оқушылардың ара қашықтығы 3-4 м. болу қажет және 1-ші 2-шіге саналады, бірдей сандағы оқушылардың арасында бөлек сандағы оқушылар тұруы керек. Екі топтағы 1 нөірлер бір команда құраса 2 нөмірлер екінші команданы құрайды. Екі қатардың да шеткі ойыншыларында доп олады және оларды шеңбермен белгілеп қоямыз. Мұғалімнің белгісі бойынша диагоналмен допты қарсы тұрған ойыншыға жалғау керек және соның орнына тұру үшін жүгіреді, ал, допты қағып алған ойыншы диагоналмен келесіге жалғайды ойын солай жалғасады. Доп ең шеттегі тұрған ойыншыға жеткен кезде ол допты алып жүру арқылы қарсы сапты айнала жүгіріп белгіленген орынға бірінші болып жету керек. Ойын аяғында ойыншылар өздерінің бастапқы орындарынан табылу керек. Бастапқы сапты қай топ бірінші жабдықтайды сол топ жеңіске жетеді.

ҚБ: автокөліктер. (оқушылар ойын барысында автокөліктердің, ұшақтардың, мотоциклдердің суреттері көрсетілген қағаз қиындыларын жинайды және ол қиындыларда ынталандыру сөйлемдер жазылған).

Сабақтың негізгі бөлімінен соң оқушылардың жинаған қиындыларын мұғалім алып сәйкесінше кері байланыс береді.

Жоғарыдағы тапсырмаларға бағалау дескрипторлары:

1. оқушылар допты тура жалғайды;

2. тез орын ауыстырады.

3. допты қабылдауды дұрыс жүзеге асырады.

Ойыннан соң мұғалім оқушылармен сұхбаттасып, түзету үшін пікірлер айтады.

Мұғалім допты шығыршыққа тастауды көрсетеді. Ол дағдыны бекіту үшін эстафеталық ойындар ұсынылады.

Эстафета алдында видеоролик қарау қажет «эстафета с баскетбольным мячом».

(Б, Т, Тәж, ф) «Допты жалғау және шығыршыққа тастау эстафетасы».

Ойында екі команда болады, ойыншылар баскетбол қалқанына қарсы тұрып бір лек түзейді. Ал, командадағы бір ойыншы қалқанға жақын жерге тобына қарсы қарап тұрады. Мұғалімнің белгісі бойынша лектегі бірінші тұрған ойыншылар қалқанға қарай бет алып допты алып жүреді, ортаңғы сызықтан асқан соң қалқанның қасында тұрған командаласына жалғайды ол өз кезегінде допты шығыршықта тастап кері алып қайтып лектің соңына орналасы, ал бірінші допты алып жүріп бастаған ойыншы қалқанның қасында қалады, солай ойын барлығы жасағанша жалғасады. Эстафетаны бірінші болып аяқтаған команда жеңіске жетеді.

ҚБ: автокөліктер. (оқушылар ойын барысында автокөліктердің, ұшақтардың, мотоциклдердің суреттері көрсетілген қағаз қиындыларын жинайды және ол қиындыларда ынталандыру сөйлемдер жазылған).

Сабақтың негізгі бөлімінен соң оқушылардың жинаған қиындыларын мұғалім алып сәйкесінше кері байланыс береді.

Жоғарыдағы тапсырмаларға бағалау дескрипторлары:

1. тез әрі тура допты жалғайды;

2. жауапкершілік және көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді;

3. допты алып жүруді дұрыс орындайды.

Әр бір іс-әрекет үшін үлкен бос кеңістік.

Баскетбол доптары.

Ынталандыру сөйлемдері жазылған автокөліктер суреттерінің карточкалары.

Мобильді (интерактивті) тақта.

https://www.youtube.com/watch?v=de5fCK-CuTE

Сабақтың соңы:

5 мин

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім.

- нені толық түсінбедім деген сұрақтарға жауап іздейтін болады.

Бүгінгі сабақта "Үш М" амалын қолдану арқылы рефлексия жүргіземіз. Оқушыларға мықты болған үш моментті атап айту ұсынылады және олардың тарапынан келесі сабақта оданда жақсы шығу үшін бір әрекет айту талап етіледі.

Мұғалім сұрақтары:

  • эстафеталық ойындар қандай бұлшықеттерге әсер етті?
  • командадағы тактикалық әрекеттер үшін эстафеталық ойындар қажет пе?

Үй тапсырмалары беріледі;

Мұғалім тарапынан кері байланыс жүргізіледі (сабақ барысында кеткен қателіктер мен артықшылықтар ауызша айтылады)

Келесі сабаққа дайындалу үшін киім ауыстыру бөлмесіне бару.

Жазу, сызу үшін кеңсе құралдары.

Саралау:

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

- Ерекше қолдауды қажет ететін оқушылар үшін: допты тартып алу сияқты бір амалды ғана игерту;

- Қабілеті жоғары оқушылар үшін: допты тартып алу, шығарып жіберу, екі допқа қатар иелік ету сияқты бірнеше амалдарды игерту.

Бағалау:

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

ҚБ: автокөліктер. (оқушылар ойын барысында автокөліктердің, ұшақтардың, мотоциклдердің суреттері көрсетілген қағаз қиындыларын жинайды және ол қиындыларда ынталандыру сөйлемдер жазылған).

Сабақтың негізгі бөлімінен соң оқушылардың жинаған қиындыларын мұғалім алып сәйкесінше кері байланыс береді.

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы:

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу арқылы;

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету міндетті;

Әр оқушының жүрісін, тұрысын жіті назарда ұстау

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба?

2.Оқушылар нені үйренді?

3.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

4. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

5. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?

Жалпы оқушыларды бағалау:

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктерін сараптау



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу